Интернетте жеделдік, газетте тереңдік маңызды

Биыл халықаралық «Túrkistan» газетінің шыға бастағанына 25 жыл толып отыр. Қазақстан тәуелсіздігін алған тоқсаныншы жылдары жарыққа шыққан санаулы басылымдардың бірі егемен еліміздің ширек ғасырлық шежірешісі іспетті. Газеттің бүгінгі тынысы мен алдағы даму жолын мықтап қолға алған белгілі журналист Қуат Әуесбай Түркістанның жаңалықтарымен бөлісіп, мерзімді басылымдар болашағы турасындағы сұрақтарға жауап берді. 

– 25 жылдық мерзім газет үшін аз уақыт емес. Осы аралықта басылымның елмен етене жақын болғанын, әр ақпаратты саралап, көпшілікке керек деректі дер кезінде ұсынып келгенін көзі қырағы оқырман жақсы біледі. Сіздіңше, бүгінгі «Túrkistan» газетінің өзге басылымдардан ерекшелігі неде, артықшылығы қайсы?

– Ең әуелі, «Túrkistan» газеті дегенде – Қалтай Мұхамеджанов, ал Қалтай аға дегенде – «Túrkistan» газеті ойға оралатыны рас. Сондай-ақ, Қалағаңмен қанаттаса жүріп, «Túrkistan»-ды кімдер шығарды дегенде, ішінде «осы қалайы» жоқ, журналистиканың шоқтығы биік шоқ жұлдыздары, кемел ойлы, кесек тұлғалы қазақ қаламгерлерінің айтулы буыны еске түседі.  Өкінішке қарай, бүгінде сол алдыңғы толқын ағалардың қатары сиреді. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» дейтін қазақпыз ғой, басылымның негізін қалап, салмақты, салиқалы газет болып қалыптасуына, елімізге ғана емес, халықаралық ауқымда кеңінен танымал болуына өлшеусіз үлес қосқан марқұм Қалтай Мұхамеджанов, Әбілмәжін Жұмабаев, Нұрқасым Қазыбеков, Әбірәш Жәмішев, Дидахмет Әшімханұлы сынды атпал ағаларымыздың алдындағы қарыз бен парыздың салмағын пайымдай отырып, олардың рухына тағзым етеміз! Қалтай ағамыздан кейін «Түркістанның» бас редакторы болған Шәмшидин Паттеев пен Жаңабек Шағатай ағаларымыздың да еңбегі өлшеусіз. Бастауында осындай марқасқа тұлғалардың тұруы – газеттің басты ерекшелігі де, артықшылығы да екені сөзсіз. Сонымен қатар, тәуелсіздіктің елең-алаң шағында «Түркістан» деген атаумен, түбі бір түркі жұртына ортақ газет шығару ерлікке пара-пар дер едім. Өйткені «Түркістан» атауының мән-маңызы тереңде жатқаны белгілі.  

«Túrkistan» газетінің тағы бір ерекшелігі деп оның халықаралық деген статусқа ие болуын айтсақ болатын шығар?

– Әрине, «Túrkistan» – өзге елдерге де тарайтын отандық қазақ тілді санаулы басылымдардың бірі. Мысалы, бертінге дейін Ресейдің «Роспечать» мекемесінің каталогына енген жалғыз қазақстандық басылым болған. Көршілес мемлекеттердің біразында тұрақты оқырмандарымыз бен авторларымыз бар. 

– Қазақтың қабырғалы қаламгерлері негізін қалаған, еңбек еткен іргелі басылымның тізгіні жақында өзіңізге сеніп тапсырылды. Басылым болашағын қалай көресіз? Бірнеше республикалық іргелі ақпарат құралдарымен қатар, «Túrkistan» газеті де құрамына кіретін «NUR-Media» холдингінің жаңа жобалар санын көбейтуге баса назар аударып отырғанын ескере келе, қандай өзгерістерді жоспарлап отырсыздар?

