Елорда күнімен құттықтады

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласындағы «Атамекен» этно-мемориалдық кешені жанында орналасқан биік тутұғырға Мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысты, деп жазады Aikyn.kz.

Дәс­түр­лі түрде жылда өткізілетін бұл сал­танатты рәсім астана күніне ар­налған мерекелік іс-шара­лардың басталғанын білдіреді. Өз сөзінде Қ.Тоқаев бұл шараның символдық мәніне тоқталды.


– Қазақстанның көк байрағы жерден жоғары қарай әуелеп көтерілгенде жүре­гімізді тәуелсіз елімізге, оның барлық жетістігіне деген мақтаныш сезімі баурап алады. Мұның барлығы тәуелсіздіктің арқасы! Құрылған күнінен бастап бас қаламыз дамудың қазақстан­дық үлгісінің жарқын табысқа жеткенін паш етіп келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Рәсім аясында ел Президенті – Қазақстан Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы еліміздің жоғары әскери оқу орындарының түлектеріне офицерлік шен тапсырды. Оларға қайырылған Мемлекет бас­шы­сы бүгінде еліміздің көк туын «өңірде және бүкіл планетада қауіпсіздік пен тұрақ­ты­лықты қамтамасыз етуге бағытталған бей­бітшіл әрі салиқалы саясаттың символы» ретінде бүкіл әлем білетінін атап өтті.

– Қазіргі күрделі жаһандық геосаяси жағдайда жауынгерлеріміз түрлі қақ­тығыс ошақтарында бітімгершілік мис­сиясын абыроймен атқаруда. Офицер атағына тек адамгершілік құндылықтарды биік ұстайтын, темірдей тәртіпті сақтай­тын, шын беріле еңбек ететін адамдар ғана лайық. Еліміздің кәсіби Қарулы күштері заман талабына жауап беруі үшін мемлекет әрдайым барлық жағдай жа­сай­тын болады. Қазақ­станның қауіп­сіздігі сіздердің сапалы жұ­мыста­рыңызға тікелей байланысты, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Салтанат барысында отандық жоғары әскери оқу орнының 27 үздік түлегі Жоғарғы бас қолбасшысының қолынан офицерлік шен алды. Соңында Қ.Тоқаев қазақстандық­тарды, барлық қатысушыларды келе жат­қан Елорда күнімен құттықтап, Қа­зақ­стан халқына бейбітшілік пен бақ-бе­реке тіледі.

Похожие публикации

Лента новостей

14.01.20
NUR OTAN: Нұрлының мәселесі шешілді
10.01.20
Молодые люди напоили горячим чаем столичных комунальщиков
09.01.20
Все граждане Казахстана имеют равные права
09.01.20
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы
08.01.20
Nickelodeon мен Walt Disney қызыққан қазақ кім?
06.01.20
Мясопереработка и чистая вода. Что волнует жителей Павлодарской области?
27.12.19
Қасым-Жомарт Тоқаев жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарына көңіл айтты
26.12.19
Арман Кырыкбаев стал Секретарем партии Nur Otan
25.12.19
Честность и добропорядочность
24.12.19
Тілдің жайы сөз болды
21.12.19
Халықтан биік ешкім жоқ
20.12.19
Партийный контроль
18.12.19
«Алтын домбыра» мәресіне жетті
13.12.19
Активных членов «Nur Otan» отметили государственными и партийными наградами
13.12.19
«Nur Otan» партиясы қандастарға қолдау көрсетеді
11.12.19
Жұмыспен қамту көрсеткіші өскен
10.12.19
Нужно чаще говорить о Независимости - Павел Казанцев
09.12.19
ЕЛБАСЫ БИБІГҮЛ ТӨЛЕГЕНОВАНЫ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
09.12.19
Елордада «JYR AMANAT» концерт-спектаклі өтті
06.12.19
Елордада «Алтын тұғыр – 2019» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі өтті
Все новости

Архив публикаций

«    Январь 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
Поговорим о сериалах:

Наши партнеры

Наверх