«ҚҰТТЫ МЕКЕН» жауапкершілікті көтереді

Елбасы – Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның XVIII съезінде «Құтты мекен» жобасын іске асыруды тапсырған болатын. Бұл жоба 7,5 млн ауыл тұрғынының жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Ол үшін, ең алдымен, Үкімет әкімдермен және мәслихаттармен бірігіп, келешегі бар ауылдарды іріктеп, әлеуметтік нысандар мен интернаттар тұрғызу жұмыстарын жүргізуді жүктегенді, деп хабарлайды «Айқын» газетінің редакциясы.

Нұрсұлтан Әбішұлы «Құтты мекен» жобасы туралы айта келе, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің Ауыл шаруашылығы министрі болып тұрған жылдары жүргізілген тәжірибені еске салды.

«7 мыңнан астам ауылды үш топқа бөліп қарастырдық. Халық саны көп, орталықтағы ауылдарды ары қарай дамытып, жағдайы орташа ауылдарға көмектесу керек. Сосын кішігірім ауылдар бар. 10-20 үйі бар ауылдарға аурухана, мектеп салудың қажеті жоқ. Сондықтан аудан орталықтарының инфрақұрылымын жақсарту кезінде бірден интернаттар тұрғызу керек. Себебі, балалар сапалы білім, сапалы медицинасы бар жерде өсуі тиіс. Ауылдармен осындай тәсіл арқылы жұмыс істеуіміз қажет», – деді.

Содан бері сең қозғалды. Жоба шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамыту, ауызсумен қамту, жол құрылысы, интернетпен қамтамасыз ету сияқты жұмыстар жүзеге асырыла бастайды. Нәтижесінде, жастардың ауылда тұрып, жұмыс істеуіне де қолайлы жағдай жасалады. Nur Otan партиясының хатшысы Илья Теренченконың пікірінше, «Құтты мекен» жобасын жүзеге асыру барысында, алдымен барлық деңгейдегі мәслихаттардағы партия фракцияларының жанынан құрылған «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламаларының орындалуын бақылау жөніндегі комиссиялардың әлеуетін тиімді пайдалану керек. Екіншіден, жобаның маңызын халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды. Үшіншіден, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру кезіндегі құқықбұзушылықтарды дер кезінде анықтап, партия сондай олқылықтың алдын алуы тиіс. Сондай-ақ ол аталған жоба аясында жүргізілетін партиялық бақылау аумақтық, аймақтық және орталық болып, үш деңгейде ұйымдастырылатынын тілге тиек етті. Таратып айтсақ, партияның аумақтық филиалында бұл жобаға мониторинг жүргізетін топтар, бастауыш партия ұйымдары мен белсенділер, сондай-ақ қоғамдық қабылдаулар тартылады.

Партияның аймақтық филиалында жобаны партия кураторларының комиссиясы, «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» бағдарламалары жөніндегі комиссиялар, қоғамдық кеңестер мен партиялық бақылау комиссиясы назарында ұстайды. Ал партияның Орталық аппаратында Бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыруды бақылау жөніндегі қоғамдық кеңес, партия кураторларының комиссиясы, «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» комиссиялары, партиялық бақылау комиссиясы «Құтты мекен» жобасы аясындағы жұмыстарды бақылайтын болады. Жобаның әу бастағы мақсаты – инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытуға партиялық бақылау орнату. Жоғарыда атап өткен партияның үш буыны осы міндетті атқарады. Жоба шеңберінде инфрақұрылымын дамытуға мұқтаж елдімекендерді, құрылыс үшін әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдар нысандарының тізімі анықталады. Аймақтық сапалы өмір стандартына негізделген елдің жаңа картасын құру. Өкілетті құқық қорғау және бақылаушы органдармен өзара байланыста жұмыс істейді. Депутаттар мен партия резервінде тұрған кадрлардан нысандарға бақылау жасайтын мониторинг тобы құрылады. Ал қоғамдық бақылау үшін халықтың белсенді бөлігін тартуды ұйымдастыру да қарастырылған. Мәслихаттардағы партия фракциялары инфрақұрылымды дамытуға жоспарланған бюджет қаржысын мақсатты пайдалану мәселесін назарда ұстайды. Бұл өз кезегінде инфрақұрылымдардың уақытында пайдалануға берілуіне, қазына қаржысының тиімді жұмсалуына, мердігер компаниялардың жауапкершілігін арттыруға, сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге мүмкіндік береді.

