Шаймерденовке шынайы құрмет

Елбасының бірінші баспасөз хатшысы, белгілі рәмізтанушы, ел мәдениеті мен баспасөзінің дамуына зор үлес қосқан Ербол Шаймерденов аты ұлықтауға лайық. Қаламгер әрі журналист тұлғасын үлгі етіп, кейінгі ұрпаққа таныстыру мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде Шаймерденов аудиториясының тұсауы кесілді. Бір айта кететін жайт – қаламгер осы қара шаңырақтың түлегі. Білдей бір аудиторияға есімі берілуі – құптарлық іс, деп хабарлайды «Айқын».

Салтанатты шараның ашылуына ҚазҰУ ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов қатысып, лента қию рәсімін ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрлан Оразалин екеуі атқарды. «Ербол Шаймерденов салмақты мінезіне жанының жайсаңдығы жарасқан азамат еді. Қазақстанның төрт түкпірінің жақсылары оның жақыны болды. Ол кісімен бүкіл Түркияны бірге аралап, сапарлас болған күндерім әлі күнге жадымда жаңғырып тұрады. Әсіресе, адамға ерекше әсер қалдыратын қасиеті – ол кісінің мемлекетшілдігі еді. Не жазса да, кіммен сұхбат құрса да, алдымен, мемлекеттік тұрғыдан ойлайтын терең ойлы, кең жүректі азаматтығын байқамау, бағаламау мүмкін емес. Сондықтан Ербол секілді тұлғаларды жастарымызға үлгі етіп, өнеге тұту мақсатында өзі білім алған журналистика факультетінен арнайы аудитория ашып отырмыз. Біздің мақсатымыз болашаққа білікті мамандар тәрбиелеп қосу болса, осы аудиторияның қабырғасында өркениетке ұмтылған елдің қатарынан қалмауға ұмтылған, білімге құштар жастарымызға қайраткер азаматтың мағынаға толы өмір жолы өз тағылымын береді деп сенеміз», – деді университет ректоры.

Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы Шаймерденовтің жасаған үш ерлігін ерекше атап өтті. Аударма саласындағы үлкен еңбегі, егемендіктің алғашқы жылдарындағы тіл үшін жүргізген күресі, еліміздегі рәмізтану ісін ғылым ретінде қалыптастырудағы еңбегі деп тізбектеп, мысалдармен айшықтап берді. Сөз соңында, бұл аудиторияның Ербол Шаймерденов үшін емес, ел ертеңіне жауапты жастарға қажет деп ойын түйіндеді.

Ашылу салтанатына Мәжіліс депутаттары Рахман Алшанов пен Зәуреш Аманжолова, танымал қаламгер Смағұл Елубаев қатысты. Олар да Ербол Шаймерденовке қатысты талай естеліктерін тізіп, еске алды.

Жалпы алғанда, Е.Шаймерденовтің 20-ға жуық кітабы жарық көрген. Әлемдік пәлсапашылардың ой-пікірлерін қазақ тіліне аударды. Оған қоса қазақ авторларының туындыларын орыс тіліне тәржімалаған. Айта кетейік, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтан бастап, бөлім басшылары мен олардың орынбасарларына, қалалық мәслихат депутаттарына, ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындарға жетім балалардың тізімі бекітілді. Олар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-та ашылған балалардың жеке шоттарына ай сайын жалақы есебінен қаражат салып отыратын болды.

Айша ЕРСҰЛТАН

Похожие публикации

Лента новостей

14.06.19
«Nur Otan» объявил о приеме заявок на конкурс «Nur Suńqar»
14.06.19
Доменіңіз қай тілде?
14.06.19
Демократические силы Казахстана выступили в поддержку итогов президентских выборов
14.06.19
Национальная премия «Үркер» в области журналистики ведет прием заявок на участие
13.06.19
Казахстанцы выступили в поддержку программы Президента Казахстана К.Токаева
12.06.19
Касым-Жомарт Токаев вступил в должность Президента Казахстана
12.06.19
Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу
11.06.19
Избранным Президентом Казахстана стал Токаев – ЦИК РК
10.06.19
Касым-Жомарт Токаев провел пресс-конференцию по итогам выборов Президента Казахстана
10.06.19
За Касым-Жомарта Токаева проголосовали 70,76% избирателей
09.06.19
В выборах Президента Казахстана приняли участие более 9,2 млн человек
31.05.19
Краткие итоги: как прошли дебаты кандидатов на главный пост страны
30.05.19
Шаймерденовке шынайы құрмет
29.05.19
Теледебаты: динамичная и открытая дискуссия.
29.05.19
Интервью с «казахстанским Илоном Маском»
27.05.19
Рейтинги телеканалов и радио за апрель 2019 года
24.05.19
Определена дата предвыборных теледебатов кандидатов в Президенты Казахстана
23.05.19
Нурсултан Назарбаев встретился с членами РОШ
22.05.19
Асанәлі ӘШІМОВ, Қазақстанның Еңбек Ері: Осы сұрақтың жауабын таба алмай жүрмін...
21.05.19
В Алматы состоится XV Международный PR-Форум
Все новости

Архив публикаций

«    Июнь 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Какие передачи больше всего нужны на казахстанских телеканалах?

Наши партнеры

Наверх