Өтініштер түгел орындалады

Тараз қалалық партия филиалындағы депутаттық фракциясының мүшесі, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Марат Смаилов қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Кездесуге келген азаматтар түрлі мә­селелер бойынша өтініш-тілегін айтты. 


Қоғамдық қабылдаудың алғашқы қонағы Владимир Киров №2 қалалық аурухана қызметкерлеріне наразылығын білдірді. Оқыстан құлап, аяғын ауыртып алған ол №2 қалалық аурухана қызметкерлері қызмет көрсетуден бас тартқанын айтып шағымданды. Дәрігерлер тұрғылықты №9 қалалық емханаға барып көрініп, жарақаты ауыр болса №1 қалалық ау­руханаға жолдама беретінін айтыпты.

Өз кезегінде Марат Смаилов №9 қалалық емханасының бас дәрігерімен сөйлесіп, науқастың тезірек ем алуына қол ұшын берді. Орталыққа келген жалғызбасты ана Қаракөз Кабылбекова атаулы әлеуметтік көмек ала алмай жүргенін айтып, осы мәселе оң шешімін тапса екен деген тілегін жеткізді. Оған қалада мекенжайы бойынша тіркеуге тұрмағандықтан, зей­нетақы жинақтау қорында да қаражаты жоқ болғандықтан, атаулы әлеуметтік көмек берілмеген екен. Көмекке зәру ананың айтқан өтінішін мұқият тыңдаған Тараз қалалық мәслихатының депутаты Марат Смаилов бұл мәселені уәкілетті органдарға бағыттап, оның оң шешілуіне ықпал ететінін жеткізді. Қабылдауда болған Перизат Батыр­бекқызы да жәрдемақыға құжат өткіз­генімен әлі күнге ақшасы түспей жат­қанына наразылық білдірді.

Көпба­лалы ананың құжаттары қайтадан ретке келтіріліп, толық рәсімделген соң жәрде­мақы алдағы тамыз айында түсетін бол­ды. – Әрине, бүгінгі күні орталыққа жеке мәселелерімен келетін азаматтардың қа­тары көп. Дегенмен оларға арнайы ма­мандар жауап беріп, кез келген мәселе бойынша түсіндірме жұмыстары жүр­гізілуде. Орталыққа атаулы әлеуметтік көмекке қатысты сауалдар көптеп жол­данады. Қалалық жұмыспен қамту ор­талығы арқылы бұл мәселе бойынша барынша түсіндірме жұмыстарын ширату керек. Оның үстіне кей азаматтар табыс көзіне байланысты шеттетіліп жатады.

Бұл мақсатта қала әкімдігімен бірлесе оты­рып, бірнеше жиын өткізіп, тұр­ғын­дарға түсіндіру жұмыстарын өткіздік. Сондай-ақ Nur Otan партиясы Тараз қа­лалық филиалы, Тараз қалалық мәсли­хатының депуттатары да барынша көмек көрсетіп жатыр. Осындай қоғамдық қабылдаулар арқылы тұрғындардың көкейінде жүрген мәселелерді шешуге дайынбыз, – дейді Тараз қалалық мәслихатының депутаты Марат Смаилов. Іс-шара қорытындысы бойынша көптеген сұрақ сол жерде шешімін тапты, әдістемелік және тәжірибелік ұсыныстар берілді.

Похожие публикации

Лента новостей

22.08.19
Асқар Мамин: Nur Otan – халықтың мұң-мұқтажын жете түсінеді
22.08.19
На Политсовете Елбасы поднял самые актуальные темы
22.08.19
Фракции «Nur Otan» в маслихатах готовы активизировать свою работу
22.08.19
Екатерина Смышляева: 7000 обращений граждан рассмотрено в 2019 году
22.08.19
Гульмира Исимбаева: Работа партии расширяется через социальные сети
21.08.19
Расширенное заседание Политического совета партии «Nur Otan» под председательством Первого Президента Казахстана
21.08.19
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
20.08.19
21 августа расширенное заседание Политического совета «Nur Otan»
20.08.19
Партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын шақыру туралы
08.08.19
Сәуле Нұрғожина: Заңсыз жолмен баспана алғысы келетіндер бар
30.07.19
«Жастар кадрлық резерв» байқауына қатысыңыз
26.07.19
Глава государства принял Первого заместителя партии «Nur Otan» Бауыржана Байбек
26.07.19
Во всех филиалах партии «Nur Otan» по Павлодарской области прошел день открытых дверей
26.07.19
Өтініштер түгел орындалады
26.07.19
Қарияларға қол ұшын берді
25.07.19
Бауыржан Байбек #Abai175 эстафетасын жалғастырды
25.07.19
Президент Академии журналистики Сагымбай Козыбаев: "Любите свою профессию, братцы!"
24.07.19
Строительство водопровода по проекту «Qutty meken» проинспектировали представители «Nur Otan»
23.07.19
В Туркестанской области подвели итоги общенациональной акции "BIRGE"
23.07.19
Қарабалықтағы коуоркинг-орталық
Все новости

Архив публикаций

«    Август 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Поговорим о сериалах:

Наши партнеры

Наверх