Аружан Саин: Азаматтар бізге жіберген қаржысын тікелей қадағалай алады


Түрлі дертке шалдыққан балаларға көмек көрсетуді мақсат еткен қоғам белсенділері мен еліміздегі бірқатар қайырымды жандар тобы осыдан 12 жыл бұрын «Добровольное Общество «Милосердие» қорын құрады. Осы уақыт ішінде 2 млрд теңгеден астам қаржы жинап, 1600-ден астам баланы толық емдей алған. Қордың қоғамға тигізген еңбегіне түгелдей тоқталу мүмкін емес. Дегенмен «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай қолға алынған «Нұр-Медиа» Холдингінің «Қайырымды жандар» атты жобасының кезекті кейіпкері – қаншама ана мен баланың үмітіне айналып отырған «ДОМ» (Добровольное Общеcтво Милоcердие) қорының басшысы Аружан Саин болмақ. Сұхбат барысында қор жұмысы туралы толығырақ баяндаймыз.

– Аружан, қанша жылдан бері осы қайырымдылық саласында еңбек етіп келесіз. Биылғы жыл сіз үшін қаншалықты жемісті болды? 

– 12 жылдан бері осы саланың ыстығына күйіп, суығына тоңып келе жатырмын. Осыншама уақыт ішінде қаншама қиындықтар мен сынақтарды да бастан өткердік. Дегенмен істеп жатқан жұмысымыздың нәтижесі көрінуі үшін алдан шыққан кедергілерге қарамай еңбек еттік. Биыл алдыңғы жылдармен салыстырғанда қаражат жинау аз көрсеткішті көрсетті. Дегенмен осының өзі біздің балаларға көмек көрсету жолындағы көңілімізді, ниетімізді білдіреді. Осының өзі үлкен көмек. Адамдардың қаржылық жағдайы жақсарып, бизнеспен айналысып, экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізген кезде науқас балаларға көмектесіп, жағдай реттеледі деп ойлаймын. Қазір орнап тұрған экономикалық дағдарыстың тезірек аяқталғанын тілеймін. 

– Өзіңіз басқарып отырған қор жұмысын алға жылжыта түсу үшін қандай қадамдар жасалуда?

– Біз қоғамдық қор болғандықтан адамдардан келіп түскен қаражат есебінен жұмыс істейміз. Мәселен, қаржылық институттар есебінен өмір сүретін корпоративтік қорлар бар және бай адамдардың қолдауына сүйенетін жекелеген қорлар да бар. Ал біз қоғамдық құрылым болғандықтан есепшотымызға қанша қаржы келіп түседі, соған тәуелдіміз. Сондықтан да біздің жұмыстағы басты ұстанымымыз – ашықтық. Өйткені, адамдар өз қаражаттарының қандай мақсатта жұмсалып жатқанын анық білуі керек. Сол себепті, біз әу бастан үнемі қаражаттың жұмсалуы туралы есепті жариялап отырамыз. Ал келіп түскен ақша «Балаларға өмір сыйлаймыз» жобасының аясында диагнозы бойынша тек шетелде ғана емделетін балалардың емдеу ақысына жұмсалып отырады. www.detdom.kz сайтында жиналған ақша туралы және оны қайда жұмсағанымыз жайлы тұрақты есеп жариялаймыз. Әрине, ақша берген адамның аты-жөнін жариялай алмаймыз. Заң бұған рұқсат бермейді. Дегенмен барлық транзакциялар, ақша көлемі, қай банк арқылы аударылғаны көрсетіледі. Ақшаның қандай балаларға, қандай диагнозға, қандай операцияға жұмсалғаны да анық көрсетіледі. Сондай-ақ сайтта Pricewaterhouse Coopers аудиторлық компаниясы жүргізген есеп те бар. Аталған компания – әлемдегі аса ірі кәсіби құрылымдардың бірі. Олар өз көмектері ретінде бізге аудит жасайды. Бұл біз үшін өте керемет қолдау. Біздің қорға заңдық тұрғыдан бірегей көмектің жасалуы және оның жұрт алдында ашық көрсетілуі – біздің жұмысымыздың алға басуына ықпал етеді. Адамдар ақшасының қайда жұмсалып жатқанын, кімдерді емдеп жатқанын біліп отыра алады. Осылайша, қор жұмысына деген сенім де арта түседі. Белгілі бір адам немесе компания қандай да бір нақты жобаға көмектесе алады. Ол мәселен «Аутизмді жеңеміз» акциясы болуы мүмкін. Бұл жобаның ішінде үлкен өмір бар. Бізде балалар Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналады, тіпті шет мемлекеттерден де келетіндер бар. Ол жерде балаларды жетілдіру үшін жоба бірнеше бағытта жұмыс істейді. Онда балалар көптеген шығармашылық бағыттарда да шеберлігін шыңдай алады. Бірі вокалға қатысады, бірі театрға барады, енді бірі хореографиямен айналысады. Балғындарды өнерге талпындыратын театр студиясы да бар. Спортқа көңіл бөлуіне де жағдай жасағанбыз. Бізде «Аңсау» деген футбол командасы да бар. Оның жұмысын ілгерілету үшін «Қайрат» футбол клубы және оның академиясымен меморандумға қол қойдық. Балалар Алматыдағы ірі сауда орталығында коньки тебуге де мүмкіндік алған. Осындай сан түрлі қолдаудың арқасында балалардың графигі өте тығыз. Сондай-ақ, бір компания «Балаларға өмір сыйлаймыз» жобасына ірі көлемде қаражат салу туралы шешім қабылдауы мүмкін. Ал біреу белгілі бір баланы атап, соның операциясы үшін деп арнайы ақша салады.

