
Еліміздің барлық өңірлерінде іріктеудің аймақтық кезеңінен өту үшін өтініш қабылдау басталды. Конкурстың мақсаты – әлеуметтендіруге, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған үздік әлеуметтік жобаларды таңдау, іріктеу, қолдау, және ілгерілету. Олардың ішінде партияның «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» және «Кедергісіз келешек» жобаларын қамтитын тұлғалары ұсынған қызметтер де бар. Конкурс жеңімпаздарына ақшалай сертификаттар табыс етіледі.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: «Nur Otan» партиясы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қоры», аудандардың, қалалардың және облыстардың әкімдіктері, сондай-ақ бизнес қауымдастықтар. Конкурс «Nur Otan» партиясының 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» Бағдарламасын іске асыру аясында өткізіліп жатыр.
Конкурстың шарты туралы толығырақ на www.nurotan.kz немесе www.qolda.nurotan.kz, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz сайтынан, сондай-ақ, облыс әкімдіктерінің, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының онлайн-ресурстарынан таныса аласыздар.
Қатысу үшін өтініш 2019 жылдың 15 маусымына дейін қабылданады.