Штаб мүшелері алғыс алды

Nur Otan партиясының Орталық аппаратында республикалық қоғамдық штаб мүшелеріне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан алғысхат тапсырылды.
Марапаттау рәсіміне Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Мәулен Әшімбаев қатысты. Nur Otan партиясы Төрағасы­ның Бірінші орынбасары Бауыр­жан Байбек сайлау науқаны кезін­де белсенді жұмыс істеген барлық штаб мүшелеріне алғыс білдіріп, олардың еңбегін жоғары бағалады.

– Құрметті, нұротандықтар, сіздерді марапаттау – мен үшін үлкен мәртебе. Елбасы – Nur Otan партиясының лидері сенбі күні партияға келген кезінде Мәулен Сағатханұлы мен партиямыздың бюро мүшелеріне рақмет айтты. Республикалық қоғамдық штаб шын мәнінде, белсенді, табанды жұмыс істеді. Тәуелсіз Қазақстан­ тарихында тұңғыш рет екінші Президентті сайладық. Сайлау науқаны кезінде өңірлердің бар­лы­ғын аралап, көп жұмыс ат­қар­ды­ңыз­дар. Сіздердің аймақтардағы жұмысыңызға өзіміз де куә болып, Nur Otan партиясының бюро мү­шесі, партия Төрағасының бұрын­ғы Бірінші орынбасары ретінде, елі­міздегі ең үлкен қала­ның бас­шысы ретінде де тақым қысып отырдық. Барлығымыз бірігіп, жеңіске жеттік, – деді Бауыржан Байбек.

Еске сала кетейік, жақында ғана елімізде өткен Президент сайлауы кезінде республикалық қоғамдық штаб үгіт-насихат жұ­мыстарын жүргізді. Оның құра­мына белгілі қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, кәсіп­кер­лер, журналистер, эстрада артис­тері және тағы да басқа танымал тұлғалардан тұратын барлығы 190 адам кірді. Сонымен қатар 6 мыңға жуық жақтастардың басын біріктірген 17 өңірлік және 210 аумақтық штаб жұмыс істеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың 19 мың­нан аса сенімді өкілдері ай­мақ­тарда 100 мыңнан аса іс-шара­ өткізді. Ал кандидаттың қо­ғам­дық қабылдауында 20 мың­нан аса азамат болды.

Өткен сай­лау науқанының басты ерекшелік­те­рінің бірі – Birge жалпыұлттық акциясы. Акция аясында әрбір қазақстандық кез келген мәселеге қатысты ұсынысы мен талап-тілегін жолдауға мүмкіндік алды. Nur Otan партиясы Төраға­сының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партия алдына қойған жаңа тапсырма­ларына назар аударды.

– Біз қоғамның жаңа сұра­нысын ескере отырып, партияның жұмысын жаңғыртуымыз қажет. Партияға деген сенімді, жұмыс қарқынын арттыру, жас маман­дар­ды тарту бағытындағы іс-шаралар­ды күшейтіп, кез келген мәселеде үнсіз қалмай, белсенді болуымыз керек, – деді Бауыржан Байбек.

Президенттің атынан партия­лықтарға алғысхатты Қасым-Жомарт Тоқаевтың республика­лық қоғамдық штабының жетек­шісі ретінде Мәулен Әшімбаев тап­сырды.

Клара НАҚЫП

Похожие публикации

Лента новостей

14.01.20
NUR OTAN: Нұрлының мәселесі шешілді
10.01.20
Молодые люди напоили горячим чаем столичных комунальщиков
09.01.20
Все граждане Казахстана имеют равные права
09.01.20
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы
08.01.20
Nickelodeon мен Walt Disney қызыққан қазақ кім?
06.01.20
Мясопереработка и чистая вода. Что волнует жителей Павлодарской области?
27.12.19
Қасым-Жомарт Тоқаев жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарына көңіл айтты
26.12.19
Арман Кырыкбаев стал Секретарем партии Nur Otan
25.12.19
Честность и добропорядочность
24.12.19
Тілдің жайы сөз болды
21.12.19
Халықтан биік ешкім жоқ
20.12.19
Партийный контроль
18.12.19
«Алтын домбыра» мәресіне жетті
13.12.19
Активных членов «Nur Otan» отметили государственными и партийными наградами
13.12.19
«Nur Otan» партиясы қандастарға қолдау көрсетеді
11.12.19
Жұмыспен қамту көрсеткіші өскен
10.12.19
Нужно чаще говорить о Независимости - Павел Казанцев
09.12.19
ЕЛБАСЫ БИБІГҮЛ ТӨЛЕГЕНОВАНЫ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
09.12.19
Елордада «JYR AMANAT» концерт-спектаклі өтті
06.12.19
Елордада «Алтын тұғыр – 2019» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі өтті
Все новости

Архив публикаций

«    Январь 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
Оцените работу движка

Наши партнеры

Наверх