Түркі келешегі – татулықта

Тайталасқа түсіп, тұрақты­лы­ғынан айы­рылып, тоқырауға ұшырай бастаған төрт­күл дү­ниеде түркі әлемі татулығы мен тұ­­тастығын сақтаса, ке­лер замандарға бауы­­ры бү­тін, төрт құбыласы түгел же­тіп қана қоймай, өркениет төрі­нен орын ала алмақ. Әзірбай­жан астанасы Бакуде «түр­­кі әле­­мі­­нің ақсақалы» деп құр­мет­те­ле­­тін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қа­тысуымен түр­кітіл­дес елдердің саммиті өтті, деп жазады aikyn.kz.
Қысқаша «Түркі кеңесі» аталатын Түркітілдес мем­лекеттердің ын­ты­мақтастығы кеңесінің 7-отыры­сында Нұрсұлтан Назарбаев Өз­бек­стан
пре­зиденті Шавкат Мир­зиёев­ті және бүкіл өзбек хал­қын осы кеңес­ке толыққанды мүше болуымен құттықтады.
– Кеңестің құрамына Өзбекстан­ның мүше болуы – бүкіл түркітілдес қауымдастық үшін тарихи әрі көптен күткен оқиға, – деп бағалады Қазақстан­ның Тұңғыш Президенті.
Сонымен қатар ол Будапеште Түркі кеңесінің өкі­л­дігін ашу – ын­тымақтастықтың Еуропа векто­рын дамытуда ерекше маңызды екенін атап өтті.
Сондай-ақ Елбасы Қырғыз­стан­ның Түркі кеңе­сіне төраға қыз­метіндегі жұмысын жоғары ба­ға­лады.
– Маған «Түркі кеңесінің Құрметті төрағасы» мәр­тебесін беру туралы ұсынысы үшін Түркия пре­зиденті Режеп Тайып Ердоғанға алғыс білдіре­мін. Осы бастаманы қолдағандарыңыз үшін бар­шаңызға ризамын. Бұл жоғары мәртебе маған ор­тақ ұйымымыздың жұмысына одан әрі белсенді қа­тысуға мүмкіндік береді, – деді Н.Назарбаев.
Елбасы Түркі кеңесінің құрылу тарихына және осы жылдардағы жетістіктеріне тоқтала кетті.
– Мерейтойлық межеге біз жақ­сы жетіс­тік­тер­мен жеттік. Бірін­шіден, жаһандық тұрғыда да, өз ішімізде де ұйымға сұраныс бар еке­нін әрі оның өзектілігін дәлел­дей алдық. Екіншіден, кеңестің қатары Өзбекстан және Венгрия есебінен то­лықты. Бұл – біздің бірлескен жылнамамыздың жаңа парағы. Үшіншіден, елдеріміз сал­мақты инс­титуттық архитектура қа­лыптастырды. Төртін­шіден, кеңес­тің өңірлік және халықаралық деңгей­дегі саяси және экономикалық бе­делі өсіп келеді. Бе­сін­шіден, «Түркі әлемі интеграциясының тұ­жы­­рым­­дамасы» қабылданды, – деді Тұңғыш Президент.
Ол Түркі интеграциясы процесін жалғастырудың маңызына екпін түсіре келе, Түркі кеңесін одан ары да­мыту бойынша екі ұсыныс айтты.
– Біріншіден, «Түркі келешегі – 2040» бағ­дар­ламасын әзірлеу. Бұл құжатқа түркітілдес қо­ғам­дастықтың ұзақмерзімді мақсаттары мен оған қол жеткізу жолдары енгізілуі тиіс. Осылайша, біз мемлекеттеріміз үшін сыртқы саясат пен «жұм­сақ күш» саясаты, сауда және транзит, ту­ризм және инвестиция, энергетика мен жасыл эко­номика, шағын және орта бизнес сияқты басым бағыттардағы ынтымақтастықты нығайтуға ай­тар­лықтай серпін береміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар ол іс-шаралар бағдарламасына мәдениет және білім беру, жастар саясаты мен ден­саулық сақтау, цифрландыру және жасанды интеллект салаларын енгізу қажетін нықтады.
Сондай-ақ Елбасы «түркі әле­мінің бесігі» сана­латын Түркістан қаласын бірлесе дамытудың маңы­зына назар аударды.
– Екіншіден, болашақта кеңесі­міздің атауын қайта қарауды ұсы­намын. Түркітілдес мемлекеттер ын­тымақтастығы кеңесін (ТМЫК) ұйым деңгейіне дейін көтеруге болады деп санаймын. Осылайша, біздің құрылымды «Түркітектес мемлекеттер ұйы­мы» (ТМҰ) деп атауға болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Саммит аясында Қазақстанның Тұңғыш Пре­зи­денті Өзбекстан көш­басшысы Шавкат Мирзиёев­пен кездесті. Кездесу бары­сын­да Нұрсұлтан Назарбаев Ш.Мирзиёев­тің басшылығымен қол жеткізіл­ген өзбек елінің әлеуметтік-эко­номикалық дамуының нәтиже­леріне мән берді.
– Қазақстан мен Өзбекстан – өте жақын және маңыз­ды серіктес. Өзара тауар айналымы 2,5 миллиард долларға жетті. Бұған дейін мұн­дай көр­сет­кіштер болған емес. Бұл жақсы перс­пек­тива­ға жол ашып отыр, – деді Елбасы.
Өз кезегінде Шавкат Мирзиёев екі елдің табыс­ты ынтымақтастығына көбіне Қазақстанның Тұң­ғыш Президентінің салиқалы саяса­тының ар­қасында қол жеткізілгенін айтты. Сондай-ақ ол Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында өтіп жат­қан іс-шаралардың орындалу барысы жөнінде ха­бардар етті.
Н.Назарбаев Түркия президенті Режеп Ердо­ғанмен жүздесті. Елбасы мен түрік лидері түркі әлемі елдері интеграциялық үдерісінің қазіргі жағ­дайы мен алдағы перс­пек­тиваларын талқылады. Со­н­ымен қатар тараптар аймақтық қауіпсіздікті жә­не Еуразия құрлығы мемлекеттерінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мәселелері жөнінде пікір ал­масты.

