Ерлан Қаналимов, Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының орынбасары: Басты бағдарымыз – ашықтық

Бұған дейін Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – Nur Otan партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдар­ламасын ұсынған еді. Нақты айтқанда, Елбасы бағдарламаға сәйкес, партияның белсенді мүшелерін топтастыру, жем­қорлықпен күресті күшейту және партия қатарынан лайықты емес мүшелерді шығару, партияның қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруды тапсырды. «Партияның күнделікті жұмысын айтарлықтай жандандыру керек. Біз үлкен деректер мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, халықтың сұранысына алдын ала жауап беруді үйренуіміз керек» деген болатын. Елбасы тапсырмасынан бері екі ай уақыт өтті. Партияның аймақтық филиалдарында атқарылып жатқан жұмыс, жаңа жобалардың іске асуы жайында Nur Otan партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының орынбасары Ерлан Қаналимовпен сұхбаттастық, деп хабарлайды aikyn.kz
— Елбасының партия жұмы­сын жандандыру жөніндегі тапсыр­масынан соң, елордалық филиалда қандай оң өзгерістер болды? 
— Елбасы партияның кеңей­тілген саяси кеңесінің отырысында Nur Otan-ның жұмысын жаңғырту бойынша бізге нақты жеті тап­сыр­ма берді. Бірінші кезекте пар­тия­­ның жұмысына белсенді қатыспай­тын­дарды мүшеліктен шығар­дық. Санда бар, сапада жоқ пар­тия мүшелерінен тазарттық. Екі ай ішінде 5986 адам партия қатары­нан шығарылды. Өйткені көбі­мен жұмыс орнының ауысуына, өзге аймақтарға қоныс аударуына байланысты партиямен байланыс үзіліп қалды. Партиялық шараларға үнемі атсалысатындарды қал­дырдық.
Бұған дейін елордадағы бас­тауыш партия ұйымдарының саны 392 болатын. Бәрінің жұмы­сын саралап шықтық. Кейбір ұйым­дар­дың жеті-сегіз ғана мүшесі бар. Саны аз ұйымдарды қысқарту немесе басқасына қосу арқылы жұмыс жүйелі жүріп жатыр. Соның 42-і қысқарды. Нұр-Сұлтан — өнеркәсібі мен құрылысы дамыған қала. Сондықтан бас қалада бас­тауыш партия ұйымдарының санын көбейту жоспарымызда бар. Жалпы, төрт аудан бойынша 40 бастауыш партия ұйымы құрылуы керек. Мыңнан астам қызметкері бар кәсіпорындарды қамтуды көздеп отырмыз. Бүгінде жаңадан 9 партия ұйымын аштық.
— Сыннан нәтиже бар ма? 
— Ерекше атап өтер жайт, әуелі біз халыққа ашықтықты көр­сетуіміз керек. Оның айқын дәлелі — қалалық қоғамдық қабылдау бөлі­мінің жұмысын қарқынды жүр­гізу. Ай сайын қаладағы он не­гізгі мәселені көтереміз. Әлеумет­тік желідегі елдің пікірін қарай­мыз. Филиалға шағымданып келуші­лердің мұң-мұқтажын тыңдай­мыз. Елбасы бұған дейін халық­пен етене жақын жұмыс істеу жолда­рын қарастыруды тапсырған бола­тын. Партия көшбасшысының тапсыр­масы жүйелі іске асып жатыр.
— Нұр-Сұлтан қаласы қорда­ланған мәселелерді шешуде өзге аймақтарға үлгі көрсете ала ма? 
— Қалада шешімін таппаған мәселе көп. Ел ішіндегі кейбір проблемалар ақпарат, мәліметтің жоқтығынан шешімін таппайды. Кейбіреулер өз мәселесі бойынша қандай мекемеге барып, кө­мек сұрарын білмей жатады. Пар­тиялық бақылау бөлімі, қоғамдық кеңес бар болғандықтан, қала бойын­ша бірінің жұмысын бірі қай­та­лайтын мекемелердің қыз­ме­тін қысқарттық. Оның орны­на халықпен тікелей жұмыс істей­тін қызметкерлер санын көбейт­тік. Бұрын 9 болса, қазір 15-ке жеткіздік. Елдің мәселесін қарай­тын комиссия құрамына ешқандай мемлекеттік мекеменің қызметкері кірген жоқ. Қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, әлеуметтік қор­лар, үкіметтік емес ұйым мүше­лері, БАҚ өкілдері бар. Олар екі комиссияның жұмысына ақпарат беріп отырады. Халық мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қыз­меті, жауапты жұмысын анық білуі қажет. Комиссияның әрбір отырысынан соң, біз жұмыс жоспа­рын дайындаймыз. Мәселелер дер кезінде шешімін тауып жатыр. Қиын мәселе болса, оны қайта қараймыз. Халық хабардар болу үшін комиссияның отырысын әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде жүргіземіз. Күні кеше «Еркін пікір» алаңының жиналысы өтті. Мәселен, қаладағы күрмеуі қиын, ең күрделі мәселе қоғамдық көліктің жайы болды. Бұрын халық естімеген проблеманы жиында тал­қыладық. Жоспарымызды қала әкімі бекіткен соң, орындауға жібе­реміз. Екі комиссияның мүшелері толық орындалуын қадағалайды.
