«NUR SUNQAR» байқауының жеңімпаздары анықталды

«NUR SUNQAR» республикалық конкурсы осымен 11-рет өткізіліп отыр.


«NUR SUNQAR» байқауының жеңімпаздары анықталды

Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook-тегі парақшасында жазды.Бауыржан Байбектің айтуынша, «Nur Otan» Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні – кәсіби мерекесінің қарсаңында дәстүрлі түрде «NUR SUNQAR» республикалық конкурсы осымен 11-рет өткізіліп отыр.
Бүгінде бұл сыйлық журналистер қауымы арасында беделді де танымал марапатқа айналды. «NUR SUNQAR» – медиа-қоғамдастық қызметкерлерінің елде жүріп жатқан реформаларды қолдау, қоғамдық маңызы бар жобалардың табысты атқарылуы және халықтың кері байланысын қамтамасыз ету бойынша сіңірген еңбегі мен үлесін бағалаудың бір көрінісі.
Конкурстық комиссия биыл бірнеше жаңа номинация белгілеп отыр. «Алғы шеп» – Төтенше жағдайды жария ету бойынша қажырлы еңбегі үшін», «Біз біргеміз» – волонтерлік жұмыс туралы үздік жарияланым», «Партияның «қайта жандануы» бойынша үздік материал» номинациялары.
Жалпы 135 өтінім және 355 материал берілді.
«Құрметті достар! Пандемияға байланысты қалыптасып отырған қазіргі жағдай біздің салтанатты шараны өткізу жөніндегі жоспарымызды түбегейлі өзгертті. Биыл бізге партиялық сыйлықты салтанатты түрде тапсыру рәсімінен бас тартуға тура келіп отыр. Бұл – амалсыздан жасалып отырған қадам. Бұған барша қатысушылар түсіністік танытады деп сенемін.
Партиямыздың Лидері, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым журналистердің шығармашылығы еліміз бен халқымыздың игілігіне бағытталған ізгі істерге ұйытқы болуын қалады. Сондықтан да конкурстық комиссия ел дамуының өзекті мәселелерін жарыққа шығаруға елеулі үлес қосқан үздік сөз зергерлерін іріктеп алды. Жеңімпаздардың есімдері бейнероликте берілген.
Партияның атынан және жеке өз атымнан «NUR SUNQAR – 2020» сыйлығының жеңімпаздарын лайықты марапаттарымен құттықтаймын! Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – Журналистер күні құтты болсын!
Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке және шығармашылық мол табыс тілеймін!», – деп жазды ол.
«Телевизия үздігі» номинациясы бойынша – үздік телевизиялық журналист атауына «Қазақстан» ұлттық арнасының журналисі Саламат Омаш лайық деп танылды.
«Ұшқыр қалам» номинациясында  үздік  журналист «Егемен Қазақстан» газетінің журналисі Айгүл Халықова,
«Үнжария» номинациясында радионың үздік журналисі NS радиосының журналисі Ләззат Абдіреева,
«QazNet үздігі» – интернет басылымның үздік журналисі zakon.kz порталынан Альберт Ахметов,
«Партияның «қайта жандануы» бойынша үздік материал иесі – «Қазақстан-Атырау» телеарнасының журналисі Нұрислам Ғұмар,
«Елбасы салған сара жол» – Елбасы қызметін үздік жарыққа шығарғаны үшін «Алтынорда» порталынан Серік Малеев жеңімпаз атанды.
«Блогосфера үздігі» – әлеуметтік желідегі үздік жарияланым номинациясы бойынша Айдос Жұқанұлы үздік шықса,
«Алғы шеп» – Төтенше жағдайды жария ету бойынша қажырлы еңбегі үшін Ирина Әлімжанованың жазбасы жоғары бағаланды,
«Біз біргеміз» – волонтерлік жұмыс туралы үздік жарияланым номинациясында «Хабар» арнасынан Әсел Тұрсынғазина жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздар «NUR SUNQAR» арнайы мүсіншесімен және 1 миллион теңгемен марапатталды.

