Елдік мақтаныш

Тұңғыш Президент күні – Қазақстан халқының мәртебелі мерекесі
Тұңғыш Президент күні – Қазақстан халқының мәртебелі мерекесі. Бұл – тарихи таңдау күні, барша отандастарымыздың Ұлт көшбасшысы төңірегіне топтасу күні.
«Ері жоқ болса, ел – жетім, елі бағаламаса, ер – жетім» дейді ха­лық даналығы. Тәубе, бізде елін өрге сүйрейтін ер де, азаматын құрмет тұтатын ел де бар.
Биыл Отанымыз сегізінші рет мемлекеттік мереке Тұңғыш Пре­зидент күнін атап өткелі отыр. Президенттік билік пен тәуел­сіздіктің 28 жылдық тәжірибесі Қазақстан үшін осы басқару фор­масының тиімді екенін дә­лелдеп, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын анықтауға мүм­кіндік берді.
Ұлт көшбасшысының са­раб­дал саясатының арқасында Қа­зақстан Орталық Азия өңірі мен ТМД-да алдыңғы орынға шықты. Әлеуметтік-бағдарлы экономи­ка­лық бағыттағы бастамаларымыз заманауи, қарқынды дамушы мем­­лекет құруды қамтамасыз етті.
Осыдан 22 жыл бұрын Пре­зидентіміз ел дамуының даңғыл жолын байыптайтын ұзақмер­зімді «Қазақстан–2030» Стра­тегиялық бағдарламасын ұсын­ғаны мәлім. Салмақты құжатта өткен күндер бағамдалып, бо­лашақ еншісіндегі іргелі істер межеленді. 1997 жылы осы бағ­дарламаны жария еткенде Елба­сымыз: «Біз нені құрғымыз ке­ле­ді, таңдаған мақсатымызға жет­кі­зетін дамуымыздың траек­то­риясы, магистралі қандай бо­луы тиіс, соны анық білуіміз және айқын түсінуіміз керек» деген еді. Айтқаны айнымай кел­ді. Қа­зақ­стан халқы аянбай ең­бек етіп, елдің әлеуметтік-эконо­микалық дамуы көш бастап келеді.
Орайы келгенде айта кеткен жөн, еліміздің астанасында өткен Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезінде партия төраға­сы Нұрсұлтан Назарбаев Прези­дент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаев түсетінін мәлімдеген еді. Қасым-Жомарт Кемелұлы 2019 жы­лы 20 наурызда Қазақстан Пре­зиденті лауазымын иеленіп, одан бір күн бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттік өкілет­ті­гін тоқтатқан болатын. Бұл – кө­регендік қана емес, үлкен сенім!
2019 жылғы 2 қыркүйекте Қа­зақстан Президенті Қасым-Жо­март Тоқаев Парламент палата­ларының бірлескен отырысында «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақ­стан халқына Жолдауын арнады.
Ертеңгі бағытын, жүретін жолын, өсу жолындағы мұратын анық білген елдердің қандай же­ңістерге жеткенін тарихтан бі­леміз. Біздің еліміз тәуелсіздігіне енді қол жеткізіп жатқанда алдағы 30 жылын ойласа, енді жүрісін дұрыстап, тынысын жөндеп ал­ғанда сындарлы мұраттарды алға қойды. Сындарлы мұрат – ха­лықтың жағдайы, Сындарлы мұрат – елдің өрлеуі. Сындарлы мұрат – жарқын өмір.
– Біз бұған Елбасы саяса­ты­ның сабақтастығын сақтап, жү­йелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе аламыз. Өздеріңізге белгілі, осының бәрі менің сай­лауалды бағдарламамның негізі болды. Қазір мемлекеттік орган­дар оны жүзеге асыру үшін тиісті жұмыстар жүргізуде. Мен халық­қа берген уәдемді міндетті түрде орындаймын, – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Міне, көрегенділік, міне, cенім!
Нұрсұлтан Назарбаев жарлық­қа жария түрде қол қою рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Облыс орта­лығы ғасырлар бойы Қазақ хан­дығының және бүкіл түркі әле­мінің саяси әрі ру­хани орталығы болған Түркістан қаласына кө­шіріледі» деді. Дара шешім. Дара шешімді дара тұлғалар ғана қабылдайды. Дара тұлғаны заман тудыратынын тарих әрқашан есімізге салып отырады. Ал тари­хи тұлғаны өз заманындағы түрлі шешуші оқиғалардан мүлде бөліп қарауға болмайды.