— Қала басшысы соңғы жыл­дары күрделі проблемаға айналған үлескерлер мәселесін салынып біт­пеген құрылыс алаңдарына барып қадағалап жүр. Үлескерлердің үміті ақтала ма? 
— Бас қалада алданып қалған үлескерлердің проблемасы өте өзекті. Қала әкімінің тапсырма­сы­мен үлескерлердің баспана мәсе­­лесін кезең-кезеңімен шешуді жүйе­лі бақылауды қолға ал­дық. Қала бойынша жалпы 49 нысан­да 79 үй салынып жатыр. 14 500 үлескер бар. Құрылыс компания­ла­рының жұмыс кестесі мен үлес­кер­лердің талабын қатаң қадағалап отырмыз.
Сондай-ақ үлескерлерге құ­қық­тық көмек беру мәселесін де шеш­тік. «Заңгерлік көмек» партиялық жобасы аясында кеңес беруге әр­дайым әзірміз. Кейбіреулер тегін көмек түрлерін білмей жатады. Ақылы қызметтерге қаржысы жоқ­тар да бар. Көбі проблеманы заң­ды жолмен шешудің тетіктерін түсіне бермейді. Прокурорлар, құқық қорғау органдарының қыз­мет­керлері үлескерлермен тікелей жүздесіп, мәселені уақытымен шешіп жатырмыз. Барлық жауап­ты мекемелер бірлесіп, бірінші рет қабылдау өткіздік. Бүкіл құ­қық қорғау органдарының жауап­ты өкілдері бірлесе отырып, адамдар­дың талап-өтініштерін егжей-тегжейлі қарап берді. Қабылдаудың артықшылығы — азаматтар бір мәселе үшін он мекемеге сандалып, уақыт жоғалтпайды. Мәселе бір жерден шешіледі.
— Елбасы Jas Otan Жастар қанатының жұмысын жүйелеуді тапсырды. Мерекелік іс-шаралардан бөлек, партияның жұмысына жастар қатыса ма?
— Нұр-Сұлтанда 35 жасқа де­йін­гі жастардың саны — 248 мың, яғни қала халқының төрт­тен бір бөлігі. Оның 90 мыңы – сту­денттер. Біздегі мәселе – 25 мың­­дай жұмыссыз, өзін-өзі жұмыс­­пен қамтыған, базар, құры­лыста жұмыс істейтін азаматтарды партия қатарына тарту. Оларға жол көрсету, бағыт тауып беру. Пар­тия олардың ұсыныс-өтіні­шін тыңдауға, қабылдауға дайын. Қол­ұшын беруге әзірміз. Бас қалаға келіп, жұмыс іздеп жүргендердің тұрақ­ты жұмыс тауып, кәсіп ашуы­на қолдау көрсетеміз. Ең өзекті мәселе — жазалау мекемесінен босап шыққан азаматтарды қо­ғам­ға қайта бейімдеу. Қателігін қайта­ла­мау үшін көмектесеміз.
— Партияның пилоттық жоба­лары көп. Олардың нәтижесі бар ма? 
— Тұрақты іске асып жатқан жобалар өзектілігін жоймайды. Өйткені халыққа керек. Жуырда жаңа жобаны жүзеге асырамыз. Қала бойынша емделуге мұқ­таж мүгедек балалардың сауы­ғып кетуіне қолғабыс етеміз. Олардың мәселесін демеушілердің қол­дауымен, партияның атсалысуы­мен шешу ойымызда бар. Мәселен, медицина ұйымдарымен бірлесіп, 38 балаға көмек көрсеттік. Оның ішінде қымбат ақылы операциялар да бар. Кезегін күтсе, айлап-жыл­дап квотаны ұзақ күтуі мүмкін еді.
Сонымен қатар әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға тұрақты көмек көрсетеміз. Оларға жылдық қамқорлықты бекітіп, алдағы уақытта жүзеге асырамыз. Қалада 925-тен астам әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасы бар. Осы жылы 50 отбасын алып, бір жыл бойы үз­діксіз көмектесу ойымызда бар. Қиналған шағында қолдау біл­дірсек, ары қарай тұрмысы түзеліп кетеді. Партия халықтың мәселесін шешуде, мұң-мұқтажын тыңдауда, шешімін таппаған мәселелерімен қабылдауға қашан да дайын.
— Әңгімеңізге рақмет!  
Сұхбаттасқан Майра ЖАНЫСБАЙ

