Көпшілікке ыңғайлы отандық автобус

Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалы «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ауқымды шаралар атқаруда - деп хабарлайды aikyn.kz.
Басты міндет – мүгедектердің, сау адамдардың өмір сүру жағ­дайына мүмкіндігін барынша арттыру. Шымкент қаласында 35 592 мүмкіндігі шектеулі азамат тұрады. Оның ішінде, 15 234 аза­мат тірек-қимыл аппараты бұ­зыл­ған және қоларбаның көмегі­мен жүріп-тұрады. Осы азамат­тар­ды тасымалдайтын 33 әлеу­мет­тік такси және 18 дана инва­такси бар. Қала көшелерінің 80 қиылысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнап бағдаршам­дарға дыбыс құрылғылары орнатылған.                                         

Шымкент қалалық партия филиалы қоғамдық көлік қыз­меттерінің мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімдігі мен сапасын бақылау бойынша мо­ниторинг жүргізді. Шымкентте қоғамдық жолау­шылар тасымалдау саласында 27 көлік компаниясы 79 бағытта 1 123 көлікпен жолаушыларға қызмет көрсетуде. Мониторинг жұмыстары ба­ры­сында қалалық қоғамдық көліктің 60 пайызының пайда­лану мерзімі 7 жылдан асқан көліктер, олармен мүгедектерді тасымал­дауға ыңғайсыз.

Маусымда қала әкімі, партия филиалының төрағасы Ғаби­дол­ла Әбдрахымовтың тапсырмасы­на орай, мүгедектерге қолайлы жағ­дай жасауға қажетті құрылғы­лар, яғни мүгедек арбаларын кө­теріп, түсіруге арналған меха­ни­калық құрылғысы бар отандық 1 600 ав­тобус ең маңызды бағыт­тарға қойылды. Сондай-ақ ав­тобус іші электронды табло және жолаушы­ларға хабарландыру жасау үшін микрофондармен жабдықталған. Жыл соңына дейін қалалық қоғамдық көлік паркін толығымен жаңғырту, мүгедектерді тасымал­дауға то­лығымен ыңғайластыру жос­парланған.

Партиялықтар мүмкіндігі шек­теулі азаматтарды әлеуметтік ортаға бейімдеу бойынша мем­лекеттік мекемелерде және қала­ның әлеуметтік маңызы бар ғимараттарында стандартты пан­дустар екенін орнатып, тұрақты мониторинг жүргізіп отырады. Оған қалалық мәслихат депутат­тары, үкіметтік емес ұйым өкіл­дері, азаматтық қоғам белсен­ділері және БАҚ өкілдері белсенді атса­лысып отыр.

Партияның Шымкент қала­лық филиалы төрағасының орын­басары Бекайдар Төлеген­ов­тің айтуынша, партия фи­лиалдары қала инфрақұрылы­мының қолжетімді екенін тек­серу үшін рейд жүргізеді. Шымкентте мүмкіндігі шектеулі жандар баратын 981 әлеуметтік нысан анықталды. Бұл нысан­дардың 767-сі бейімделуге жа­тады, оның ішінде 248-і – мем­лекеттік, 469-ы – жекеменшік нысандар.

Похожие публикации

Лента новостей

21.10.19
«Береке бірлігіңде, Елім» атты республикалық ақындар айтысы өтті
21.10.19
Столкнулись с коррупцией? Звоните в «Nur Otan»!
19.10.19
Нурсултан Назарбаев: Отмолчаться не получится
16.10.19
NUR OTAN-да жедел желі жұмыс істейді
16.10.19
Түркі келешегі – татулықта
16.10.19
Чудесная история о рождении новой жизни
14.10.19
Алматыдағы ең үлкен көк байрақ Медеуде желбіреді
12.10.19
Нурсултан Назарбаев: «Быть с народом, знать его чаяния, доносить их до власти»
11.10.19
Көпбалалы ана: Nur Otan — нақты істің партиясы (видео)
11.10.19
Нурсултан Назарбаев: Народ должен активно противодействовать коррупции
09.10.19
Нурсултан Назарбаев встретился с президентом Национальной академии наук РК Муратом Журиновым
09.10.19
Мұрат Мұқаев, Nur Otan партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары: Ашықтық – басты ұстанымымыз
04.10.19
Партияға деген сенім жоғары
03.10.19
«Есть проблема? Иди в Nur Otan
01.10.19
Генеральным директором телеканала «Astana» стал Курманбек Жумагали
01.10.19
Байбек рекомендовал властям столицы обратить внимание на работу КСК
01.10.19
Ерлан Қаналимов, Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының орынбасары: Басты бағдарымыз – ашықтық
01.10.19
Заяви о своем проекте на весь мир
27.09.19
Қытайдағы қазақ фотографы
27.09.19
Мамин «Nur Otan» қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке қабылдады: не талқыланды?
Все новости

Архив публикаций

«    Октябрь 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
Оцените работу движка

Наши партнеры

Наверх