– Біріншіден, бұл мен үшін салмағы зіл батпан жауапкершілік, зор сенім екенін айта кетуім керек. Қалайда қазақтың сақа қаламгерлерінің аманатына адал болып, «Түркістан» деген киелі, мәртебелі атауға кір келтірмей, туын төмен түсірмей, сенім үдесінен шығуға тырысатынымыз анық. «Шеткі ауыл көшсе, ортаңғы ауыл шет болады» дейді қазақ. Бүгінгі «Túrkistan»-да аға буынның ізін қуып, ісін жалғаған жаңа толқын, жастардың шоғыры қалыптасып келеді. Дүние көз алдымызда ғарыштық жылдамдықпен жаңарып, өзгеріп отырған тұста қазіргі заманның талабын ескермей тағы болмайды. Қағазға қатталып, архивте сақталған газет тігінділерін ақтарсаңыз, «Túrkistan»-ның ә дегеннен елмен етене болғанын байқайсыз. Әрине, алдағы уақытта да ел қамы, ұлт мұраты, түбі бір түркі әлемінің ортақ мүддесін көздеген газет осы салмақты, салиқалы бағытынан айнымай, өз миссиясына адал қызмет ете бермек. Тек, заман талабы, жаңа трендтерге орай дизайны мен форматын өзгертіп отырмыз. Жаңа D2 форматына көшпес бұрын, әлемдегі іргелі басылымдардың тәжірибесін, үздік дизайн үлгілерін егжей-тегжейлі зерттеп, оның экономикалық тиімділігі мен оқырмандарымызға қолайлы болуын да мұқият сараладық. Дүние жүзіндегі атақты газеттердің көпшілігі осындай ықшам форматқа әлдеқашан көшкен. Қазір оқырмандарымыз тарапынан газеттің жаңаша көркемдік сипатына оң пікірлер айтылып жатқанына қарағанда, бұл шешіміміз қате болмаған сыңайлы. Бұдан бөлек, интернет сайтымызды жандандырып, ғаламтор арқылы сәт сайын, едел-жедел ақпарат таратуды қолға алып, әлеуметтік желідегі оқырмандарымыздың қатарын еселей түсудеміз. «Túrkistan» «ескі шапанын жаңалап киіп» қана қоймай, алдағы уақытта да оқырмандарымыздың көңілінен шығатын сапалы да қызықты  материалдар ұсынуды жалғастырмақ. Көзі қарақты оқырман соңғы кезде газетімізде фотосуреттерге, түрлі тақырыптарды қамтыған инфографикаларға басымдық беріліп жатқанын байқаған болар. Ол үшін республикалық, халықаралық дәрежеде әлеуметтік-саяси, экономикалық зерттеулермен айналысып жүрген институттармен тығыз қарым-қатынас орнатудамыз. Мәселен, жақында Еуразия ғылыми-зерттеу институтында ұжымымызбен болып, бірлесе жұмыс істеуге уағдаластық. Жалпы, апталық газет болғандықтан, оқырман күнделікті интернеттен-ақ оқып алатын ақпараттарды қайталап баспай, өз аудиториямызға осылайша мейлінше тың дүние ұсыну бағытында еңбектеніп жатқан жайымыз бар. Сонымен қатар, қазір оқырман газетті оқып қана қоймай, оны көріп те, естіп те отыруды қалайтынын ескере келе, газеттегі мақалалардың ықшам  аудио, видео нұсқаларын да ұсынуды бастадық. Газет аудиториясымен тығыз байланыста болу үшін биылғы  «Túrkistan» газетінің 25 жылдық мерейтойына орайластырып бірнеше іс-шара өткізуді де жоспарлап, бастап та кеттік. Жақында Алматы қаласында демеушілердің қолдауымен республикалық БАҚ өкілдері мен баспасөз хатшылары арасында боулингтен республикалық турнир өткіздік. Оған елуге тарта әріптесіміз қатысты. Жалпы алғанда, «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың және «NUR-Media» холдингі басшылығының холдингке қарасты БАҚ жұмысын жүйелей түсу, жаңа заман талабына сай жаңғырту бағытындағы тапсырмалары «Túrkistan» газетінде осылайша қарқынды жүзеге асуда. Одан да бөлек, жоспар-жобамыз баршылық. Бәрін тізбелемей-ақ қояйын, «арық айтып, семіз шықсақ» дейміз. 

– Жөн екен, сіз бірнеше басылымда қарапайым тілшіден бастап, басшылық қызметтерді атқардыңыз. Жалпы газеттердің болашағын сіз қалай елестетесіз? Қазір жылдан-жылға мерзімді басылымдардың тиражы кеміп, «шықпа жаным, шықпалап» күн кешіп жатқаны жасырын емес. Осы орайда «интернет, әлеуметтік желілер газетті түбегейлі ысырады, газеттің күні өткен» деген пікірмен келісесіз бе?

