Қарабалықтағы коуоркинг-орталық

Қостанай облысына қарасты Қарабалық кентінде Nur Otan партиясының аудандық филиалының қолдауымен «Білім орталығы» коуоркинг-орталығы ашылды. Аудандық кітапханадан орын тепкен орталықта балалардың уақытын барынша тиімді әрі пайдалы өткізуге барлық жағдай жасалған, деп жазады Aikyn.kz.


Өскелең ұрпақтың жан-жақты дамып, әрі интеллектуал, әрі рухани тұрғыда дамып, жетілуіне Nur Otan жағдай жасап, арнайы жоба әзірлеген болатын. Бүгінде мұндай орталықтар шығарма­шы­лық шыңдауға да таптырмас ме­кенге айналып отыр. Қарабалық­тағы коуоркинг-орталықтың ашылуына Мәжіліс депутаты Ирина Аронова қатысты. «Мектептер мен кітапха­налар­дың жанынан балаларға арналған коуоркинг-орталықтарды ашу – заман талабы.

Осындай жерге келу арқылы жеткіншектердің ой-өрісі кеңейіп, шығармашы­лықпен айналысуға құлшынысы артады. Түрлі танымдық іс-шараға қатысу үшін бұл жерлерде барлық жағдай жасалғанын айта кету керек. Меніңше, партиялық жоба­лардың іске асырылып жатқанын жұртшылыққа осындай нақты мы­­салдар арқылы, жағымды нә­ти­желермен көрсете аламыз» дейді депутат. Аронованың айтуынша, қажет инфрақұрылым жасау арқылы кітапханаларға ағылатын жастар­дың саны арта түседі. Ал бірыңғай электронды кітапхана – білім алу­ға құштарлық оятатын күшті құ­рал. Тұңғыш Президенттің «Ру­хани жаңғыру» бағдарламасында атап көрсеткен маңызды міндет­тердің бірі де – осы.

«Бүгінгі таңда біздің кітапхана оқырманға ақ­параттық қолдауды жан-жақты көрсетіп отыр. Сол себепті, «Білім орталығының» кітапханада ашыл­ғаны тіпті жақсы. Алға қойған мақсаттарға жету үшін бұдан артық орын болмас. Өйткені білім алуға ең қолайлы мекен, бәрі қол­жетімді жерде тұрады. Мұндай ор­талықты ашудағы мақсат – қазіргі заманауи трендтерге ілесіп, сай болу. Осылайша, қолдану­шы­ларды біріктіріп, жұмылдырамыз» дейді кітапхана қызметкері Үміт Галеева. «Білім орталығы» соңғы үлгі­дегі заманауи құралдармен жаб­дықталып, жоғары жылдамдық­тағы интернетке қосылған. Соны­мен бірге, облыста мұндай орталықтың бүгінде алтауы бар екенін де атап өту қажет. Білім өрісін кеңейтуден бөлек, бұл жер­де шеберлік сағаттарын, семинар-тренингтер өткізуге де болады.

Похожие публикации

Лента новостей

22.08.19
Асқар Мамин: Nur Otan – халықтың мұң-мұқтажын жете түсінеді
22.08.19
На Политсовете Елбасы поднял самые актуальные темы
22.08.19
Фракции «Nur Otan» в маслихатах готовы активизировать свою работу
22.08.19
Екатерина Смышляева: 7000 обращений граждан рассмотрено в 2019 году
22.08.19
Гульмира Исимбаева: Работа партии расширяется через социальные сети
21.08.19
Расширенное заседание Политического совета партии «Nur Otan» под председательством Первого Президента Казахстана
21.08.19
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
20.08.19
21 августа расширенное заседание Политического совета «Nur Otan»
20.08.19
Партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын шақыру туралы
08.08.19
Сәуле Нұрғожина: Заңсыз жолмен баспана алғысы келетіндер бар
30.07.19
«Жастар кадрлық резерв» байқауына қатысыңыз
26.07.19
Глава государства принял Первого заместителя партии «Nur Otan» Бауыржана Байбек
26.07.19
Во всех филиалах партии «Nur Otan» по Павлодарской области прошел день открытых дверей
26.07.19
Өтініштер түгел орындалады
26.07.19
Қарияларға қол ұшын берді
25.07.19
Бауыржан Байбек #Abai175 эстафетасын жалғастырды
25.07.19
Президент Академии журналистики Сагымбай Козыбаев: "Любите свою профессию, братцы!"
24.07.19
Строительство водопровода по проекту «Qutty meken» проинспектировали представители «Nur Otan»
23.07.19
В Туркестанской области подвели итоги общенациональной акции "BIRGE"
23.07.19
Қарабалықтағы коуоркинг-орталық
Все новости

Архив публикаций

«    Август 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Оцените работу движка

Наши партнеры

Наверх