Көпқабатты үйдің құрылысымен танысты

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Мәжіліс депутаттары Қанат Мусин, Шавхат Өтемісов келді, деп жазады Aikyn.kz.


Мәжілісмендер Зашаған кентіндегі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан 9 қабатты үйдің құрылысымен танысты. «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының негізгі мақсаты – халық үшін тұрғын үйдің қолжетiмдiлiгiн арттыру. «Жалпы, Орал – Саратов трассасы бойында бекітілген құжатқа сәйкес 9 үй салу жоспарға енді. Оның бүгінгі танда 7-еуі салынуда». Аталған үйлерден бас­қа осы жылдың төртінші тоқсанында Зашаған кентінде кезекте тұрған әлеу­меттік осал топтарға арналған құрылыс нысаны пайдалануға берілетінін айтты облыстық құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиев.

Шағын ауданда тағы да 3 көпқа­батты тұрғын үйдің құрылысына құжат­тама жасақталып жатыр. Жалпы айт­қанда, осы жылы 774 пәтер қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Өңірдегі тұрғын үй құрылысының қарқынды жүруі тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарта түсуіне игі ықпал ететіні анық.

– «Нұрлы жер» бағдарламасы ая­сында қазіргі таңда елімізде мыңдаған пәтер салынып жатыр. Нәтижесінде, көптеген жерлестеріміз баспаналы бо­лу­да. Бәрімізге белгілі соңғы уақытта көп­балалы отбасыларды тұрғын үймен қам­тамасыз ету жұмыстарына баса на­зар аударылып келеді. Съезд барысында Елбасы Үкіметке «Нұрлы жер» бағдар­ла­масын кеңейтіп, оның аясында көп­ба­лалы отбасыларға 40 мың жалдамалы пәтер салуды тапсырды. Бұл шараға жыл сайын 50 млрд теңге бөлінетін болады, – деді Мәжіліс депутаты Шавхат Өтемісов.

Спикер сондай-ақ барлық қаражат көпбалалы отбасыларды тұрған үймен қамтамасыз етуге жұмсалатынын атап өтті. Оның сөзінше, биыл 80 отбасы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құ­ры­лысы бағдарламасымен баспаналы болмақ. Сөз соңында депутат Шавхат Әнесұлы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының алға қойып отырған бас­ты мақсаты халықтың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын арттыру екенін айта ке­ле, келешекте баспана мәселесі то­лық­тай өз шешімін табатынын жеткізді.

Похожие публикации

Лента новостей

22.08.19
Асқар Мамин: Nur Otan – халықтың мұң-мұқтажын жете түсінеді
22.08.19
На Политсовете Елбасы поднял самые актуальные темы
22.08.19
Фракции «Nur Otan» в маслихатах готовы активизировать свою работу
22.08.19
Екатерина Смышляева: 7000 обращений граждан рассмотрено в 2019 году
22.08.19
Гульмира Исимбаева: Работа партии расширяется через социальные сети
21.08.19
Расширенное заседание Политического совета партии «Nur Otan» под председательством Первого Президента Казахстана
21.08.19
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
20.08.19
21 августа расширенное заседание Политического совета «Nur Otan»
20.08.19
Партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын шақыру туралы
08.08.19
Сәуле Нұрғожина: Заңсыз жолмен баспана алғысы келетіндер бар
30.07.19
«Жастар кадрлық резерв» байқауына қатысыңыз
26.07.19
Глава государства принял Первого заместителя партии «Nur Otan» Бауыржана Байбек
26.07.19
Во всех филиалах партии «Nur Otan» по Павлодарской области прошел день открытых дверей
26.07.19
Өтініштер түгел орындалады
26.07.19
Қарияларға қол ұшын берді
25.07.19
Бауыржан Байбек #Abai175 эстафетасын жалғастырды
25.07.19
Президент Академии журналистики Сагымбай Козыбаев: "Любите свою профессию, братцы!"
24.07.19
Строительство водопровода по проекту «Qutty meken» проинспектировали представители «Nur Otan»
23.07.19
В Туркестанской области подвели итоги общенациональной акции "BIRGE"
23.07.19
Қарабалықтағы коуоркинг-орталық
Все новости

Архив публикаций

«    Август 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Оцените работу движка

Наши партнеры

Наверх