
«Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев «Nur Media» холдингінің жұмысын қайта қалыптастыруды алдымызға міндет етіп қойды. Бұл бағытта партия ресурстарының жұмысын «жаңа» медиаға басымдық бере отырып жүргізудің маңызы зор. Осыған байланысты Болат Кальянбеков холдингтің бас директоры қызметіне тағайындалды. Жаңа қызметте табыс пен сәттілік тілеймін!» деп жазды Бауыржан Байбек.