Похожие публикации

Лента новостей

20.02.20
Бауыржан Байбек осмотрел детсад Экибастуза, который находится в аварийном состоянии
19.02.20
Nur Otan партиясының басшылығы Павлодарда
18.02.20
Строительство котельной в селе Новочерноярка взято на контроль Nur Otan
18.02.20
Бауыржан Байбек Павлодар облысы тұрғындарымен жүздесіп, аймақтағы проблемаларды талқылайды
18.02.20
Тұңғыш рет музыканттар 75 шығарманы үзіліссіз орындап, Гиннесстің рекорд­тар кітабына енді
18.02.20
Дұрыс диалог жүргізуді тапсырды
14.02.20
Қазанда басталатын халық санағына онлайн қатысуға болады
13.02.20
Бибигуль Жексенбай – президент клуба главных редакторов
12.02.20
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ВОЛОНТЕРЛЕР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЕЛШІСІ АТАНДЫ
12.02.20
Коронавирус может негативно отразиться на экономике Казахстана — Назарбаев
12.02.20
Ситуация меня сильно тревожит — Назарбаев высказался о кордайском конфликте
10.02.20
"ЖӘРДЕМ" медициналық пойызының дәрігерлеріне алғыс білдірді
07.02.20
Роль женщины в современном обществе особенно возрастает - Бауыржан Байбек
06.02.20
NUR OTAN қандасымыздың мәселесін жедел шешіп берді
06.02.20
Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады
06.02.20
АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН АБЗАЛ ЖАНДАР
04.02.20
«Нұр Медиа» холдингінің қызметкерлері #BizBirgemiz челленджін қолдады
04.02.20
«Халыққа көмек»: Баспана, әлеуметтік проблеманы шешудің тиімді жолдары көп
04.02.20
Партия «Nur Otan» держит на контроле вопрос строительства общежитий
04.02.20
Акимы должны оперативно реагировать на изменение цен – Мамин
Все новости

Архив публикаций

«    Февраль 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829 
Поговорим о сериалах:

Наши партнеры

Наверх