– Бұрынғыдай емес, қазір газеттердің таралымы азайып келе жатқаны рас. Бұл бірақ, кейбіреулер айтып жүргендей «газет өледі» деген сөз емес. Уақытша, өтпелі тенденция дер едім. Қазір дамыған шет мемлекеттерге бара қалсаңыз, аялдамада автобус күтіп тұрып, метрода, ұшақта газет, кітап оқып жатқан жұртты жиі көресіз. «Túrkistan» газетінің жаңа форматы секілді ықшам форматқа көшіп жатқаны да сондықтан. Өйткені автобуста, ұшақта құлаштай газетті ашып оқып отыру ыңғайсыз, жаныңда отырған адамға кедергі келтіреді. Біздің қазақ газеттерінің де көпшілігі сондай шағын форматқа көшті. Жұрт әлеуметтік желі, интернеттен жалыққанда, жаппай газет, кітап оқитын күн де қайтып оралады деп ойлаймын. Дегенмен, сол аудитория қайтып оралғанда, дәстүрлі медиа оқырман сұранысын қанағаттандыра алуға әзір болуы тиіс. Жалпы, газет пен интернет ресурстардың айырмашылығы неде? Интернет қазір болған оқиғаны сол заматында шығара қояды, яғни жедел. Дәл сол оқиғаны газетке берсең, ол жаңалық болмай қалады, жеделдік жағынан интернетке газетті айтпағанда, тіпті радио мен телевидение де ілесе алмайтыны сөзсіз. Газеттің «фишкасы» – тереңдік. Жалпы, жаңа медиа мен дәстүрлі ақпарат құралдары бірін-бірі толықтырып, өзара үйлесе, үндесе жұмыс істесе, одан ұтары көп. Яғни, ескі мен жаңаны бірлестіре білуіміз керек. Бұл – конвергентті журналистиканың заманы. Өзіміз журналист болған соң саланың абыройы мен келешегіне алаңдайтынымыз рас. Сол үшін біраздан бері БАҚ-тағы менеджмент пен маркетинг деген тақырыпта шетелдік мамандардың лекцияларын тыңдап, кітаптарын ақтарып, отандық ақпарат құралдарының тәжірибесімен салыстыра талдап, ғылыми зерттеумен айналысып жүрмін. Бүгінгідей нарықтық кезеңде біз не нәрсенің де экономикалық тиімділік жағын көбірек қарастыратынымыз түсінікті. Бірақ, газеттің шығыны көп болып, өзін-өзі ақтамағанмен, оның идеологиялық тиімділігін де ұмыт қалдырмаған абзал. Осы тұрғыда қазірде бірқатар еуропа елдерінде ақпарат құралдарын, оның ішінде газет-журналдарды қолдау мақсатында мемлекеттік бюджеттен арнайы субсидия бөлініп отырғаны бекер болмаса керек. 

– Әңгімеңізге рахмет!

Похожие публикации

Лента новостей

29.04.22
«AMANAT» партиясы жанынан «TALQYLAU» қоғамдық диалог алаңы жұмысын бастады
28.04.22
«AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдаулары Қызылорда және Павлодар облыстарына барды
28.04.22
Мобильные общественные приемные партии «AMANAT» выехали в Кызылординскую и Павлодарскую области
30.03.22
«AMANAT» партиясында қоғамдық кеңестердің жаңа басшылары таныстырылды
29.03.22
Публичная диалоговая площадка «TALQYLAU» запущена при партии «AMANAT»
20.03.22
Әз Наурыз әр шаңыраққа ырыс пен құт әкелсін
19.03.22
Партия «AMANAT» провела митинг в поддержку Послания Президента
16.02.22
Руслан Алишев возглавил холдинг Nur Media
16.02.22
Nur Media холдингіне жаңа басшы тағайындалды
16.02.22
Nur Otan: Ауыл тұрғындарының мәселесін шешуге ықпал етті
15.02.22
Мәжіліс Төрағасы: Аймақтарда депутаттар шынайы мәселелерді көтеруі керек
13.02.22
Президент почтил память жертв январской трагедии
08.02.22
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді
07.02.22
Токаев принял исполнительного секретаря партии Nur Otan
07.02.22
Азаматтардың талап-тілегіне жауап беру үшін Nur Otan-ды жүйелі түрде қайта құру қажет – Тоқаев
28.01.22
Глава государства принял участие во внеочередном ХХІ Съезде партии Nur Otan
10.11.21
Новым руководителем ТОО «Литер-Айқын» стал Бакытжан Турлыбеков
10.11.21
«Айқын-Литер» ЖШС-ның жаңа директоры тағайындалды
29.10.21
Актуальные вопросы развития моногородов рассмотрели в Nur Otan
29.10.21
Действующие меры по борьбе с распространением наркотиков малоэффективны - Молодежный совет Nur Otan
Все новости

Архив публикаций

«    Март 2023    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
Оцените работу движка

Наши партнеры

Наверх