«Анашым» – бала жанашыры


«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай қолға алынған «Нұр-Медиа» холдингінің «Қайырымды жандар» жобасын одан әрі қарай жалғастыра отырып, бұл жолы «Анашым» қайырымдылық қоры туралы әңгімелекпіз. 

«Анашым» - Алматы қаласы бойынша көзі нашар көретін балалар мен жастарды тікелей қолдаушы қоғамдық қор. Рас, қоғамда қайырымдылық ұйымдары жеткілікті. Тиісінше, әрбірінің өзіндік бағыты мен бағдары бар. Ал «Анашым» таңдап алған жол – ауыр да күрделі. Себебі, көз жанары жабырқатқан жастардың өміріне дем беріп, оларды қолдау үшін жанталасқа түсу кез келген адамның қолынан келмейді. Қордың басшысы Зерхан Юсупова осындай игілікті істі қолға алып, бірнеше жылдан бері сәтті жалғастырып келеді. Қордың қаншама жыл бойғы ақ ниеті мен адал күші бір арнаға тоғысқан: көзі нашар көретін және зағип балалардың денсаулығына жанашырлық танытып, олардың өмірге деген құлшынысын ояту. Оларға жәй көмек көрсетіп қоймай, балалар құқығын қорғаумен, өмірге бейімдеумен, дамытумен айналысады. Ол үшін түрлі жоғары деңгейдегі семинарлар, тренингтер мен акциялар және басқа да маңызды шаралар ұйымдастырып келеді. 

Қорды құруға кезіндегі Әмина Нұғманова басқарған Қазақстан әйелдері мұсылмандар лигасы себеп болыпты. Бастапқыда сол ұйымның филиалы ретінде жұмыс істеген. Кейін уақыт өте көзі нашар көретін балалардың аналары жинала келіп, «Анашым» қорының іргетасын қалаған. 2001 жылы 25 қыркүйекте қор ресми түрде тіркеледі. Жарғыда «қордың мақсаты – балалардың құқығын қорғау, олардың ем алуына, білім алуына, жұмысқа орналасуына көмектесу» деп көрсетілген. Зерхан Юнусқызының үш баласы бар. Үшеуі де көз ауруына шалдыққан. Сондықтан қоғамдағы мұндай балалардың жәй-күйін жақсы түсінемін дейді. 

– Балаларымның үшеуі де жоғары білімді. Қызым Зарина қазір балалар массажисті болып істейді. Ал үлкен ұлым Бақтиярдың арманы жеке студия ашу еді. Қ.Сәтбаев атындағы университетті бітірген екінші ұлым да ағасын қолдап, екеуі бірігіп студия ашты. Ол жерде үлкен ұлым әрі директор, әрі режиссер. Көзінің нашар көргеніне қарамай сценарий жазады, кинолар түсіреді. Екінші ұлым Данияр болса бастапқыда ағасының студиясында оператор болып істеген, бірақ кейін өмірін спортпен байланыстырды. Қазір Спорт және туризм академиясының жеңіл атлетика факультетінің екінші курсында оқып жатыр. Яғни, үшеуі де денсаулықтарына қарамастан қиындықтарды жеңіп шығып, мақсаттарына қол жеткізді, – дейді қор басшысы. 

Қазіргі таңда қордың ұйымдастыру, үйлестіру жұмыстарымен қызы Зарина Төлегенова айналысады. Балалардың операциясы, әртүрлі шараларды ұйымдастыру үшін қор тұрақты түрде демеушілер іздеп, олармен берік байланыс орнатуға тырысады. «Демеуші мүлде жоқ деп айтпаймын. Әсіресе, жас бизнесмен жігіттер көбірек көмек қолын созады. Дегенмен сондай қалталы азаматтармен келісімге келу, оларды сендіру оңайға соқпайды» дейді Зерхан Юнусқызы. 

