«Үлкен Еуразия» бітім тұғырнамасын ұсынды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Шабыттандырушы өсім: адамдар, қалалар, экономикалар» тақырыбын арқау еткен ХІІ Астана экономикалық форумына қатысты. Н.Назарбаев бас қаламызға арнайы келген мемлекеттер көшбасшыларына, халықаралық ұйымдар жетекшілеріне, осы басқосудың жұмысына атсалысып жатқан белгілі ғалымдар мен сарапшыларға шынайы ризашылығын білдірді, деп хабарлайды «Айқын».

Форумның пленарлық отырысы қатысушыларына қайырылған Қазақстанның Тұңғыш Президенті АЭФ-тің өңірлік және жаһандық сын-қатерлерге төтеп беру үдерісіндегі маңызды рөлін атап өтті.

– Дамудың қазақстандық моделі қалыптасқан жағдайлар мен болжамдарға қарамастан, өзінің тұрақтылығы мен тиімділігін дәлелдегенін білесіздер. Біз өршіл мақсаттар қойып, соларға қол жеткізе алдық, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Пленарлық отырыс барысында Елбасы жаһандық экономикадағы соңғы өзгерістер туралы пікірін ортаға салып, мемлекетаралық диалогты жақсартуға бағытталған бірқатар идея ұсынды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті өз сөзінде әлемдік экономиканы дамыту, цифрландыру, білім беру үдерістерінің трансформациясы, адам капиталына қойылатын талаптардың артуы, сондай-ақ урбанизация перспективалары сияқты мәселелерге тоқталды.

– Экономикалық жоспарлаудың көкжиегі тарылып келе жатқанына өздеріңіз де куә болудасыздар. Күрделі жағдайлардан шығу жолдарын Біріккен Ұлттар ұйымы, G-20, Дүниежүзілік сауда ұйымы сияқты халықаралық ұйымдар мен форумдар аясында табуға болады және солай жасау керек те. Бірлесе талқылау мен тізе қоса басқаруға көшетін кез келді. Таяуда Бейжіңде өткен «Бір белдеу, бір жол» ІІ форумында мен «Үш Д» жаңа геосаяси ахуалы негізінде орнықты жаһандық архитектураны қалыптастыруды ұсындым. Бұл дегеніміз – үш деңгейде диалог орнату, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ол Қазақстанның әртүрлі халықаралық проблема бойынша келіссөздер процесі үшін тиімді алаң қызметін атқарғанын еске салды. Атап айтқанда, қазақ елінің астанасында ЕҚЫҰ-ның жүзжылдықтағы тұңғыш саммиті, Ислам мемлекеттерінің құрылтайы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің сьезі ұйымдастырылып, көп тараптың басын қосты. Сондықтан Елбасы АЭФ пен өзінің G-Global бастамасы әлем елдерінің экономикалық шиеленісті мәселелерді ортақ отырып шешетін алаң рөлін атқара алатынын мәлім етті және астаналық форум аясында «G-Global Диалогы. Үлкен Еуразия» атты жеке платформасын құруды ұсынды.

– Мұнда ЕО, ЕАЭО, ШЫҰ, АСЕАН-ды қоса алғанда, интеграциялық бірлестіктердің ұлтүстілік органдары мен бизнес өкілдері саясат лидерлері бара алмай отырған ынтымақтастық мәселелерін талқылай алар еді. Тараптар арасындағы келіспеушіліктер мен қайшылықтар прагматикалық экономикалық ықпалдастыққа кедергі болуда. Ақыр соңында, жеміс бермейтін санкциялық режимнен – бүкіл әлем болашағын айқындайтын жаһандық басты державалар арасындағы тікелей диалогқа көшкен маңызды. Осыған байланысты АҚШ, Қытай, Ресей және Еуроодақ өкілдері арасындағы геосаяси дағдарыстан шығар жолды талқылау қажет. Мен осы мемлекеттер лидерлерімен келіссөздер жүргізудемін! – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Бұл жұмыс шешуші ақыл-ой орталықтарының сұхбаттастығынан басталып, кейін министрлер мен одан да жоғары деңгейлерге шығуы керектігін айтқан Елбасы Қазақстанның астанасында осындай алаң ұсына алатынымызды нықтады.

Форумның пленарлық отырысында Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагард, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Хань Чжэн, Армения Президенті Армен Саркисян және басқа да мәртебелі меймандар сөз сөйлеп, ой-пікірлерін ортаға салды.

Мәселен, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагард Елбасы идеяларына қолдау білдіре келе, ЮНЕСКО адамзаттың ғұламасы деп таныған Абайдың «ақырын жүріп, анық бас» деген идеясын барша елге басшылыққа алуға кеңес берді. Ол жедел қарқынмен өрлеген, бірақ артынша қатты құлдырап, халқы жұтап, дамуы дағдарған елдердің экономикаларына талдау жасаудан кейін сондай байламға келіпті.

Похожие публикации

Лента новостей

22.08.19
Асқар Мамин: Nur Otan – халықтың мұң-мұқтажын жете түсінеді
22.08.19
На Политсовете Елбасы поднял самые актуальные темы
22.08.19
Фракции «Nur Otan» в маслихатах готовы активизировать свою работу
22.08.19
Екатерина Смышляева: 7000 обращений граждан рассмотрено в 2019 году
22.08.19
Гульмира Исимбаева: Работа партии расширяется через социальные сети
21.08.19
Расширенное заседание Политического совета партии «Nur Otan» под председательством Первого Президента Казахстана
21.08.19
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
20.08.19
21 августа расширенное заседание Политического совета «Nur Otan»
20.08.19
Партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын шақыру туралы
08.08.19
Сәуле Нұрғожина: Заңсыз жолмен баспана алғысы келетіндер бар
30.07.19
«Жастар кадрлық резерв» байқауына қатысыңыз
26.07.19
Глава государства принял Первого заместителя партии «Nur Otan» Бауыржана Байбек
26.07.19
Во всех филиалах партии «Nur Otan» по Павлодарской области прошел день открытых дверей
26.07.19
Өтініштер түгел орындалады
26.07.19
Қарияларға қол ұшын берді
25.07.19
Бауыржан Байбек #Abai175 эстафетасын жалғастырды
25.07.19
Президент Академии журналистики Сагымбай Козыбаев: "Любите свою профессию, братцы!"
24.07.19
Строительство водопровода по проекту «Qutty meken» проинспектировали представители «Nur Otan»
23.07.19
В Туркестанской области подвели итоги общенациональной акции "BIRGE"
23.07.19
Қарабалықтағы коуоркинг-орталық
Все новости

Архив публикаций

«    Август 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Поговорим о сериалах:

Наши партнеры

Наверх