Бізде тым кішкентай балалардың да тобы бар. Олар бір-бір жарым жас шамасында. Бұл ретте баласын ерте жастан байқап, бізге алып келген ата-аналарға алғыс айтамын. Себебі, баланы барынша кішкентай кезінен емдесе, сауығып кету мүмкіндігі де көбірек болады. 

Сонымен бірге, біз мемлекеттік және мемлекеттік емес балалар үйіне де көмектесіп тұрамыз. Оларға қажетті медициналық құрал-жабдық алып беру, дәрігерлерді шетелде оқыту мәселесіне де баса көңіл бөлеміз. 

– Қор құрылған кезде жұмыстың алға басуына байланысты алаңдау болды ма? 

– Алғаш орталық жұмысын жүргізе бастаған кезде шұғыл медициналық көмекті қажет ететін балалар санының өте көп екені белгілі болды. Сол уақытта ең жиі қойылған диагноз – жүрек ақауы еді. Бұл ауруға шалдыққан балақайларды Ресей, Түркия, Украина елдеріне жібердік. Дегенмен қазір елдегі ахуал біршама өзгерді. Юрий Пя басшылық етіп отырған Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығы ашылды. Мұнда балалар бөлімін Дмитрий Горбунов басқарады. Алматыдағы перинаталдық орталықта жаңа туған сәбилерге Қайрат Қуатбеков операция жасайды. Өңірлерде балалар кардиохирургиясы қуат ала бастады. Басқа ауруларға қатысты осындай оң өзгерістер пайда болып, істің алға басқанын қалаймыз. Біздің елде барлық аурудың емі табылып, өз мамандарымыз тән дауасын таба алса игі. Алайда Қазақстанда күрделі аурулар тұрмақ, церебралды сал ауруына шалдыққан балаларды сауықтыру ісі жолға қойылмай келеді. Бұл қиын іс емес, бірақ осы саланың дамуы үшін көп тер төгу керек. Төлеп жатқан салықтарымыз медициналық мүмкіндіктерді арттыра түсуге жұмсалса жақсы болар еді. Ертеңгі күні мықты медицина біздің экономикамызды алға сүйреуі де мүмкін ғой. 

– «Жетімдерсіз Қазақстан» жобасы туралы айта отырсаңыз. Бұл жоба өз мақсатына жете алып жатыр ма?

