Ауылдың көркейгенін көрсек дейміз

Алдағы үш жылда ауыл-аймақтар гүлденеді. Бұлай дейтін себебіміз – Елбасы Nur Otan партиясының XVIII съезінде жаңа жоба жасауды тапсырған болатын. «Ауыл – ел бесігі» аталатын жобаның мақсаты – ауылдағы ағайынның ахуалын жақсарту. Бұл мақсатта бүгінде бюджет бөлініп, атқаралатын жұмыстардың жоспары жасалды. Енді алда жемісті жүзеге асыру міндеті ғана тұр, деп хабарлайды «Айқын» газетінің редакциясы.

Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына жастардың қосар үлесін көбейту керек. Сонымен бірге, жоба кәсіпкерлікті жаңғыртып, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын көтеруді де мақсат етеді. Партия бастаған халықаралық жобаның бүгінде үш бағыты белгіленді. Біріншісі – әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту. Бизнес өкілдерімен бірлесе отырып, алдағы үш жыл ішінде Қазақстан бойынша 1000 мектептің алдынан спорт алаңдарын салып, ауылдағы кітапханалар базасында 1000 коуоркинг орталықтарын құру жоспарланып отыр. Екіншісі – ауылдағы кадр мәселесін жолға қою. Осы мақсатта «Дипломмен – ауылға» жобасын одан әрмен жетілдіріп, жақсы жағдай жасай отырып, жас маман тарту көзделеді. Үшіншісі – елдімекендерде жастардың кәсіпкерлікке бет бұруына мұрындық болу. Бүгінде жастардың басым көпшілігі кеңседе сегіз сағат сандалғаннан гөрі жеке кәсібін ашып, ісін дөңгелеткенді құп көреді. Осы ретте «Ауыл – ел бесігі» жобасы бизнес бастаймын деген жастарға таптырмас көмекші бола алады. Биыл 500 ауыл шаруашылығына 2000 жас тәжірибеден өтуге бағытталады. Соның нәтижесінде ірі шаруа қожалықтарына 500 жасты тұрақты жұмыспен қамту жоспарда бар. Сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласында 200 жастар жобасын жүзеге асыруымыз тиіс.

Айтқандай, бюджеттен қаржы қарастырылды. Ақша негізінен елдімекендердегі инженерлік инфрақұрылымды қалыптастыруға, жол салуға, және әлеуметтік мақсаттағы нысандар салуға жұмсалады. Алдағы үш жыл көлемінде осы бағытта 90 млрд теңге игерілуі тиіс. Ауыл шаруашылығы министрлігі жер-жерде отбасылық ферма ашатындарға да көмек көрсетілетіні туралы айтқан болатын. Яғни, ниет танытушылар өз жоспарын жүзеге асыру үшін жеңілдікпен берілетін шағын несиеге сүйене алады. Кооперация ісін дөңгелетуге арналған қаржы мөлшері 20 миллионнан асады.

Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының XVIII съезінде бірнеше мәселелерге ерекше тоқталып, Үкіметке тапсырма берген еді. Елбасы «Үкіметке «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыруды тапсырамын. Оған 2019-2021 жылдарға 90 млрд теңге бөлінсін. Адамдарға жұмыс берсек, сол жерде қалып, тұрақты еңбек етеді. Бізде шағын несие, тегін кәсіптік білім беретін бағдарлама, жол картасы бар. Мүмкіндік көп. Нақты жұмыс істеу қажет. Тұрғын үй, жол салып, коммуникация тарту қажет, шағын және орта бизнесті дамыту керек. Ауылда да ақша тауып, ел қатарлы тұруға болады. Өңдеу өнеркәсібін дамытуға болады. Осыған мысал болатын ауылдарымыз бар» деген болатын. Сонымен қатар Елбасы алдағы уақытта жол құрылысына 350 миллиард теңге бөлінетінін атап өтті. Бұл болса, өз кезегінде, 2025 жылға дейін елді 95 пайыз жолмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сөз соңында Нұрсұлтан Әбішұлы ауылдарға газ және су құбырларын тарту мәселесін назардан тыс қалдырмау қажет екенін айтты.

