Ләззат Танысбай «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ Басқарма басшысы болып тағайындалды


Бүгін Ләззат Танысбай «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ Басқарма басшысы болып тағайындалды. 

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында бөлісті.

«Бүгін «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ ұжымына жаңа басшы – Ләззат Танысбайды таныстырдым. Ләззат Мұратқызы белгілі журналист, телевизия саласының білікті маманы әрі табысты топ-менеджер екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер.

Л. Танысбай қазіргі уақытқа дейін қолға алынған іргелі шараларды одан әрі жалғастырып, корпорацияны жаңа деңгейге көтереді деп сенемін.

Ал, бұған дейін төрағалық қызметті абыройлы атқарған Ерлан Тынымбайұлы Қаринге алғыс айтып, жаңа қызметінде табыс тілеймін!» – делінген жазбада.

Ләззат Мұратқызы – Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауылында дүниеге келген.

Алматы халықаралық журналистика интитутын бітірген. Халықаралық бизнес университінің МВА дәрежесін қорғаған.

Еңбек жолын 1993 жылы Қазақстан Республикалық Телерадиокорпорациясында редактор қызметінен бастады, одан кейін репортер және тележүргізуші қызметін атқарды. «Хабар» агенттігінің іргетасы қаланған күннен бастап (1996 ж-2002 жылға дейін) жаңалықтар қызметінің редакторы – жүргізушісі, атқарушы продюсері болып еңбек етті.

2002 жылы мемлекеттік қызметке ауысты. Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Баспасөз қызметінде бас сарапшы, сектор меңгерушісі, бас инспектор қызметтерін атқарды. 2005 жылдың қыркүйек айынан бастап 2008 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі, Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары болды.

2008 жылдың қазанынан бастап 2011 жылдың қарашасына дейін – «QAZAQSTAN» Республикалық Телерадиокорпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2011 жылдың 4-қарашасынан бастап – ҚР Ақпарат және байланыс вице-министрі.

2012 жылдың ақпанында «Астана теледидары» ЖШС-ның Бас директоры болып тағайындалды.

2018 жылдан бастап «NUR Media» холдингін басқарды.

Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері (2010), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

«Айқын» ақпарат

Похожие публикации

Лента новостей

18.04.19
Мәулен Әшімбаев «Астанa» телеарнасының ұжымына жаңа бас директорды таныстырды
18.04.19
Клуб главных редакторов подписал хартию об этике при освещении президентских выборов
17.04.19
Интернетте жеделдік, газетте тереңдік маңызды
17.04.19
«Қазақмультфильм» студиясын ашайық десем, бәрі бөлінуге құмар
17.04.19
Куда приведут ваши цифровые следы?
17.04.19
Мирзиеев отметил победу казахстанской жырау
17.04.19
Подготовка к выборам: СМИ должны опубликовать прайс-листы
16.04.19
Победители конкурса «Евросоюз – Казахстан: укрепляя медиа партнерство» посетят Брюссель и Бишкек
16.04.19
Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясы қажеттіліктерді бағалау жөніндегі өкілдерімен кездесті
16.04.19
Председатель ЦИК РК встретился с представителями Миссии БДИПЧ/ОБСЕ
16.04.19
«NURMedia» холдингіне жаңа бас директор тағайындалды
16.04.19
Коллективу Холдинга «NUR Media» представили нового руководителя
16.04.19
Продолжается прием заявок на участие в независимом литературном конкурсе «Алтын калам 2019»
16.04.19
«Балуан Шолақ», берері мол-ақ!
16.04.19
Большому кораблю – большое плавание
15.04.19
Ауылдың көркейгенін көрсек дейміз
15.04.19
«Ауыл – ел бесігі»: драйвер экономики
15.04.19
«ҚҰТТЫ МЕКЕН» жауапкершілікті көтереді
15.04.19
«Құтты мекен»: общественный контроль Партии
12.04.19
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» бақытыңызды еселейді
Все новости

Архив публикаций

«    Апрель 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
Оцените работу движка

Наши партнеры

Наверх