Осы тұста бір мысал, «Құтты мекен» жобасы аясында Павлодарда апатты баспананың орнына бой көтеріп жатқан жаңа көпқабатты үй партия бақылауына алынған. Нәтижесі сол, бұл үйдің құрылысы сапалы әрі уақытында орындалып жатыр. Енді бүгінге дейін апатты үйде тұрып келген 80-ге жуық адам жаңа баспанаға көшеді.

Павлодардағы «Сарыарқа» шағынауданында орналасқан 9 қабатты үйде 72 пәтер бар. Былтыр құрылысы басталған бұл нысан мердігердің жауапсыздығынан тоқтап қалған еді. «Құтты мекен» жобасы арқылы құрылысы жанданған баспана 7 шілдеде тұрғындарға берілмек.

«Сан тех пласт» ЖШС директоры, Nur Otan партиясының мүшесі Бауыржан Бекмұрзаевтың айтуынша, тұрғын үйдің 9 қабаты бітіп тұр, бүгінде ішкі өңдеу жұмыстары атқарылып жатыр.

«Менің ойымша, белгіленген уақытта бітіреді. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту кезінде жемқорлыққа жол берілмейді. Себебі, өңірлерде бой көтеретін нысан құрылысын арнайы мониторингтік топ бақылады. Жобаға жауапты инспекторлар да бекітілген. Олар бұдан бөлек, тұрғындар ұсынысын да ескеруге міндетті. Осылайша, бастама рет-ретімен іске асып, ауылдарды дамыту қарқын алады», – дейді ол.

Ал «Құтты мекен» партиялық жобасының жетекшісі Нұрлан Баймұрзаевтың пікірінше, мақсат – уақытында, сапалы нысандар салу.

«Заңсыздық, сыбайлас жемқорлық, ұрлықтар мен басқа жағдайлар болмауы тиіс. Бас партия съезінде Елбасы бұл істе алдымен ауылдарда интернат тұрғызу қажетін атап өткен. Балалар сапалы білімі мен медицинасы бар жерде өсуі қажет деген. Біз осы жағына баса мән береміз», – дейді.

Шымкент қаласында тұрғын үйлер құрылысы жоғары қарқынмен жүріп жатыр. Қала тұрғындарының әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын баспанамен қамтуға да басымдық берілген. Осы ретте кешенді іс-шаралар атқарылып келеді. «Былтыр қалада 4 289 пәтерлі 69 үй пайдалануға берілсе, биыл 2 833 пәтер ел игілігіне тапсырылмақ. Тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың 80 пайызын жалға берілетін баспанамен қамтамасыз ету үшін жыл сайын 3 000 пәтер пайдалануға берілуі керек екен. Кезектегі азаматтардың қалған 20 пайызын несиелік баспанамен қамту мүмкіндігі болады» дейді қалалық мәслихаттағы партия фракциясының мүшесі Бекайдар Төлегенов.

Айдана БЕГІМ

Похожие публикации

Лента новостей

21.10.19
«Береке бірлігіңде, Елім» атты республикалық ақындар айтысы өтті
21.10.19
Столкнулись с коррупцией? Звоните в «Nur Otan»!
19.10.19
Нурсултан Назарбаев: Отмолчаться не получится
16.10.19
NUR OTAN-да жедел желі жұмыс істейді
16.10.19
Түркі келешегі – татулықта
16.10.19
Чудесная история о рождении новой жизни
14.10.19
Алматыдағы ең үлкен көк байрақ Медеуде желбіреді
12.10.19
Нурсултан Назарбаев: «Быть с народом, знать его чаяния, доносить их до власти»
11.10.19
Көпбалалы ана: Nur Otan — нақты істің партиясы (видео)
11.10.19
Нурсултан Назарбаев: Народ должен активно противодействовать коррупции
09.10.19
Нурсултан Назарбаев встретился с президентом Национальной академии наук РК Муратом Журиновым
09.10.19
Мұрат Мұқаев, Nur Otan партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары: Ашықтық – басты ұстанымымыз
04.10.19
Партияға деген сенім жоғары
03.10.19
«Есть проблема? Иди в Nur Otan
01.10.19
Генеральным директором телеканала «Astana» стал Курманбек Жумагали
01.10.19
Байбек рекомендовал властям столицы обратить внимание на работу КСК
01.10.19
Ерлан Қаналимов, Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының орынбасары: Басты бағдарымыз – ашықтық
01.10.19
Заяви о своем проекте на весь мир
27.09.19
Қытайдағы қазақ фотографы
27.09.19
Мамин «Nur Otan» қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке қабылдады: не талқыланды?
Все новости

Архив публикаций

«    Октябрь 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
Оцените работу движка

Наши партнеры

Наверх