Похожие публикации

Лента новостей

27.05.20
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөйлеген сөзі
27.05.20
Глава государства принял участие в третьем заседании Национального совета общественного доверия
27.05.20
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
21.05.20
1,3 млн. казахстанцев получили помощь от фонда «Birgemiz»
21.05.20
1,3 млн. қазақстандық «Birgemiz» қорынан көмек алды
20.05.20
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
20.05.20
Стартовал прием заявок на республиканский конкурс среди журналистов Nur Suńqar
20.05.20
Журналистер арасында Nur Suńqar байқауы жарияланды
15.05.20
Қазақстандықтар Kaspi.kz арқылы рекордтық мөлшерде онлайн зат сатып алды
15.05.20
Қазақстанда коронавирустан сауыққандар саны 2558-ге жетті
15.05.20
Елордаға кімдер кіріп-шыға алады
15.05.20
Что и кому Казахстан продает на экспорт? Топ-10 товаров, которыми зарабатывает страна
14.05.20
Тяготы легче преодолеваются сообща — Байбек
14.05.20
Жители поселка в Павлодарской области получат центральное теплоснабжение спустя 30 лет
13.05.20
Мақтааралға арналған көмекті блокпосттан өткізбей жатыр деген ақпарат – жалған
09.05.20
Жители Туркестанской области получат 400 тонн гуманитарной помощи
09.05.20
Елбасы қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
07.05.20
Nur Otan и городские власти поздравили ветеранов Алматы
06.05.20
Ерлан Саиров: Праймериз Nur Otan открыт для всех
05.05.20
Nur Otan партиясы Түркістан облысына 40 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтті
Все новости

Архив публикаций

«    Июнь 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
Оцените работу движка

Наши партнеры

Наверх