Тұрғындар өтініші – басты назарда

Nur Otan партиясының тұрақты түрде өткізетін қоғам­дық қабылдауына келетін азаматтардың қатары көп. Әсіресе, елордадағы партияның Рес­пуб­­ликалық қоғам­дық қабылдау бөлмесіне еліміздің әр аймағынан әлеу­мет­тік, тұрмыстық пробле­ма­ла­рын алға тартып хабар­ла­сатын тұрғындардың мәсе­лесі тиісті органдар­дың қаты­суы­мен сан мәрте тал­­қыланып жүр. Партия мен депутаттық фракция олардың жағдайына мұқият назар аударып, түйткіл түйінін тарқату үшін тиісті шара­лар жасап келеді, деп хабарлайды aikyn.kz.
Бұл жолы да Nur Otan пар­тия­сының Республикалық қо­ғам­дық қабылдау бөлмесінде Nur Otan партиясының хатшы­сы Ғабидолла Оспанқұлов аза­­маттарды қабылдады. Кез­десу барысында партия хат­шысы тұрғындардың көкейінде жүрген сауалына жауап берді.
Қоғамдық қабылдаудың алғашқы қонағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Тұрар Сат­­­тарқызы авторлық жобасы «Қа­ра шаңырақ» тәлім-тәрбие бағ­дарламасына қолдау сұрап келді. Бұл бағдарлама бойынша бү­гінгі күні еріктілер ретінде от­­­басылық құндылықтар, өс­ке­­лең ұрпақты отаншылдық­қа тәрбиелеу бағытында жұмыс ат­қарып жатқаны белгілі бол­ды.
Тағы бір елордалық тұрғын Мұрат Қасымов Ақмола облы­сы Целиноград ауданын­дағы жұмыс орнынан Nur Otan пар­тия­­сының бастауыш партия ұйы­мын ашқысы келетінін жет­кізді. Ол сондай-ақ партия қата­рына кіруге ниетті екенін та­нытты.
Қабылдаудың келесі қона­ғы Семей полигонынан зардап шеккен Болатбек Әбдікәрім өзі­нің III топтағы мүгедек еке­нін, қазіргі кезде Семей поли­го­ны, Арал теңізі және Черно­быль апатынан зардап шеккен азаматтардың мүддесін қорғап жүр­генін айтты. Ол сонымен қа­­тар баспана мәселесін сөз етіп, қоғамдық көліктерде Се­мей полигонынан, Арал теңізі жә­не Чернобыль апатынан зар­­дап шеккен азаматтарға же­ңіл­дік көрсетілуін сұрады.
Қарағанды қаласынан бай­ла­­нысқа шыққан мүмкіндігі шек­теулі ұлы бар Күлбасира Мыр­заханова Қазақстан аза­мат­­тарының борыш жүкте­ме­сін азайту жөніндегі тізімге қосу туралы өтінішін білдірді. Ал Қарағанды қаласындағы ХҚКО басшының орын­ба­сары, II топ мүгедегі Бақытжан Тәшенов қызметін Нұр-Сұлтан қаласына ауыстыру мәселесі бойынша Ғабидолла Абдол­лаұ­лы­ның кеңесіне жүгінді. Ба­қыт­­жан өз кезегінде партия­ның Орталық аппаратына жұ­м­ысқа ауысу мүмкіндігін қа­рас­­тырып жүргенін сөз етті.
Бейнебайланыс арқылы Ақ­төбе облысынан хабарлас­қан Айшуақ Дәрменұлы мек­теп оқушылары мен студент­тер­­ге және қоғамның әлсіз то­п­­та­рына көмектесу мақса­тын­да «Логотерапия және өмір­ге құштарлық» деген кітап шы­­­­ғарғанын айта келе, еңбегін та­­­ратуға қолдау көрсетуін өтін­ді.
Ақтөбе қаласының тағы бір тұр­ғыны, «Алаш мүгедектер қо­ғамы бірлестігі» төрағасы Әлім­бек Елеусізов мүмкіндігі шек­теулі балалардың әлеумет­тік жағдайын бағамдау мақса­тын­да алдымен өңірде «Отан-Ана» автошеруін және елордада ми­нистрлік өкілдері­нің қаты­суы­­мен форум өткізу туралы идеясымен бөлісті.
Қабылдауға Алматы мен Шымкент өңірінен де тұрғын­дар байланысқа шығып, өз ұсы­ныс-тілектерін білдірді.
Тұрғындардың өтініші мен құ­қықтары әрдайым басты на­зарда болатынын айтқан, олар­дың әр сауалдарына то­лық­тай жауап берген Nur Otan партия­сының хатшысы Ғабидолла Оспанқұлов қабылдауда ай­тыл­ған бар­лық өтініштер пар­­тия тарапы­нан тұрақты қа­да­ғалауға алына­ты­нын жеткізді.

Похожие публикации

Лента новостей

11.12.19
Жұмыспен қамту көрсеткіші өскен
10.12.19
Нужно чаще говорить о Независимости - Павел Казанцев
09.12.19
ЕЛБАСЫ БИБІГҮЛ ТӨЛЕГЕНОВАНЫ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
09.12.19
Елордада «JYR AMANAT» концерт-спектаклі өтті
06.12.19
Елордада «Алтын тұғыр – 2019» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі өтті
06.12.19
Вопросы развития казахстанского кинематографа обсудили в «Nur Otan»
05.12.19
Руководство Центрального аппарата партии «Nur Otan» ознакомилось с деятельностью МФЦА
29.11.19
Почти 2 тысячи казахстанцев сегодня вступили в ряды партии «Nur Otan»
29.11.19
Әлем мойындаған көшбасшы
29.11.19
Елбасымен селфи
28.11.19
Елбасы: Талантты жастар – елдің үміті
28.11.19
Предпоказ мультфильма "Холодное сердце-2" на казахском языке прошел в Нур-Султане
26.11.19
Елдік мақтаныш
26.11.19
Нурсултан Назарбаев встретился с представителями региональных филиалов партии «Nur Otan»
25.11.19
Nur Otan партиясында еліміздің шалғай аудандары мен ауылдарының дамуы талқыланды
21.11.19
МЫРЗАТАЙ ЖОЛДАСБЕКОВ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ: ЕЛБАСЫНЫҢ ӘЛІ АЙТЫЛМАҒАН ҚЫРЛАРЫ КӨП
20.11.19
Нет барьерам в торговле
20.11.19
Анық-қанық: Қанша градус аязда мектепте сабақ тоқтатылады?
20.11.19
Иван Сауэр: Я просто подражал Елбасы во всем
20.11.19
Токаев посетил цифровой ЦОН "Digital Centre" и объекты инновационной экосистемы столицы
Все новости

Архив публикаций

«    Декабрь 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Поговорим о сериалах:

Наши партнеры

Наверх