Өздеріңіз білесіздер, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қасиетті Ота­нымызды дамыту жолында елдегі тұрақтылық пен бейбіт­ші­лікті темірқазық етіп алды. Ши­рек ғасырда елімізді Еуропа тө­ріне шығаруда Тұңғыш Прези­денттің еңбегі ересен. Бүгінде Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі стратегиялық қуаты күшті, ма­ңызы зор мемлекет ретінде мо­йын­далып отыр. Дәлелмен айтсақ, Азиада алауын жағуымыз, ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп, Ха­лықаралық саммит өткізуіміз, Ислам ынтымақтастығы ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымдарына төрағалық етуіміз, әлем­дік дін қайраткерлері съезін тұ­рақты ұйымдастыруымыз, ха­лықаралық ЕХРО-2017 көрмесін ұйымдастыруымыз – бәрі де зор мақтаныш, айрықша абырой.Осы күнге дейін жетістік­те­ріміз Қазақстанның болашағын жаңаша межелеуге мүмкіндік беріп отыр. Келесі кезеңде, яғни 2050 жылға дейінгі Стратегияда инновация, өндірістік-экономи­калық серпін темірқазық етіп алынады. Бұйыртса, таяу бола­шақта халқымыздың өмір сүру сапасы орташа еуропалық дең­гейге сәйкеспек. Ұлт көшбас­шы­сы мұны сеніммен айтты, халық елдік іске бір кісідей жұмылды.
2012 жылы 1 қаңтарда қыз­метін бастаған Біртұтас эконо­микалық кеңістік – Елбасының 1994 жылы 29 наурызда М.Ло­моносов атындағы Мәскеу мем­лекеттік университеті ғалымдары мен ТМД саясаткерлеріне ұсын­ған еуразиялық ықпалдастық идея­сының жүзеге асуы. 2000 жы­лы Астанада Беларусь, Ресей, Қа­зақстан басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық қа­уымдастық туралы шарт кеңіс­тік­тің құрылуын жақындата түсті. Бұл қауымдастық Еуразия даму банкі, Дағдарысқа қарсы қор және Жоғары технологиялар ор­талығы сияқты қаржылық инте­грация тетіктерінің, ең бастысы ЕурАзЭҚ Кеден одағының ірге­тасын қалады. Нәтижесінде, кеден тәртібі бірізділікке түсіп, баж тариф пен тарифсіз реттеудің ортақ шаралар жүйесі құрылды. Кеден одағы Біртұтас экономи­ка­лық кеңістікке ұласты. Сөйтіп, Қазақстан кәсіпкерлері мен қарапайым халық көптен күткен мүмкіндіктер есігі ашылды. Отан­дық өндірісшілер үшін әлеуетті тұтынушылар аумағы ұлғайып, сауда нарығы кең арнаға шықты. Кеңістік құрамындағы елдерде кәсіппен айналысқысы келген­дерге құжаттық талаптар жеңіл­детілді.
Елбасы – Қазақстанның ұлт­тық қауіпсіздігі мен аймақ қауіп­сіздігін нығайтуға ерекше ықпал етіп келе жатқан әлемдік тұлға. Мұның нақты көрінісі – Ұжым­дық қауіпсіздік туралы шарт ұйы­мының (ҰҚШҰ) жарғылық ор­ган­дарына Қазақстанның төра­ғалық етуі. Осындай игі бастама­ларға мұрындық болған Елбасын саяси сарапшылар «еуразиялық интеграцияның патриархы» деп жоғары бағалады.
Қазақстанның Ислам ынты­мақтастық ұйымына (ИЫҰ) тө­ра­ғалығы – осы жетістіктің заңды жалғасы. Ұйымға мүше болғалы 57 елдің ішінде жалпы ішкі өнім­нің деңгейі жағынан Қазақстан 12-орынға көтерілді.
Елі қадірлеген, әлем ардақ­таған Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев бар қажыр-қайратын, па­расат-пайымын мемлекетіміздің игілігіне жұмсап, уақыт көшінен алға озып, келер ұрпаққа жарқын өмірдің негізін қалап жүргенін халықаралық қырағы сарапшылар мен саясаткерлер жазып-бағалап келеді.
Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жы­лы желтоқсан айында өткен Қа­зақстан халқы форумында елі­міздегі бірлік пен келісімнің ұйытқысы – Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы бас­тама көтерді. Бүгінде Ассамблея қызметі Елбасы үмітін ақтағанын елдегі береке-бірліктен көрінеді. Әр этнос өкілдері бір үйдің ба­ласындай, бір қолдың саласындай тіршілік етіп, жасампаздық туын жоғары көтерді. Бұл ретте осы нәзік саланы ғылыми-әдістемелік жағынан қолдау үшін республи­када тұңғыш рет арнайы кафедра Еуразия ұлттық университетінде ашылды. Қазір республика бо­йынша осындай кафедралар саны 30-ға жуықтады. ҚХА кафе­дра­лары бірлік пен баяндылықты сараптайтын ғылыми-тәжірибе алаңына айналды.Астана экономикалық фору­мы – Еуразия кеңістігінде жыл сайын өтетін салмақты шара екені белгілі. Осы жиынға әлемдік экономикалық қауымдастық өкілдері, қазіргі және бұрынғы мемлекет басшылары, Нобель сыйлығының лауреаттары, ғы­лым әлемінің ғұламалары мен ірі кәсіпкерлер келеді. Ұлт көшбас­шысы осыдан 8 жыл бұрын ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы сал­танатында Астана экономикалық форумының негізінде G-global сұхбат алаңын құруды ұсынды. Бүгінде осы сұхбат алаңы әлемнің 128 елінен 10 мыңнан астам қа­тысушыны біріктірсе, Қазақ­стан­дағы осы шараның жуан ортасында Елбасы негізін қалаған Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғалымдары мен білім алушылары жүргенін мақтанышпен айтамыз.
