«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» бақытыңызды еселейді

Елбасы – партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының кезекті XVIII съезінде халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған төрт басымдықты анықтап берген болатын. Соның бірі – әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдауды көздеген «Бақытты отбасы» жобасы.  Бұл бастама тікелей көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жүйелі қолдау көрсетуге бағытталған. Жоба қазірдің өзінде жүзеге асып, көптеген отбасының бақытын еселеп үлгерді – деп хабарлайды «Айқын» газетінің редакциясы.

Nur Otan партиясы мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсетуге ғана бағытталмай, барша қазақстандықтың лайықты өмір сүруі үшін жағдай жасалатын тиімді және әділетті әлеуметтік саясаттың іске асырылуын көздейді. Қазақстандық отбасыларды қолдау бағытындағы кешенді шаралар отбасылардың лайықты әл-ауқат деңгейін жасауды көздейді. Бұл үшін біз: Үкіметпен және әкімдермен бірге аз қамтылған көпбалалы отбасыларға көмек көрсетудің әртүрлі тетіктері енгізілетін «Бақытты отбасы» партиялық жобасына бастамашылық жасап, іске асыратын боламыз. Ата-аналарды қаржылық қолдау деңгейін арттырамыз. Әрбір қазақстандық отбасы балалардың сәби кезінің жайлылығын материалдық тұрғыдан қамтамасыз ете алуы керек», – деген болатын Нұрсұлтан Әбішұлы партия съезінде сөйлеген сөзінде. Ол, сонымен бірге, ауылдағы көпбалалы отбасылар үшін арнайы гранттар мен шағын несиелер квотасын бөлуді, көпбалалы аналардың үйде отырып жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасауды тапсырды. Күнкөрісі төмен көпбалалы және толық емес отбасылар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар үшін тұрғын үй мәселесін шешудің нақты тетіктері енгізілетінін тілге тиек еткен болады. Ал күнкөрісі төмен отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй салынатынын, Тұрғын үй жинақ жүйесі арқылы жылдық 2-3 пайыз мөлшерлемеде тұрғын үй заемын беру тетігі әзірленетінін айтқаны есімізде. Мұның барлығы ақпан айының соңында айтылды.

Партия жанынан Отбасы және балалар құқын қорғау жөніндегі республикалық кеңес құрылған. Аталған кеңес Үкіметпен және әкімдермен «Бақытты отбасы» жобасын жүзеге асырудың арнайы жол картасын әзірлеген. Жол картасы аз қамтылған отбасыларды тікелей қолдаумен қатар, өмірлік мәселелерін өздері шеше алатындай жағдай туғызып, тұрмысының одан ары төмендеп кетуінің алдын алуды қарастырады. Бұл ретте биыл 832 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек беру, 68372 адамды оқуға жіберу, 14 мыңнан астамға шағын несие беру, сонымен бірге, аз қамтылған отбасылардың балалары үшін 4135 грант тағайындау қарастырылған.

Елбасының партия съезіндегі тапсырмасынан кейін іле іске кіріскендердің қатарында Алматы қаласының әкімдігі алғаш болып «Бақытты отбасы» қалалық бағдарламасын жасап, іске қосты. Бағдарламаға 7 бағыттан тұратын 13 нақты шара енгізілген. Мәселен, баспана кезегінде тұрған көпбалалы және толық емес 1276 отбасының алғашқы жарнасын төлеуге қала бюджетінен 1 млн теңгенің тұрғын үй сертификатын бөлу қарастырылды. Алғашқы жарна пәтер құнының 10 пайызын құрайды, мөлшерлеме 18 жылға 2 пайызбен беріледі. Бұл несие жаңа үйлердегі құны 15 млн теңгеден аспайтын шағын пәтерлерге беріледі. Биыл Алатау және Наурызбай аудандарында осындай 500-ден астам пәтерді іске қосу жоспарда бар.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында Алматыда тұрмысы төмен отбасылардың екінші баласынан бастап балабақша тегін екенін де тілге тиек еткен жөн. Тұрмысы төмен отбасылардың оқу үздіктеріне стипендия төленеді. Мәселен, университеттер мен колледж студенттеріне ай сайын 10 мың теңгеден, мектеп оқушыларына 5 мың теңгеден беріледі. Қала бюджетінде 2019 жылы 24 мың адамды қамтитын 11 тұрақты әлеуметтік төлемдер үшін 2 млрд теңге қарастырылған. Тұрмысы төмен отбасыларға коммуналдық қызмет төлемдері үшін жәрдемақы беріледі. Егер бұрындары мұндай көмекті 2 600-ден астам отбасы алса, енді «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында төлем көлемі 2 есе өсіп, онымен қамтылатын жандар қатары 30 пайызға артпақ.

Үйде мүгедек баланы оқытуға кететін шығын орнын толтыруға берілетін атаулы көмек көлемі ұлғаяды. Мәселен, өмірлік қиын жағдайға душар болғандарға бір реттік төлем беріледі. Олардың қатарына асыраушысынан айырылғандар, өрттен, су тасқынынан және басқа да төтенше жағдайлардан зардап шеккендер кіреді. Биыл төлем көлемі 2 есе, 25 мыңнан 50,5 мың теңгеге өсті. Тұрмысы төмен отбасыларға ыстық және суық су есептегіш қондырғыларын орнату үшін берілетін жәрдемақы 70 пайызға артады.

Қала кәсіпкерлері де қарап жатпай, «Бақытты отбасы – Алматы» қоғамдық қайырымдылық қорын құрды.