– 2010 жылдан бері аздап нәтиже көріне бастады. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мәліметтері топтасқан ашық банк пайда болды. Мұндай тәсіл алыс-жақын шет елдерде әлдеқашан жолға қойылған. Бұл алдағы ауыр жұмыстарды кәдімгідей жеңілдетеді. Біртіндеп істі жүргізуге кедергі келтірген барьерлерді де жойдық. Біздің қор құрылған кезде жүйеде 19 800 бала болған. Қазір олардың саны 5000. Балалар үйі үкіметтен қаржыландырылады. Ол жерде қаншалықты бала көп болса, қаржыландыру да соншалықты молырақ болмақ. Ал балалар үйі жабылып қалса, қызметкерлер де жұмыссыз, жалақысыз қалады. Балалар үйі өкілдері баланың отбасыларға беріліп, тәрбиеленуіне қарсылық танытып келе жатыр. Ал біз дамыған елдер әлдеқашан өтіп кеткен жолға түсуді ұсынамыз. Балалар үйлерінің орнын кәсіби фостерлік отбасылар басуы керек. Ата-ана қамқорлығынан ажырап қалған балалар қатаң тәртіпке негізделген, сұрқай тартқан мекемеге емес, педагогика, медицина, психология салалары оқытылып, жарқын тәрбие берілетін кәсіби отбасына келіп түсуі керек. Ол жерде адамдар баланың стрестік жағдайдан құтылуына көмектеседі. Онда бала ұзақ уақытқа қалмайды. Биологиялық отбасы қиындықтан шыққанша немесе оны асырап алатын отбасы табылғанша сол жерде бола тұрады. Осы әдісті тезірек қабылдау қажет. Өркениетті елдер осылай істейді. Былтыр жыл аяғында өткен Азаматтық форумда Елбасының өзі балалар үйі болмау керек деген идея айтты. Сондықтан біздің бастама қолдау табады деп үміттенеміз. 

– Қазір қор үш жобамен айналысады ғой («Жетімдерсіз Қазақстан», «Балаларға өмір сыйла», Аутизмді жеңеміз!»). Қаржыландыру мәселесі қалай болуда?

– Біздің қор – қоғамдық ұйым. Жобаларымыз азаматтардың қаржылай қолдауының арқасында жүзеге асуда. Біз әділеттіліктің болуын талап етеміз. Қағидамыз өте қарапайым: егер бала аутизммен ауырса, демек оны емдеп, қатарға қосатын әдіс-тәсіл қарастырылуы керек. Егер бала ата-анасыз қалса, онда оны өмірге бейімдеп, тәрбиелеу керек. Біздің мақсатымыз барша қазақстандықтардың мақсатымен ұштасады. Сол себепті де жыл сайын көмек көлемі артып келе жатыр. Орталық жұмысының алға басуына көптеген жеке адамдар да үлес қосуда. Бұл ретте мен Мәулен Сағатханұлына үлкен алғысымды білдіремін. Ол ұзақ жылдан бері қордың еріктісі де болды. Қаншама қиын сәттерде біздің балаларға көмек қолын созды. Сондай-ақ жыл сайын басқа да кеңес мүшелерімен бірге біздің қаржылық есебімізді қабылдайды. Қор тарихындағы ең жарқын сәт – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 300 мың доллар ақша аударуы болды. Бұл бізге көрсетілген үлкен сенім деп білемін. 

– Аружан, өзіңізді сынаған жандарға деген көзқарасыңыз қандай?

– Сын әркез болады. Егер бір адам белсенді әрекет етіп, қоғамдық мәселелерге араласып жатса, онда оған айтылатын сын да көп болады. Көптің бәріне бірдей ұнау мүмкін емес. Мен тек медицинамыздың жоғары деңгейде болғанын қалаймын. Жетімдер мен қылмыстық оқиғалар болмаса екен деймін. Балалардың өз армандарына қол жеткізіп, мемлекеттің маңызды адамына айналғаны – үлкен бақыт. Мен істеп жатқан шаруаларды адамдар әртүрлі бағалауы мүмкін. Бірақ бұл маған әсер етпейді. Мен материалдық құндылықты руханияттан ешқашан жоғары қойған емеспін. Адам жақсы тамақтанып, сапалы киім киіп, саяхаттап, өзі мен балаларын дамытуы керек. Бақытты болу үшін қолыңда соңғы үлгідегі смартфон болуы қажет емес. Ешқандай пайда әкелмейтін сынға назар аударудың қажеті жоқ. Қазақ «ит үреді, керуен көшеді» дейді ғой. 

– Балалардың денсаулығын сақтаумен қатар олардың құқығын қорғай білу де маңызды мәселе ғой. Бұл бағыт біздің елде қаншалықты дамып жатыр?

