Кенттегі кешен керемет

Шымкент қаласына жұмыс сапарымен барған Мәжіліс депутаты, Nur Otan партиясы фракция мүшесі Нұржан Әлтаев Continental Logistics Shymkent көлік-логистикалық орталығына барып, ондағы қызметкерлермен кездесу өткізіп, компанияның тыныс-тіршілігімен жете танысты.


2017 жылдың желтоқсан айында іске қосылған А+ санатындағы Continental Logistics Shymkent кешенінің бүгінгі жұмысы қарқынды. Мұнда құрғақ және климаттық қоймалардан бөлек контейнерлік терминал, кедендік ресімдеу аймағы мен ілеспелі құры­лымдар бар. Батыс Еуропа – Батыс Қытай көлік магистраліне және әуе­жайға жақын орналасқан Continental Logitics Shymkent көлік-логистикалық орталығында тікелей теміржол желісі де қарастырылған.

Мұндағы мамандар маркетинг пен менеджментті кеңінен қолдана отырып, кешеннің мүм­кіндіктерін толық пайдалануға кіріскен. Орталық жұмысымен танысқан депутат Нұржан Бауыржанұлы Шым­кенттегі алып кешенге келудегі басты мақсатын айтты:

– Көлік-логистикалық орталығы – ауыл шаруашылығының көптеген мә­се­лелерін шешетін маңызды жобаның бірі. Фермерлерге өнімдерін қалаларға шығару үшін логистикалық орталық, қоймалар қажет. Қазіргі таңда ауыл­шаруашылық өнімдерінің бағасының өсіп жатқаны осындай қоймалардың жоқтығынан болып отыр. Бұл үлкен жо­баның осы аймақта іске асып жатқа­нына өте қуаныштымын. 93 гектар ау­мақта орналасқан нысан тауарды жинау және сақтауға бағытталған орталықтың негізгі артықшылығы – нысанның қолайлы жерде орналасуы. Осында сақталатын отандық өнімдер жергілікті сауда орталықтарына жеткізіледі. Таяуда тағы бір жоба логистикалық ор­талықтың жанынан агро-индустриалды орталық салынбақшы. Ол жерде фер­мер­лердің келген тауарлары өңделіп, қоймаларда сақталады. Осы жобаларды жүзеге асыру үшін ары қарай да жұмыс­ты атқара беретін боламыз, – деді ол.

Орталықта Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Ресейден келіп жат­қан транзиттік жүктер сақталады және кедендік рәсімдеуден өтеді. Әрқай­сысының аумағы 10 мың 300 шаршы метр болатын екі қойма жұмыс істейді. Қоймалар халықаралық деңгейдегі «А» санатының талаптарына сай. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-эко­номикалық қарым-қатынасты жақ­сарту үшін енді екі ел арасында логисти­калық бірлескен кәсіпорын құру жоспарда бар.

Похожие публикации

Лента новостей

23.01.20
Из-за метели отменили занятия в школах и колледжах Нур-Султана
22.01.20
За 2019 год «Самрук-Қазына» заработал более миллиарда тенге
22.01.20
Нурсултан Назарбаев принял участие в заседании Конституционного Совета
22.01.20
Совет по противодействию коррупции партии «Nur Otan» рекомендовал привлечь к ответственности ряд должностных лиц
14.01.20
NUR OTAN: Нұрлының мәселесі шешілді
10.01.20
Молодые люди напоили горячим чаем столичных комунальщиков
09.01.20
Все граждане Казахстана имеют равные права
09.01.20
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы
08.01.20
Nickelodeon мен Walt Disney қызыққан қазақ кім?
06.01.20
Мясопереработка и чистая вода. Что волнует жителей Павлодарской области?
27.12.19
Қасым-Жомарт Тоқаев жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарына көңіл айтты
26.12.19
Арман Кырыкбаев стал Секретарем партии Nur Otan
25.12.19
Честность и добропорядочность
24.12.19
Тілдің жайы сөз болды
21.12.19
Халықтан биік ешкім жоқ
20.12.19
Партийный контроль
18.12.19
«Алтын домбыра» мәресіне жетті
13.12.19
Активных членов «Nur Otan» отметили государственными и партийными наградами
13.12.19
«Nur Otan» партиясы қандастарға қолдау көрсетеді
11.12.19
Жұмыспен қамту көрсеткіші өскен
Все новости

Архив публикаций

«    Январь 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
Оцените работу движка

Наши партнеры

Наверх