Ешкімнің қолы бос қайтпайды

Nur Otan партиясының XVIII съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев партияға Президент Әкімшілігімен бірлесіп, мемлекеттік бағдарламалар мен реформаларды жүзеге асырудың тиімділігін бағалау орталықтарын құруды тапсырған болатын. Партия төрағасы «Президент аппаратында арнайы мониторинг комитетін құрдық. Қазір «Халыққа көмек» жобасын бастап жатырмыз, мемлекеттік органдардың назарын қоғамның өзекті мәселелеріне аударып, тиісті шаралар қабылдайтын боламыз. Мұны партия мүшелері жасауы керек» деген еді. Бүгінде Елбасының тапсырмасына сәйкес, партияның орталықтағы және өңірлердегі қоғамдық қабылдау бөлмелері жаңа форматтағы жұмысқа білек сыбана кірісті. Нәтижесі де аз уақыт ішінде көңіл көншітіп отыр – деп хабарлайды «Айқын» газетінің редакциясы. 

Қазақстан бойынша бүгінде 234 бірыңғай әлеуметтік терезе ашылған. Бір айдан астам уақыт ішінде 7 мыңнан астам өтініш келіп түсіп, оның 40 пайызы оң шешімін тапқан. Атап айтқанда, 3996 ауызша, 1223 жазбаша, 450 онлайн, 925 call-орталық арқылы өтініш келген. Сонымен бірге, Whats App арқылы – 700, электронды үкімет арқылы – 73, Facebook желісінен – 11, электронды пошта арқылы 28 өтініш түскен.

Әр аймақтағы ахуалдарға тоқтала кетсек, Ақмола облыстық филиалында ашылған әлеуметтік терезеге көпбалалы отбасылардан 431 өтініш келіп түскен екен. Соның 43 пайызы сол мезетте-ақ қаралып, шешімін тапқан. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев жобаның қалай жүзеге асып жатқанын үнемі бақылап отырады. Ақмола облысына да арнайы ат басын бұрды. Осылайша, облыс әкімі Ермек Маржықпаевпен бірге оң шешімі шыққан қуанышты жағдайға куә болды. Қайда қарасақ та, «балам өзгеден кем болмасын» деп құрақ ұшып жүрген ата-ана. Сондай жандардың бірі – Үмітжан Қобылова. Көпбалалы ана қызының оқу ақысын төлеуге қиналып жүрген. Жоба аясында келіп түскен өтініш қаралып, дереу қажет сома бөлінген. «Соңғы уақытта Nur Otan пар-тиясының халыққа бұрынғыдан да жақындап, белсенді жұмыс істеп жатқанын естіп, көріп жүрміз. Сондықтан өз мәселемді айтып, партияға келдім. Қуанышыма орай, бәрі тез шешіліп, қызымның оқуына қажетті қаржылай қолдау көрсетілді.

Бұл – Елбасы Төраға болып отырған партияның халықпен етене жұмыс істеп, нақты көмек көрсетіп келе жатқанының жарқын көрінісі», – дейді ол. Сонымен бірге, отбасының пәтер жалдап тұратынын ескеріп, баспанамен қамтуды да қарастыратын болды.

Бұл – Елбасы Төраға болып отырған партияның халықпен етене жұмыс істеп, нақты көмек көрсетіп келе жатқанының жарқын көрінісі», – дейді ол. Сонымен бірге, отбасының пәтер жалдап тұратынын ескеріп, баспанамен қамтуды да қарастыратын болды.

Одан бөлек, партия Төрағасының Бірінші орынбасары жобаның басты мақсаты мемлекет тарапынан көрсетілетін барлық әлеуметтік көмекті Бірыңғай әлеуметтік терезе арқылы бір жерден әрі жедел түрде халыққа жеткізу екеніне назар аударды. Ал Павлодар облысындағы филиалдың әлеуметтік терезесіне 500-ден астам өтініш келіп түскен. Алдыңғы кезекте көмекке мұқтаж отбасылар мен тосын табиғи апаттардан жапа шеккен азаматтарға шұғыл түрде көмек көрсетілді. Жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен көмекке мұқтаж 20 отбасы ыстық тамақ пен қаржылай қолдауға ие болған.