– Балалар өз отбасында қиын жағдайларға жиі тап болады. Баласын аямай ұрып-соғатын ата-аналар бар. Кейін олар моральдық кемсітушілікке ұшырайды. Әрине, елдегі ондай жағдайды бақылауда ұстау өте қиын. Көршісінің баласы үнемі жылайтынын, оны не әкесі, не шешесі үнемі ұратынын айтып шағымданып маған әлеуметтік желіде хат жолдайтын адамдар өте көп. Бұл ретте ондай адамдар құқық қорғау органы қызметкерін шақырып, көршісіндегі жағдайды реттеуге өз үлесін қосқаны дұрыс. Үнемі айғай-шу еститінін айтып арыз жазсын. Содан кейін аталған отбасымен профилактикалық кеңес жүргізіледі. Содан соң өзінің тұрғылықты ауданына қарасты қамқоршылық ұйымдарын да мұндай мәселеден хабардар еткен жөн болады. Мәселеге әлгі бала оқитын мектептің басшылығы да араласуы қажет. Баланың тағдырына олар тікелей жауапты. Егер бала мектепке үнемі көңілсіз, бет-аузы көгеріп келе беретін болса, онда мектеп психологы, директор және қамқоршылық органы тікелей араласып, жағдайды реттеуі керек. Содан кейін баланың отбасындағы жағдай анықталады. Егер баланың әкесі немесе шешесі араққа салынған, балаға лайықты тәрбие бере алатындай жағдайда болмаса, онда бала басқа жақын туыстарының қолына беріледі. Осы жағдайлардан кейін барып қателікке жол берген ата-ана өзін түзейді. Бізде көпшілік адам өзге біреудің баласы үшін уақытын жоғалтқысы келмейді. Ол үшін полиция шақырып, іске араласуға құлықсыздық танытады. Егер бұлай кете берсек, онда қоғамдағы жағдай түзелмейді. 

Балалардың дені сау, болашағы жарқын болу үшін ерінбей еңбек ете алсақ, теңізге құйылған тамшыдай үлесімізді қоссақ – осының өзі зор жетістік. Тек сол қадамға шынайы адал ниетпен келу маңызды. Себебі, баланың жан-дүниесі – өте таза әлем. Оны пасықтықпен, табыс табумен, жетістікке жетудің жолымен шатастыруға болмайды. 

– Рахмет! 

Сұхбаттасқан Абай Аймағамбет

Похожие публикации

Лента новостей

01.03.21
Nur Otan жанындағы қоғамдық кеңестердің саны 14-ке артады
01.03.21
Поздравление Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы Нурсултана Назарбаева с Днем благодарности
26.02.21
Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалап көмек көрсетті
26.02.21
Казахстан в ООН: Мир – Безъядерная зона
25.02.21
Қазақ спорты: отыз жылдың олжасы қандай?
25.02.21
30 лет Независимости: новый взгляд на историю
25.02.21
Председатель партии «Nur Otan» принял Бауыржана Байбек
24.02.21
Адамзатты «ақырзаман қаруынан» құтқарған ел
24.02.21
Министры проводят онлайн-прием граждан в партии Nur Otan
24.02.21
Nur Otan қазақстандықтар үшін министрлермен онлайн-кездесулер ұйымдастырды
22.02.21
В Nur Otan разработали детальный план развития южных регионов
18.02.21
Nur Otan еліміздің солтүстік өңірін дамытудың Жол карталарын бекітті
17.02.21
Коррупционеры грабят тех, кто не может защититься, детей и больных - РОСПК «Nur Otan»
17.02.21
Жемқорлар қорғансыз жандарды, балалар мен науқастарды тонайды – «Nur Otan»
12.02.21
Фракция «Nur Otan» в Мажилисе приступила к работе в рамках «Дорожной карты» по реализации Предвыборной программы партии
12.02.21
Мәжілістегі «Nur Otan» фракциясы сайлауалды міндеттемелерді іске асыру бойынша «Жол картасын» талқылады
03.02.21
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
03.02.21
Заседание Совета Безопасности Республики Казахстан под председательством Первого Президента РК – Елбасы Нурсултана Назарбаева
01.02.21
Депутаты Мажилиса от фракции «Nur Otan» и министры примут казахстанцев
01.02.21
Министрлер мен депутаттар арыз-шағымы бар азаматтарды қабылдайтын болды
Все новости

Архив публикаций

«    Март 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
Поговорим о сериалах:

Наши партнеры

Наверх