Біраз уақыт бұрын америкалық Irex ұйымының қолдауымен жылына 10-15 бала компьютерлік сауаттылық бойынша оқытылған. Қор басшысының айтуынша, қазір солардың арасынан шыққан бірнеше бала IT-технология нарығында сәтті жұмыс істеп жүр. Қор сондай-ақ «Мир, радости и света» фестивалінде оқ бойы озық көрінген талантты балаларға қолдау көрсетіп, олардың музыкалық оқу орындарына түсуіне көмектескен. Ал финляндиялық «Обелиск» қорының бастамасымен студия толықтай дерлік қажетті құрылғылармен жабдықталып, «Мүгедектердің құқығын қорғау туралы заң» атты қазақ және орыс тілдеріндегі электронды дискілерді шығарады. Ол дискілер түгелдей дерлік республика көлемінде таратылған. Бұл ретте барлық мүгедек жандар өздерінің құқықтарын білуі тиіс деген мақсатты басты ұстаным еткен. Қор «шекарасыз спорт» ұранымен веломарафонды да қолға алған. Үш жыл уақыт ішінде көзі көрмей қалған жастар велосипедке отырып Алматыдан Астанаға (2016 жылы), Алматыдан Ыстықкөлге (2017 жылы) сапарлады. Ал 2018 жылы көзі нашар көретін балалар тобы (12 бала) велосипедпен Астанадан Парижге дейін барған. Екі астана арасын басып өтуге 36 күн жұмсалыпты. Он екі баламен бірге қастарында төрт көлік, аспаз, психолог секілді қажетті мамандық иелері де жүрген. Ал осы аса маңызды сапарды бағындыру үшін балалар 2017 жылы наурыз бен тамыз айы аралығында күн сайын 100 шақырым жүріп, дайындалыпты. Расында, ондай дайындықсыз осыншама шақырымдарды басып өту мүмкін емес еді. 

– 2016 жылы іріктеу жасаған кезімізде елу шақты бала жиналған. Олар үшін бәрі оңай көрінді. Бірақ біздің жаттығу мен іріктеу өте қатаң талаппен жүргізілді. Жаттығу таңғы бес жарымда басталды. Жаттығу жұмыстары ыстықта да, суықта да тоқтаған жоқ. Ақырында іріктеле келіп, ең төзімді, ең мықтылары ғана қалды. Олардың шыңдалуына біздің бапкерлер де үлкен еңбек сіңірді, – дейді Зерхан Юсупова. 

Соңғы екі жыл көлемінде сегіз балаға көмек көрсетіліпті. Оның біреуінің операциясы Мәскеуде жасалса, өзге бес бала Алматыдағы көз аурулары институтында емделген. Ал екі баланың көз протездерін алуына мүмкіндік жасалған. Бұл ретте олар көптеген көз аурулары клиникаларынан көмек сұрайды. Бірақ олардың барлығы бірдей құшақ жая қарсы алып, қор бастамасына тілектестік білдіре бермейді. Зерхан Юнусқызы осы орайда көптеген балалардың диагноздарын анықтап, жалпы көрсетілетін емнің 50 пайызына дейін жеңілдік жасап отырған «Құрбанов» клиникасындағы бас дәрігер Рифат Рашидұлын атап өтіп, алғысын білдірді. Қор басшысының айтуынша, елімізде көз ауруына ұшыраған балалар өте көп. Олардың барлығына бірдей ем-дом жасап, тығырықтан алып шығу қиынның қиыны. Дегенмен қор қолынан келгенше демеуші іздеп, зағип жандардың өмірге өз көздерімен қарауына септесіп келеді. 

Абай Аймағамбет

Похожие публикации

Лента новостей

14.06.19
«Nur Otan» объявил о приеме заявок на конкурс «Nur Suńqar»
14.06.19
Доменіңіз қай тілде?
14.06.19
Демократические силы Казахстана выступили в поддержку итогов президентских выборов
14.06.19
Национальная премия «Үркер» в области журналистики ведет прием заявок на участие
13.06.19
Казахстанцы выступили в поддержку программы Президента Казахстана К.Токаева
12.06.19
Касым-Жомарт Токаев вступил в должность Президента Казахстана
12.06.19
Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу
11.06.19
Избранным Президентом Казахстана стал Токаев – ЦИК РК
10.06.19
Касым-Жомарт Токаев провел пресс-конференцию по итогам выборов Президента Казахстана
10.06.19
За Касым-Жомарта Токаева проголосовали 70,76% избирателей
09.06.19
В выборах Президента Казахстана приняли участие более 9,2 млн человек
31.05.19
Краткие итоги: как прошли дебаты кандидатов на главный пост страны
30.05.19
Шаймерденовке шынайы құрмет
29.05.19
Теледебаты: динамичная и открытая дискуссия.
29.05.19
Интервью с «казахстанским Илоном Маском»
27.05.19
Рейтинги телеканалов и радио за апрель 2019 года
24.05.19
Определена дата предвыборных теледебатов кандидатов в Президенты Казахстана
23.05.19
Нурсултан Назарбаев встретился с членами РОШ
22.05.19
Асанәлі ӘШІМОВ, Қазақстанның Еңбек Ері: Осы сұрақтың жауабын таба алмай жүрмін...
21.05.19
В Алматы состоится XV Международный PR-Форум
Все новости

Архив публикаций

«    Июнь 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Оцените работу движка

Наши партнеры

Наверх