Келісім мен кешірім, үйлесім мен толеранттылық арқауын мақ­сат еткен Елбасы Қытай, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан прези­дент­терімен бірлесіп, ұзақмерзімді бейбітшілік пен қауіпсіз өңір құру туралы декларацияға қол қойды. Шанхай ынтымақтастық ұйы­мына мүше мемлекеттердің әрбір береке-бірлік қадамы да – Елбасы Н.Назарбаев назарында.
Елбасының «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалалары – кеше де, бүгін де, болашақта да маңызын жой­май­тын ізашар тұғырнама. Тұңғыш Президентіміз еңбек арқылы нәтижеге жетудің жолын, жүйесін көрсетті. Мысалы, осыдан туын­даған «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы, оның бес жылға ұзартылуы, «Әлеуметтік бес бастама» халыққа берері өлшеусіз деп білеміз.
«Ұлы даланың жеті қыры» атты тұжырымдамалық мақала – ұлттық абырой бастауын нұсқай­тын, елді өнеге өрісіне бастайтын жол, жаңғырған Қазақстанның баянды бағдары. Елбасының бұл мақаласын стратегиялық маңызы бар және ғылыми методологиялық мақала деп түсінуіміз керек. Бұл кездейсоқ шыға қалған мақала емес. Бұл – Елбасының жүйелі, мақсатты қызметінің жалғасы. Өйткені бұдан бұрын Ұлт көш­басшысы «Мәдени мұра» бағдар­ламасын ұсынған болатын, содан кейін «Халық: тарих толқы­нын­да», «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» бағдарламасы ұсыныл­ды. Міне, осылай жүйемен келе жатқан бағдарлама. Сондықтан да Елбасының бұл еңбегін осы үлкен істің жалғасы деп білуіміз керек.
Осыдан бір жыл бұрын Тұң­ғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаев Түркістан облысы­ның атауын өзгерту мен оның орталығын Түркістан қаласы деп бекіткені белгілі. Бұл – тарихи шешім. Елбасы «Түркістан тари­хы – күллі қазақтың тарихы» деп бекер айтқан жоқ.
Түркістан – шын мәнінде қазақ хандығының астанасы бол­ған, тарихы тереңде жатқан ша­һар. Нақтырақ айтқанда, қазақ елінің рухани жүрегі, қазақтың көптеген аяулы перзенттері мәң­гіге жай тапқан қасиетті мекен. Бұл қалада ұлтымыздың тағдыры талқыланып, түрлі шешім қа­былданған. Қазақтың небір ұлы тұлғалары дүниеге келген. Осын­да жерленген 164 әйгілі тұлғаның 21-і ел басқарған қырандар, 30-дан астамы қол бастаған батыр­лар, ауқымды сөз бастаған билер екенін ескерсек, Елбасы шеші­мінің дұрыстығына тағы да көз жеткізе түсеміз.
Нұрсұлтан Назарбаев жарлық­қа жария түрде қол қою рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Облыс орта­лығы ғасырлар бойы Қазақ хан­дығының және бүкіл түркі әле­мінің саяси әрі рухани орталығы болған Түркістан қаласына кө­шіріледі» деді. Дара шешім. Дара шешімді дара тұлғалар ғана қабылдайды. Дара тұлғаны заман тудыратынын тарих әрқашан есімізге салып отырады. Ал тари­хи тұлғаны өз заманындағы түрлі шешуші оқиғалардан мүлде бөліп қарауға болмайды.
Әр қазақтың жүрегінде мақ­таныш сезімін ұялатқан Түркістан тек бізге ғана емес, күллі түрік жұртшылығына қасиетті әрі қа­дірлі мекен. Ақын Мағжан Жұма­баев «Түркістан – екі дүние есігі ғой, Түркістан – ер түріктің бесігі ғой» деп бекер жырлаған жоқ. Халқымызда «Мәдинада – Мұ­хам­мед, Түркістанда – Қожа-Ахмет» деген сөз бар. Осындай сан алуан факторлар Түркістанды тұтас түбі бір түркі жұртының рухани орталығына айналдырды.
Жалпы, тәуелсіздік дегенде ел санасында өркенді халқымыз бен Тұңғыш Президентіміз туралы таным-түсінік жаңғыруы тиіс. Қазақстан мемлекетінің іргета­сын қалаушы – Тұңғыш Прези­дент, Ұлт көшбасшысының бол­мысында ұлтымыздың асыл мұ­раттары мен әлемдік және ұлттық өркениет жетістіктері тоғысқан. Қазақстан халқы үшін күн-түн демей жанын шүберекке түйіп, сол кемелдікке абыроймен жет­кен әрі өркениеттік, әрі жасампаз тұлға. Мұны дүниежүзі сарап­шы­лары айтады, біз оған мақта­ныш­пен қуанамыз.
Елдік мақтаныш, әлемдік мерей баянды болғай!

