Кәсіпкердің көмегі

Жыл басынан бері Алматы облысында «Бақытты отбасы» жо­басы аясында 136 отбасы баспаналы болды. Осы айдың басында  Талдықорған қаласында өткен «Қала күні» мерекесіне орай, Nur Otan партиясы облыстық филиалының төрағасы,  өңір  басшысы Амандық  Баталов 100 көпбалалы отбасына коттедж кілтін тапсырған еді. Енді, міне, осындай қуанышты қоныстойды Еңбек­шіқазақ ауданы Шелек ауылында тұратын Манапбаевтар тойлауда. Көпбалалы отбасына қолдау көрсетіп, баспана алуына кө­мек қолын созған азамат – жеке кәсіпкер, Алматы облыстық мәс­лихатының депутаты, Nur Otan партиясы фракция мүшесі Жанкелді Осан, деп жазған aikyn.kz.
«Бақытты отбасы» ұлттық жо­басының жүзеге асуына өзінің аза­маттық үлесін қосуды ойға ал­ған Жанкелді Көшімбайұлы өз қаражатына Шелек ауылынан са­тып алынған алты бөлмелі тұр­ғын үйді ерекше күтімге мұқтаж, үш ба­ла өсіріп отырған ана Алма­гүл Манапбаеваға тарту етті. Бас­пананың ішін заман талабына сай әрлеп, сырлап, қажетті жиһаз­дар­мен толтырды. Жалпы құны 6 миллион теңге болған баспана еш­қандай қосымша шығынды қажет ет­пейді. Тұрмыстық қолайлықтар тү­гелімен қарастырылған. Қо­ныс­тойға құтты болсын айту үшін Талдықорғаннан арнайы ат арытып барған облыстық пар­тия филиалы төрағасының орын­басары Гүлнар Тойлыбаева «Жо­март Көшімбайұлы – ауданда ғана емес, облыста да азаматтық бел­сенділігімен көзге түсіп жүр­ген депутаттардың бірі. Өткен жылы «Жомарт жүрек» аталымы бойынша арнайы марапатқа ие болып, көпшіліктің көңілінен шық­қан мейірімді адамдардың бірі ретінде танылып үлгерген еді. Партиялық жобалардың же­­місті жүзеге асырылуына белсене ат­салысып, өз күшімен аудан­да ІТ сыныптың ашылуына мұ­рын­дық болды. Осындай игі іс­терімен танылып жүрген бел­сен­ді мүшелеріміздің еңбегі ха­лық арасында партия беделін бе­кемдейтіні анық. Қуаныш иелері мен барша аналар қауымының аты­нан қайырымды жанға мың алғыс білдіреміз» деді.
Nur Otan партиясының ке­зек­ті ХVІІІ съезіне делегат бо­лып қатысқан Жанкелді Кө­шім­байұлының айтуынша, Қа­зақстандағы бизнестің әлеуметтік жауап­кершілігі оның өз туған жерінің түлеуіне үлес қосуымен, ауданның, қаланың, мемлекеттің дамуына және қоғамдық өмірге ат­салысуымен айқындалады.

Похожие публикации

Лента новостей

27.05.20
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөйлеген сөзі
27.05.20
Глава государства принял участие в третьем заседании Национального совета общественного доверия
27.05.20
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
21.05.20
1,3 млн. казахстанцев получили помощь от фонда «Birgemiz»
21.05.20
1,3 млн. қазақстандық «Birgemiz» қорынан көмек алды
20.05.20
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
20.05.20
Стартовал прием заявок на республиканский конкурс среди журналистов Nur Suńqar
20.05.20
Журналистер арасында Nur Suńqar байқауы жарияланды
15.05.20
Қазақстандықтар Kaspi.kz арқылы рекордтық мөлшерде онлайн зат сатып алды
15.05.20
Қазақстанда коронавирустан сауыққандар саны 2558-ге жетті
15.05.20
Елордаға кімдер кіріп-шыға алады
15.05.20
Что и кому Казахстан продает на экспорт? Топ-10 товаров, которыми зарабатывает страна
14.05.20
Тяготы легче преодолеваются сообща — Байбек
14.05.20
Жители поселка в Павлодарской области получат центральное теплоснабжение спустя 30 лет
13.05.20
Мақтааралға арналған көмекті блокпосттан өткізбей жатыр деген ақпарат – жалған
09.05.20
Жители Туркестанской области получат 400 тонн гуманитарной помощи
09.05.20
Елбасы қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
07.05.20
Nur Otan и городские власти поздравили ветеранов Алматы
06.05.20
Ерлан Саиров: Праймериз Nur Otan открыт для всех
05.05.20
Nur Otan партиясы Түркістан облысына 40 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтті
Все новости

Архив публикаций

«    Июнь 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
Оцените работу движка

Наши партнеры

Наверх