Атырау облысында партияның «бірыңғай әлеуметтік терезе» жүйесіне жүгінген көпбалалы, жалғызбасты аналарға көмек ұйымдастыру жөніндегі ұсынысын «Ембімұнайгаз» АҚ ұжымы қуана қолдаған. Нәтижесінде оннан астам отбасына ауқымды азық-түлік себетін, балалар киімін және қажетіне орай, бір отбасына тоңазытқыш сыйға тартқан. Олардың арасында 4-9 баланы жалғыз тәрбиелеп отырған жұмыссыз аналар, бір отбасында 3 мүгедек баланы бағып-күтіп отырған жандар да бар. Жалпы, «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында мәслихат депутаттары, бизнес қауымдастық және азаматтық қоғам өкілдері арқылы жүзге жуық отбасына көмек көрсетілді. Бұл отбасыларда 400-ден астам кәмелет жасына жетпеген балалар тәрбиеленіп отыр. Nur Otan партиясы облыстық филиалы қоғамдық қабылдауына көмекке мұқтаж жандарды жеке өтініштерімен қабылдаған облыстық мәслихат депутаты Людмила Лидің қабылдауына Айгүл Әліпқалиева есімді жалғызбасты ана келген. «Төрт балам бар. Барлығы да сабақты жақсы оқиды, мектептің қоғамдық өміріне белсене араласады. Үлкен ұлым былтыр «Алтын белгі» иесі атанды. Өзім медбике боп істеймін. Алатын жалақым жеткіліксіз. Қабылдаудан соң депутат Людмила Ли 7-сыныпта оқитын ұлыма қосымша ағылшын тілін үйрету курсын алуға қол ұшын беретінін айтты. Партия жобасының арқасында мұқтажымызды айтып, көмек сұрайтын мүмкіндік туды», – дейді ол.

Қостанай облысының аудандары мен ауылдарында облыстық филиал қабылдауына келетіндер көп. Өтініштерді депутаттар қарастырып, дереу шешуге тырысады. Мәселен, Лермонтово ауылының тұрғыны Фанавиля Якупова малға жем алуға көмектесуін сұраған. «Бұрыннан бері ауылда тұрамыз. Екі баламыз бар. Мектепте оқитын болған соң, шығын көп. Мал ұстап, етін өткіземіз. Ақша жетпейді. Жұмыстан шығып қалғаныма жарты жылдай уақыт болды. Өйткені балаға қарайтын адам жоқ. Таңертең ерте кетіп, кеш келетінмін. Ауылда басқа жұмыстың реті табылмады. Әсіресе, қыста жағдайымыз қиындайды. Күзде алынған жем тез таусылып қалады. Осыған орай «бірыңғай әлеуметтік терезеге» өтініш қалдырған едік, аудандық мәслихат депутаты Серік Қапсұлтанов көмектесетінін айтты. Партияға осы жоба үшін зор алғысымызды білдіргіміз келеді», – дейді Якупова. Оның айтуынша, отбасын асырайтын күйеуі ғана. Жалақысы төмен. Азық-түлік алуға әзер жетеді екен. Сол себепті жем-шөп алуға қаражат бөлуді сұраған. Өтініші аяқсыз қалмай, сол сәтте шешімін тапты.