Еліміздің қай аймағының болсын стратегиялық тұрғыдан маңызы жоғары. Оны дамыту жолында Үкімет те, барлық әкімдер де аянбай еңбек етуі тиіс. Көрсеткіш қуып, популизм үшін емес, әлеуметтік мәселені оң шешіп, аймақтарды дамыту үшін қолға алғаны қажет. Мәселен әр жерде аймақтық даму әртүрлі. Бір облыста жол мәселесі жақсы қолға алынса, енді бір облыста жағдай нашар. Елбасы бұған әкімдер кінәлі деп атап өткен болатын. «Кей әкімдер жақсы жұмыс істеп, мәселелерді оң шеше алады. Сол сияқты тұрғындармен бетпе-бет кездесуден қашып, қажеттілігін айтса, мәселенің мәніне бойламайтындар да бар. Әкім қашан да халқына жақын болуы шарт. Бізде ауылдарды дамытатын түрлі бағдарламалар бар. Ресурстар да жеткілікті бөлініп жатыр. Бірақ халық нақты нәтижені көре алмай отыр. Бұлай істеуге болмайды» деп ескерту жасаған еді.

Өмір сапасының стандартын жаңадан қалыптастыру керек. Ең алдымен, шалғайдағы ағайынның жиі айтатын мәселесі – су мен газ. Әлі күнге дейін ауызсу мәселесі шешілмей, газбен қамтылмай отырған аймақтар жетерлік. Кімнің болса да мөлдір таза су ішіп, үйін қиындықсыз жылытып отырғысы-ақ келеді. Дегенмен осы проблемасы «күйіп» тұрған ауыл-аймақ әр облыстан табылады. Сумен жабдықтауға Нұрсұлтан Әбішұлы 140 миллиард теңге қосымша қаражат бөлуді тапсырған еді. Бұл дегеніңіз – орта есеппен 2,2 миллион адамның мәселесін шешуге көмектеседі. Ал газ жүргізу, электрмен жабдықтауға 190 миллиард теңгеге жуық бөлінеді. Аймақтарды электрмен жабдықтау өте сапалы жүргізілуі тиіс.

Ауылда тұратын 7,5 миллион тұрғынның жағдайын жақсартуға жағдайымыз жетуі керек. Бұл жөнінде Елбасы бірнеше рет айтқан болатын. Сол мақсатта әкімдер мәслихатпен бірлесе отырып, Үкімет болашағы бар ауылдарды іріктеуі қажет. Осылайша іріктелген соң әлеуметтік саланы дамытып, интернеттар құрылғаны жөн. Егер осы мақсат орындалып, жоспар жүзеге асырылса, ауылдарымызды өсім мен тұрақты даму нүктесі етуге мол мүмкіндік бар.

Аймақтарды дамытуда Қытайдың тәжірибесін қолдануға болады деседі яғни, халық тұтынатын тауарларды өндіретін ауылдарды бизнесті дамыту керек. Яғни, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу арқылы мол табысқа кенелуге болады. Сондай-ақ сол жерлерде тұрғын үйлер салып, жолды жөнге келтіріп, коммуникация жүргізуі шарт. Артынша әлеуметтік нысандар салып, шағын және орта бизнесті жемісті жүргізуге жол ашылар еді. Мұны көрген көрші ауылдар да осы бағытқа тартыла бастайды. Дамуы жөнінен артта келе жатқан ауыл тұрғындарына бұл да – бір мүмкіндік. Жұмыссыздық жайлаған қоғамда осылайша мәселелер оң шешілер еді.

Nur Otan партиясы Төрағасы бірінші орынбасары өткенде Ақтөбе облысына іс-сапармен барған еді. Мәулен Әшімбаев пен облыс әкімі Оңдасын Оразалин бастаған топ алдымен Қобда ауылына ат басын бұрған. Кейін Елбасының тікелей тапсырмасымен қолға алынған «Ауыл — ел бесігі» және «Құтты мекен» партиялық жобалары аясында аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстар барысымен танысты. Алдымен Қобда ауылындағы денешынықтыру және сауықтыру кешеніне барған олар ғимарат ішін аралап шығып, ауданның жас спортшыларымен кездесті.