Құрметті журналистер! «Nur Otan» Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні – кәсіби мерекесінің қарсаңында дәстүрлі түрде «NUR SUNQAR» республикалық конкурсын осымен 11-ші рет өткізіп отыр. Бүгінде бұл сыйлық журналистер қауымы арасында беделді де танымал марапатқа айналды. «NUR SUNQAR» – медиа-қоғамдастық қызметкерлерінің елде жүріп жатқан реформаларды қолдау, қоғамдық маңызы бар жобалардың табысты атқарылуы және халықтың кері байланысын қамтамасыз ету бойынша сіңірген еңбегі мен үлесін бағалаудың бір көрінісі. Конкурстық комиссия биыл бірнеше жаңа номинация белгілеп отыр. «Алғы шеп» – Төтенше жағдайды жария ету бойынша қажырлы еңбегі үшін», «Біз біргеміз» – волонтерлік жұмыс туралы үздік жарияланым», «Партияның «қайта жандануы» бойынша үздік материал» номинациялары. Жалпы 135 өтінім және 355 материал берілді. Құрметті достар! Пандемияға байланысты қалыптасып отырған қазіргі жағдай біздің салтанатты шараны өткізу жөніндегі жоспарымызды түбегейлі өзгертті. Биыл бізге партиялық сыйлықты салтанатты түрде тапсыру рәсімінен бас тартуға тура келіп отыр. Бұл – амалсыздан жасалып отырған қадам. Бұған барша қатысушылар түсіністік танытады деп сенемін. Партиямыздың Лидері, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым журналистердің шығармашылығы еліміз бен халқымыздың игілігіне бағытталған ізгі істерге ұйытқы болуын қалады. Сондықтан да конкурстық комиссия ел дамуының өзекті мәселелерін жарыққа шығаруға елеулі үлес қосқан үздік сөз зергерлерін іріктеп алды. Жеңімпаздардың есімдері бейнероликте берілген. Партияның атынан және жеке өз атымнан «NUR SUNQAR - 2020» сыйлығының жеңімпаздарын лайықты марапаттарымен құттықтаймын! Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – Журналистер күні құтты болсын! Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке және шығармашылық мол табыс тілеймін!

Опубликовано Бауыржан Байбек Пятница, 26 июня 2020 г.

Похожие публикации

Лента новостей

11.07.20
Коронавирустың әлемдегі таралу қарқыны қандай?
11.07.20
Исследование: темпы распространения КВИ в разных странах
10.07.20
Қазақстан Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді
09.07.20
Общереспубликанская акция #BizBirgemiz будет продолжена — Байбек
09.07.20
Nur Otan Президенттің іс-шараларын қолдай отырып, #BizBirgemiz акциясын жалғастырады
08.07.20
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың телевизиялық үндеуі
08.07.20
Тоқаев: Жалған ақпарат таратқан адам жауапқа тартылады
08.07.20
Токаев объявил 13 июля днем траура по жертвам коронавируса
08.07.20
BIRGEMIZ: Алматы облысында 2 жедел жәрдем көлігінің кілтін табыстады
06.07.20
Тоқаев Елбасын туған күнімен құттықтады
06.07.20
Назарбаев записал видеообращение к казахстанцам
06.07.20
Волонтеров #BizBirgemiz наградили медалью «Халық алғысы»
06.07.20
#BizBirgemiz: Волонтерлар «Халық алғысын» алды
04.07.20
Более 80 тысяч казахстанских семей получили по 50 тысяч тенге от фонда «Birgemiz»
04.07.20
Тағы 80 000 отбасы Елбасы қорынан 50 000 теңгеден алды
26.06.20
Исимбаева: Елбасы қалыптастырған төзімділік барлық уәдені орындауға мүмкіндік берді
26.06.20
Исимбаева: Запас прочности, созданный Елбасы, позволил реализовать все обещания
26.06.20
Названы победители журналистского конкурса NUR SUNQAR
18.06.20
Праймериз – демократияландырудың жаңа кезеңі
18.06.20
Праймериз-2020: партия ішіндегі сайлау не үшін қажет?
Все новости

Архив публикаций

«    Июль 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
Поговорим о сериалах:

Наши партнеры

Наверх