Ерлан СЫДЫҚОВ,
Л.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетінің ректоры,
ҰҒА академигі

Похожие публикации

Лента новостей

11.12.19
Жұмыспен қамту көрсеткіші өскен
10.12.19
Нужно чаще говорить о Независимости - Павел Казанцев
09.12.19
ЕЛБАСЫ БИБІГҮЛ ТӨЛЕГЕНОВАНЫ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
09.12.19
Елордада «JYR AMANAT» концерт-спектаклі өтті
06.12.19
Елордада «Алтын тұғыр – 2019» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі өтті
06.12.19
Вопросы развития казахстанского кинематографа обсудили в «Nur Otan»
05.12.19
Руководство Центрального аппарата партии «Nur Otan» ознакомилось с деятельностью МФЦА
29.11.19
Почти 2 тысячи казахстанцев сегодня вступили в ряды партии «Nur Otan»
29.11.19
Әлем мойындаған көшбасшы
29.11.19
Елбасымен селфи
28.11.19
Елбасы: Талантты жастар – елдің үміті
28.11.19
Предпоказ мультфильма "Холодное сердце-2" на казахском языке прошел в Нур-Султане
26.11.19
Елдік мақтаныш
26.11.19
Нурсултан Назарбаев встретился с представителями региональных филиалов партии «Nur Otan»
25.11.19
Nur Otan партиясында еліміздің шалғай аудандары мен ауылдарының дамуы талқыланды
21.11.19
МЫРЗАТАЙ ЖОЛДАСБЕКОВ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ: ЕЛБАСЫНЫҢ ӘЛІ АЙТЫЛМАҒАН ҚЫРЛАРЫ КӨП
20.11.19
Нет барьерам в торговле
20.11.19
Анық-қанық: Қанша градус аязда мектепте сабақ тоқтатылады?
20.11.19
Иван Сауэр: Я просто подражал Елбасы во всем
20.11.19
Токаев посетил цифровой ЦОН "Digital Centre" и объекты инновационной экосистемы столицы
Все новости

Архив публикаций

«    Декабрь 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Поговорим о сериалах:

Наши партнеры

Наверх