Бұдан соң Мәулен Әшімбаев пен Оңдасын Оразалин Исатай Тайманов атындағы Қобда мектеп-гимназиясында болып, мектеп ғимаратында ашылған «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі мен балаларға арналған «Тегін 1000 ІТ сынып» партиялық жобасы аясында ашылған ІТ сыныптың жұмысымен танысты. Өз кезегінде аудан әкімі Мейрамбек Шермағамбет Елордадан келген партия өкіліне аудан жастарының Жастар жылында кәсіпкерлік саласында мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылатын жобаларын таныстырып, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады. Осы ретте Ақтөбе облысында «Ауыл қамқоршысы» атты игі бастаманың қолға алынғанын атап өткен жөн. Соған сәйкес жергілікті кәсіпкерлер өз туған ауылдарын қамқорлыққа алып, оның дамуына қолдау көрсетіп келеді. Нәтижесінде, өткен жылы облыстағы атымтай жомарт азаматтар ауылдық жерлерде жалпы сомасы 2 млрд теңгені құрайтын 344 жобаның жүзеге асырылуына мұрындық болған. Биыл да «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында осы бағыттағы жұмыстар өз жалғасын таппақ.

Бұл – тек бір облыстың ауданында жүзеге асқан істер ғана. Алда еліміздің барлық аймағында осындай оң өзгерістер бола береді деп ойлаймыз. Жергілікті билік өкілдері мен кәсіпкерлер асқан ыждаһатпен, шынайы махаббатпен іске кірісер болса, шарапатын әу бастан сезінуіміз тиіс. Әлеуметтік, экономикалық маңызды аймақ – ауылдың дамығаны сол аймақтың тұрғындарына ғана емес, күллі Қазақстан үшін маңызды.

Айша ЕРСҰЛТАН


Похожие публикации

Лента новостей

04.07.20
Более 80 тысяч казахстанских семей получили по 50 тысяч тенге от фонда «Birgemiz»
04.07.20
Тағы 80 000 отбасы Елбасы қорынан 50 000 теңгеден алды
26.06.20
Исимбаева: Елбасы қалыптастырған төзімділік барлық уәдені орындауға мүмкіндік берді
26.06.20
Исимбаева: Запас прочности, созданный Елбасы, позволил реализовать все обещания
26.06.20
Названы победители журналистского конкурса NUR SUNQAR
18.06.20
Праймериз – демократияландырудың жаңа кезеңі
18.06.20
Праймериз-2020: партия ішіндегі сайлау не үшін қажет?
18.06.20
30 мың адам кәсіпкерлікке оқытылады
17.06.20
Тоқаев: Үкімет эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шараларын жариялайды
17.06.20
Перемен требуют наши сердца: казахстанские общественники делают ставку на фаворита
17.06.20
Ертысбаев: Выборы предстоят нелегкие и праймериз Nur Otan поможет партии в этой борьбе
17.06.20
Создано новое политическое движение Лига сторонников партии Nur Otan
15.06.20
60 процентов опрошенных казахстанцев не устраивают условия инклюзивного образования
15.06.20
Первое обучение праймериз стартовало для 419 участников
14.06.20
Мы создадим венчурные фонды для помощи молодым ученым — Елбасы
12.06.20
Год президентства Касым-Жомарта Токаева: хронология событий
12.06.20
Касым-Жомарт Токаев: 10 важных решений за год президентства
12.06.20
Мониторинговая группа «Nur Otan» проверила социальные объекты в Алматы
05.06.20
Nur Otan партиясының праймериз өткізу ережесі жарияланды
27.05.20
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөйлеген сөзі
Все новости

Архив публикаций

«    Июль 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
Оцените работу движка

Наши партнеры

Наверх