Алматыдағы ең үлкен көк байрақ Медеуде желбіреді

«Медеу» мұз айдынының маңына Алматыдағы ең үлкен Ту тігілді. Көк байрақты көтеру салтанатына есімдері елге белгілі спортшылар мен қаладағы жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.«Мемлекеттік туымызды Алматының төрінде желбіретуіміздің ерекше мәні бар. Елбасы айтқандай, Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі. Осы жерде Елбасы, еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздігімізді жария етіп, қастерлі мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз бен ұлттық теңгеміз қабылданды. Ал «Медеу» – еліміздің және шетелдік талай спорт саңлағының әлемдік рекордына куә болған әсем де, даңқты мекен. Дәл осы жерде Азияда және Универсиада өткенін білесіздер. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, «Көк байрағымыз көкке көтерілгенде, еліміз үшін, Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізген барлық жетістіктеріміз үшін кеудемізді мақтаныш сезімі кернейді». Елтаңбамыз елдік бен еркіндіктен бастау алған рухымызды аспандатып, айбынымызды асыра түссін! Әуезді Әнұранымыз мәңгі шырқалып, арман-аңсарымызды көкке самғата берсін! Байтақ Отанымыз, қасиетті Қазақ елі күн сөнгенше сөнбесін! Әрқашан көк Туымыз көгімізде желбірей берсін», - деді «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.
Салтанатты шарада сөз алған Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров спорттың арқасында дүние жүзінің талай жерін аралағанымен, Қазақстаннан артық мекен жоқ екеніне көзі жеткенін айтты.
«Кең байтақ Қазақ жерін әлемге танытатын, мемлекетімізді алдыңғы қатарлы ел ететін де сендерсіңдер. Даңқты спортшыларымыздың жолын жалғап, шетелдерде Әнұранымызды шырқатып, көк байрағымызды желбірететін де өздерің. Сондықтан Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына барлығымыз бір кісідей атсаласайық!» - деді ардагер спортшы.
Айта кету керек, еліміздің Ұлттық Баскетбол федерациясы Мемлекеттік Туды Медеуге орнату туралы бастама көтерген-ді. Бұл бастамаға «Nur Otan» партиясы мен Алматы қаласының әкімдігі қолдау көрсетті. Тудың биіктігі   40 метр, ал көлемі – 7 де 14 метр.

Похожие публикации

Лента новостей

16.11.19
«Nur Otan» консолидирует активных граждан в регионах
16.11.19
«Качая права»
16.11.19
Тұрғындар өтініші – басты назарда
15.11.19
Халық игілігі артуда
12.11.19
Проблемы каждого населенного пункта страны соберет "Nur Otan"
12.11.19
Үміткерлер пікірталасы
11.11.19
Что приготовил телеканал "Астана" к 175-летию Абая
08.11.19
Встреча с министром
08.11.19
Как прошла встреча Касым-Жомарта Токаева и Владимира Путина
08.11.19
Тегеурінді қимыл табысқа жеткізеді
06.11.19
Елбасы қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысымен танысты
04.11.19
Коррупция в ВУЗах. Как решать проблему
29.10.19
Шымкент жастары акцияны қолдады
29.10.19
Оптоволокно и 4G в поселках. Как будет развиваться казахстанский интернет
26.10.19
Nur Otan-да мемлекеттік тілді дамыту жайы сөз болды
23.10.19
В Нур-Султане пройдет форум Digital Bridge
23.10.19
Ермухамет Ертысбаев: «Не бойтесь Китая, бойтесь показных патриотов»
23.10.19
Кәсіпкердің көмегі
23.10.19
Ситуация с Крымом и Донбассом: Что еще обсуждали в Японии Назарбаев и Зеленский
21.10.19
«Береке бірлігіңде, Елім» атты республикалық ақындар айтысы өтті
Все новости

Архив публикаций

«    Ноябрь 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Поговорим о сериалах:

Наши партнеры

Наверх