Сонымен бірге «Наурыз Challenge» акциясы аясында «Қамқорлық–Забота» қорының жетекшісі, облыс мәслихаты Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Дмитрий Довматенко Ақтөбе қаласының тұрғыны бірінші топтағы мүгедек Сымбат Нағметованың пәтеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмектесті. Нұр-Cұлтан қалалық мәслихаты Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Қайырлы Таукен төрт баланың анасы Зарина Байтеноваға азық-түлік жиынтығы, ойыншықтар және аяқкиім түрінде материалдық көмек көрсетті. Партияның Алматы облыстық филиалы Талдықорған қаласының тұрғыны, жалғызбасты ана Индира Тұрсынбековаға тұрғын үй және баласын мектепте тегін тамақтандырумен көмектесті. Шымкент қалалық филиалы жүкті әйел, мүмкіндігі шектеулі жан Жадыра Ариповаға уақытша баспанамен көмектесті. Наурыз мерекесі қарсаңында Nur Otan партиясының Алматы облыстық филиалы «Алацем» зауытының бас директоры Станислав Щербаковпен бірлесіп Қызылжар ауылының тұрғыны, әлеуметтік аз қамтылған отбасы, үш баланың анасы Жұмағыз Медетоваға пәтер кілтін табыс етті. Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі, Қалалық мәслихат депутаты У.Әбдіуәлиев алты баланың анасы З.Ақжолованың төрт жасар қызын балабақшаға орналастырды. Nur Otan партиясының Қызылорда облыстық филиалы баласын емдетуге Нұр-Сұлтанға бара жатқан көпбалалы ана Әлия Бекбауоваға жол жүру ақысын төлеп берді. Сондай-ақ облыстық мәслихат депутаты А.Есенгелдинов аз қамтылған отбасы Ю.Виноградованың 1 тонна көмір және 1 текше отын сатып алу мәселесін шешуге көмектесті. Алматы қалалық филиал бастамасымен белсенді партия мүшелерінің көмегімен жалпы сомасы 21,6 миллион теңгеге 400 дана киім, жалпы сомасы 22,8 миллион теңгеге 800 дана тамаққа сертификат сатып алынды. Барлығы – 44,4 миллион теңге.

Nur Otan партиясы халықтың мұң-мұқтажын тыңдауға қашанда әзір. Жоғарыда көрсеткен мысалдар – аз ғана бөлігі. Партия мұқтажын айтқандардың қолын бос қайтармауға тырысып жатыр. Оған осы уақытқа дейін жүзеге асырылған жобалар мен олардың оң нәтижелері дәлел бола алады. «Халыққа көмектің» шарапаты тиіп, мәселесі шешіліп жатқандар дән риза. Бәрінің тілегі – жобаның өміршең болуы. Көпшіліктің көкейдегісін есту үшін партия бұрыннан бетер жақындай түсуді мақсат етіп отыр. Әр аймақтан ашылған бірыңғай әлеуметтік терезелердің көмегімен қанша мұқтаж жанға қол ұшы созылды. Қанша жанның алғысы айтылды. Мұндай игі істер әлі де жалғасын табуы тиіс.

Похожие публикации

Лента новостей

14.06.19
«Nur Otan» объявил о приеме заявок на конкурс «Nur Suńqar»
14.06.19
Доменіңіз қай тілде?
14.06.19
Демократические силы Казахстана выступили в поддержку итогов президентских выборов
14.06.19
Национальная премия «Үркер» в области журналистики ведет прием заявок на участие
13.06.19
Казахстанцы выступили в поддержку программы Президента Казахстана К.Токаева
12.06.19
Касым-Жомарт Токаев вступил в должность Президента Казахстана
12.06.19
Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу
11.06.19
Избранным Президентом Казахстана стал Токаев – ЦИК РК
10.06.19
Касым-Жомарт Токаев провел пресс-конференцию по итогам выборов Президента Казахстана
10.06.19
За Касым-Жомарта Токаева проголосовали 70,76% избирателей
09.06.19
В выборах Президента Казахстана приняли участие более 9,2 млн человек
31.05.19
Краткие итоги: как прошли дебаты кандидатов на главный пост страны
30.05.19
Шаймерденовке шынайы құрмет
29.05.19
Теледебаты: динамичная и открытая дискуссия.
29.05.19
Интервью с «казахстанским Илоном Маском»
27.05.19
Рейтинги телеканалов и радио за апрель 2019 года
24.05.19
Определена дата предвыборных теледебатов кандидатов в Президенты Казахстана
23.05.19
Нурсултан Назарбаев встретился с членами РОШ
22.05.19
Асанәлі ӘШІМОВ, Қазақстанның Еңбек Ері: Осы сұрақтың жауабын таба алмай жүрмін...
21.05.19
В Алматы состоится XV Международный PR-Форум
Все новости

Архив публикаций

«    Июнь 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Оцените работу движка

Наши партнеры

Наверх