«Nur Suńqar» конкурсының жеңімпаздары анықталды


Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында журналистер арасындағы «Nur Suńqar» республикалық конкурсының мерейтойлық марапаттау салтанаты өтті.



Биылғы жылы «Nur Suńqar» конкурсы оныншы рет өткізіліп отыр. Осы аралықта конкурсты өткізу үлгісі, ережесі, аталымдар мен жүлделер де өзгертіліп, жетілдірілді. Бүгінгі таңда байқау еліміздегі медиа саласының қызметкерлерін ынталандыруға бағытталған беделді іс-шаралардың біріне айналды. Конкурстың мақсаты – отандық журналистерді, блогерлер мен шығармашылық ұжымдарды   қолдау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға, қоғамды жедел әрі объективті ақпаратпен қамтамасыз етуге қосқан үлесін бағалау. 
Марапаттау салтанатында сөз сөйлеген «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Nur Suńqar» конкурсының журналистер арасындағы өз ісінің нағыз майталмандарын қолдауға арналған іс-шара екенін атап өтті.



–Заман өзгеріп жатыр, жаңа технологиялар дамып, қоғамның сұраныс өзгеруде. Көпшілік әлеуметтік желілерден альтернативті ақпарат алады. Бүгінде әрбір адам журналист секілді жұмыс істеп, өз пікірі мен ойын әлеуметтік желілер арқылы халыққа жеткізуде. Дегенмен, кәсіби журналистердің рөлі өте маңызды. «Nur Suńqar» байқау дәл осы кәсіби журналистиканы қолдауды мақсат етеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 28 маусым Журналистер күні ретінде өз алдына бөлек мереке болып бекітілгенін жақсы білесіздер. Бұл – журналистердің қоғамдағы мәртебесін одан әрі өсіретін игі бастама. Сіздер халық пен мемлекет арасына дәнекер болып тұрған алтын көпірсіздер. Түйіткілді мәселелерді шешу мен жалпы елдің дамуы сіздердің кәсіби сөздеріңіз бен азаматтық ұстанымдарыңызға байланысты, - деді Бауыржан Байбек.



Он жылдың ішінде 100-ден астам журналист түрлі номинациялар бойынша жеңімпаз атанды. Жылдан-жылға конкурсқа қатысуға ниет білдірген жастардың саны артып келеді. Осыны ескере келіп, партия жастарға арналған «Жас серпіліс» номинациясы тағайындады. 
Биылғы өткен конкурс нәтижесі негізінде жеңімпаздар 10 аталым бойынша анықталды. Олар:
1.         «Халық дауысы» - Үздік телевизиялық журналист
2.         «Точка зрения» - Үздік телевизиялық журналист
3.         «Сөз зергері» - Үздік газет журналисі
4.         «Мастер слова» - Үздік газет журналисі 
5.         «Медиа-профи» - Үздік интернет басылым журналисі
6.         «Жас серпіліс» - Үздік жас журналист
7.         «Елбасы салған сара жол» - Елбасы қызметін ең жақсы көрсеткен жарияланым үшін марапат.
8.         «Партиялық жобалар жайлы жарық көрген ең жақсы жарияланым үшін».
9.         «Майталман» - Отандық журналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін.
10.       «Рухани жаңғыру» - Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын насихаттауға қосқан үлесі үшін марапат.



Үстіміздегі жылы конкурстың ұйымдастыру комитетіне 207 қатысушыдан мыңға жуық жұмыс келіп түсті. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов төрағалық еткен комиссия мүшелері төмендегі БАҚ өкілдерін жеңімпаз деп таныды. 

«Халық дауысы» номинациясы бойынша үздік телевизиялық журналист болып «Қазақстан» РТРК «Апта» бағдарламасының редактор-сарапшысы Айбек ҚОБДАБАЙ;
«Точка зрения» номинациясы бойынша үздік телевизиялық журналист болып «Хабар24» телеарнасының шығарушы редакторы Жұрағат БАМАН;
«Сөз зергері» номинациясы бойынша үздік газет журналисі болып  «Егемен Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары Ғабит МҮСІРЕП;
 «Мастер слова» номинациясы бойынша үздік газет журналисі болып  «Литер» республикалық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Талғат ИСЕНОВ;
 «Медиа-профи» номинациясы бойынша үздік интернет басылым журналисі болып Bnews.kz ақпарат агенттігінің бас редактор Акмарал ОЛЖАБАЕВА;
 «Жас серпіліс» номинациясы бойынша  үздік жас журналист болып «Хабар» Телеарнасы» АҚ сараптамалық бағдарламалар бөлімінің тілшілері Сәкен МАХАМЕТКЕРІМОВ пен Назымгүл КҮМІСПАЕВА танылды.
«Елбасы салған сара жол» номинациясы бойынша  Елбасы қызметін ең жақсы көрсеткен жарияланым үшін марапатын «Казахстанская правда» газетінің арнайы тілшісі Игорь ПРОХОРОВ иеленді.
«Партиялық жобалар жайлы жарық көрген ең жақсы жарияланым үшін» номинациясының сыйлығы «Астана ТV» телеарнасының ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар қызметінің арнайы тілшісі Екатерина БРЫНЮК пен «Айқын» газетінің шолушысы ГүлжанРАХМАНОВАҒА берілді.
«Рухани жаңғыру» Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын насихаттауға қосқан үлесі үшін марапатын «Астана Телеарнасы» ЖШС-ның атқарушы продюсері БазаркүлОТЫНШИЕВА мен «Абай» журналының тілшісі  Айгүл КЕМЕЛБАЕВА еншіледі. 
 «Майталман» номинациясы отандық журналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін «Жетісу» телеарнасының қызметкері Нұртілеу ИМАНҒАЛИҰЛЫНА берілді. 

Похожие публикации

Лента новостей

18.07.19
Депутаттар – Түркістанда
18.07.19
Кенттегі кешен керемет
18.07.19
Как программа «Жәрдем» помогает многодетным мамам
17.07.19
Көпқабатты үйдің құрылысымен танысты
17.07.19
Как прошла рабочая поездка депутатов в Уральск
17.07.19
Білім орталығы ашылды
16.07.19
В Алматы презентовали книгу Анвара Мамраимова «Великий Шелковый путь»
16.07.19
«Бақытты отбасы» жобасының аясында 11 отбасыға баспана берілді
16.07.19
«ҚҰТТЫ МЕКЕН» ЖОБАСЫНЫҢ ИГІЛІГІ МОЛ
15.07.19
Балалар жобасын қолдайды
15.07.19
Депутаты посетили ряд производственных объектов
12.07.19
Депутаты Мажилиса проводят встречи с населением
12.07.19
Бауыржан Байбек: Ел сенімі – ең үлкен құндылық
10.07.19
«Nur Suńqar» конкурсының жеңімпаздары анықталды
10.07.19
«Nur Suńqar» конкурсының жеңімпаздары анықталды
10.07.19
«Nur Suńqar» конкурсының жеңімпаздары анықталды
10.07.19
Болат Кальянбеков «Nur Media» холдингінің бас директоры қызметіне тағайындалды
10.07.19
Әлібек Әлденей «Nur Otan» партиясының хатшысы лауазымына тағайындалды
10.07.19
Председатель Молодежного крыла «Jas Otan» рассказал о запуске турнира с призовым фондом 4 000 000 тенге
10.07.19
Депутаты Мажилиса от партии «Nur Otan» проконтролировали ход реализации партийных проектов
Все новости

Архив публикаций

«    Июль 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
Оцените работу движка

Наши партнеры

Наверх