Білім орталығы ашылды

Nur Otan партиясының «Қазақстан кітапханалары – заманауи білім орталықтары» партиялық жобасы аясында білім орталығы ашылды.


Мәжіліс депутаты Ирина Аронованың Қостанай облысындағы Қарабалық ауда­нына жұмыс сапары аясында жаңа орталық­тың тұсауы кесілді.
– Бастысы, жастардың жаңаша білім алып, оны дұрыс пайдалана білуде. Техноло­гия­лардың келешегі зор. Сондықтан ин­но­ва­циялық білім алуға мүмкіндік жасау – мем­лекет саясатының маңызды ба­ғыт­­та­рының бірі. «Қазақстан кітапха­налары – заманауи білім орталықтары» жобасының шең­берінде қазір елімізде кітапханалар осындай уақыт талабына сай білім орталықтарына айнал­дырылып, тиісінше жабдықталып, элек­тронды үлгіге көшірілуде, – дейді Мәжіліс депутаты Ирина Аронова.

Мұнда түрлі әдебиеттермен, оқу құрал­дарымен қатар, кез келген ақпаратты онлайн режимде алуға мүмкіндік жасалған. Орталық интернет желісімен, цифрлы тех­нологиялармен, қажетті жиһаздармен толық­тай қамтамасыз етілген. Орталыққа келу­шілер қажетті ақпарат алып қана қоймай, өзара ой-пікір, тәжірибе алмасуға, шығармашылық еңбекпен айналысуға мүмкіндік алады. – Кітапхана жүйесі қайта жаңғыртылуда. Халықпен жұмыс істеуге басымдық беріледі. Тіпті оқырманның өзі өзгеріп, білімді адам­дар саны арта түседі. Осындай коуоркинг орталықтардың кітапханада ашылып, түрлі қызметтерді жаңа жүйеде ұсыну цифрлан­дыруға қарай жасаған кезекті қадам деп білуіміз керек, – дейді кітапхана қызметкері Үміт Ғалеева.

Орталық кітаптың, түрлі әдебиеттердің де қадірін арттырып, көпшіліктің уақытын тиімді өткізуіне септігін тигізеді. Айта кету керек, бұл – өңірдегі осымен алтыншы білім орталығы. Енді аудан тұрғындары халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінбей-ақ, бірқатар қызмет түрлерін ала алады.

Похожие публикации

Лента новостей

22.08.19
Асқар Мамин: Nur Otan – халықтың мұң-мұқтажын жете түсінеді
22.08.19
На Политсовете Елбасы поднял самые актуальные темы
22.08.19
Фракции «Nur Otan» в маслихатах готовы активизировать свою работу
22.08.19
Екатерина Смышляева: 7000 обращений граждан рассмотрено в 2019 году
22.08.19
Гульмира Исимбаева: Работа партии расширяется через социальные сети
21.08.19
Расширенное заседание Политического совета партии «Nur Otan» под председательством Первого Президента Казахстана
21.08.19
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
20.08.19
21 августа расширенное заседание Политического совета «Nur Otan»
20.08.19
Партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын шақыру туралы
08.08.19
Сәуле Нұрғожина: Заңсыз жолмен баспана алғысы келетіндер бар
30.07.19
«Жастар кадрлық резерв» байқауына қатысыңыз
26.07.19
Глава государства принял Первого заместителя партии «Nur Otan» Бауыржана Байбек
26.07.19
Во всех филиалах партии «Nur Otan» по Павлодарской области прошел день открытых дверей
26.07.19
Өтініштер түгел орындалады
26.07.19
Қарияларға қол ұшын берді
25.07.19
Бауыржан Байбек #Abai175 эстафетасын жалғастырды
25.07.19
Президент Академии журналистики Сагымбай Козыбаев: "Любите свою профессию, братцы!"
24.07.19
Строительство водопровода по проекту «Qutty meken» проинспектировали представители «Nur Otan»
23.07.19
В Туркестанской области подвели итоги общенациональной акции "BIRGE"
23.07.19
Қарабалықтағы коуоркинг-орталық
Все новости

Архив публикаций

«    Август 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Оцените работу движка

Наши партнеры

Наверх