Нұр-Сұлтан қаласы да биыл қала бюджетінің 35 пайызын әлеуметтік салаға бағыттап отыр. Жергілікті бюджет есебінен көмекке мұқтаж азаматтарды қолдау мақсатында тұрғын үй көмегі төлемдерін 18 пайызға арттыру көзделген. Көпбалалы отбасылар қатты отынды сатып алу үшін әлеуметтік жәрдемақыға ие болады. Бұл ретте жәрдемақы мөлшері барлық санаттағы азаматтар үшін 8 АЕК-тен 16АЕК-ке дейін ұлғайды немесе 40 мың теңгені құрады. Бір жыл ішінде мұндай көмектің түріне 100 отбасы ие болады.

Аутизмге шалдыққан балаларға арнайы қызметтерді көрсету жөніндегі жоба шеңберінде бюджеттен 40 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда бұл қызмет 100 отбасыға көрсетіледі. Жұмыспен қамту бағдарламасы аясында биыл жұмыссыз жүрген азаматтарды қоғамдық жұмыс орындары арқылы еңбекпен қамту 500 адамнан 1000 адамға дейін артады. Қоғамдық жұмыс істейтіндердің жалақысы 48 мың теңгеден 84 мың теңгеге дейін ұлғайтылмақ. Бұдан бөлек, көпбалалы отбасылар санатына жататын мектеп оқушылары мен ЖОО студенттері қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру қызметін алушылар қатарына қосылды. Алдағы уақытта көмектің мұндай түрін алушылар 5154 адамнан 35 905 адамға дейін көбейтіледі. Мектептерде көпбалалы отбасы қатарындағы оқушылар ыстық тамақпен қосымша қамтамасыз етіледі. Олардың саны 31901 баланы құрайтын болады. Кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3 мөлшерінен аспайтын көпбалалы отбасы қатарындағы балаларға Астананың жоғарғы оқу орындарында тегін білім алуына мүмкіндік беретін жеке гранттар ұсынылмақ. Биыл елорда мектептерінің 50 түлегі осындай грант иегері атанады.

«Бақытты отбасы» жобасы аясында баспаналы болғандар қатары күн санап көбейіп келеді. Жуырда Ақтөбе облысы орталығындағы «Нұр-Ақтөбе» шағынауданында жаңа үйлер бой көтерді. Бұл үйлерде көпбалалы отбасы, жас отбасы, ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар мен мүмкіндігі шектеулі жандар қоныс тойын тойлады. Қоныс той иелерінің бірі мектеп мұғалімі Ринат Самалұлы бұл мемлекеттің жастарға көрсетіп отырған тұрақты қамқорлығының нәтижесі деп санайды. «Әйтеке би ауданындағы орта мектепте мұғаліммін. Тағдырдың жазуымен колледжде оқып жүргенімде анамнан айырылдым. Оқуымды бітіріп, жұмысқа орналасқаннан кейін жалақымның жартысын банктегі есепшотыма жүйелі түрде аударып отырдым. Бүгін армандаған пәтеріме қол жеткізіп, қуанышқа кенеліп тұрмын, – дейді ол.

Көпбалалы ана Анжелла Қазтуғанова да «Бақытты отбасы» жобасының жемісін көріп отыр. «Төрт баланы тәрбиелеп, өсіріп отырмын. Бұған дейін пәтер жалдап, көшіп-қонып жүретін едік. Сол бір қиын күндердің артта қалғанына қуаныштымын. Елімізде халықтың әлеуметтік жағдайын, тұрмысын түзеуге байланысты кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соның арқасында бұрын қолжетпес армандай болған баспанаға ие болдым. Үлкен қолдау, көмегі үшін Тұңғыш Президентімізге алғысым шексіз», – дейді ол ағынан жарылып.

Халима БҰҚАРҚЫЗЫ

Похожие публикации

Лента новостей

18.04.19
Мәулен Әшімбаев «Астанa» телеарнасының ұжымына жаңа бас директорды таныстырды
18.04.19
Клуб главных редакторов подписал хартию об этике при освещении президентских выборов
17.04.19
Интернетте жеделдік, газетте тереңдік маңызды
17.04.19
«Қазақмультфильм» студиясын ашайық десем, бәрі бөлінуге құмар
17.04.19
Куда приведут ваши цифровые следы?
17.04.19
Мирзиеев отметил победу казахстанской жырау
17.04.19
Подготовка к выборам: СМИ должны опубликовать прайс-листы
16.04.19
Победители конкурса «Евросоюз – Казахстан: укрепляя медиа партнерство» посетят Брюссель и Бишкек
16.04.19
Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясы қажеттіліктерді бағалау жөніндегі өкілдерімен кездесті
16.04.19
Председатель ЦИК РК встретился с представителями Миссии БДИПЧ/ОБСЕ
16.04.19
«NURMedia» холдингіне жаңа бас директор тағайындалды
16.04.19
Коллективу Холдинга «NUR Media» представили нового руководителя
16.04.19
Продолжается прием заявок на участие в независимом литературном конкурсе «Алтын калам 2019»
16.04.19
«Балуан Шолақ», берері мол-ақ!
16.04.19
Большому кораблю – большое плавание
15.04.19
Ауылдың көркейгенін көрсек дейміз
15.04.19
«Ауыл – ел бесігі»: драйвер экономики
15.04.19
«ҚҰТТЫ МЕКЕН» жауапкершілікті көтереді
15.04.19
«Құтты мекен»: общественный контроль Партии
12.04.19
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» бақытыңызды еселейді
Все новости

Архив публикаций

«    Апрель 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
Оцените работу движка

Наши партнеры

Наверх