Елордада «Алтын тұғыр – 2019» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі өтті

Ел астанасында ұлттық спорт саласындағы үздіктердің мерейін көтеруді мақсат еткен дәстүрлі «Алтын тұғыр – 2019» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. «Бәйге», «Аударыспақ», «Көкпар», «Жамбы ату, теңге ілу», «Қазақ күресі» сияқты ұлттық спорт пен «Тоғызқұмалақ», «Асық ату» және т.б. ұлттық ойындардан ел намысын асқақтатып жүрген дарабоздар арнайы жүлделер мен сыйлықтарға ие болды.
Салтанатты рәсімді ашқан Ұлттық спорт қауымдастығының құрметті президенті Қайрат Сатыбалдыұлы ұлттық спорт ойындарын насихаттауға айрықша үлес қосқан барлық үздіктер мен жанкүйерлерге алғысын білдірді.

«Биыл елімізде ұлттық спорт түрлерінен Әлем, Азия чемпионаттары мен республикалық турнирлер, фестивальдар және тағы да басқа ауқымды іс-шаралар өткізілді. Мыңдаған адамдар ұлттық спортпен тұрақты түрде айналысады. Еліміздің барлық өңірлерінде ұлттық спорт мектептері мен клубтар жұмыс істейді. Бұрын ауыл арасындағы той-мерекелерден ғана тамашалайтын ұлттық спортымыздың, бүгінде халықаралық деңгейге көтеріліп, әлем назарын аудара бастағаны тәуелсіздік мен бейбіт күннің арқасы», - деп атап өтті Қайрат Сатыбалдыұлы.
«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің құттықтау сөзінде мемлекеттік тіл, мәдениет және дәстүрді барлық ұлттық құндылығымызды сақтай отырып қана дамыта алатынымызды тілге тиек етті.
«Тәуелсіздік алғалы бері Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ең басты құндылығымыз – тілімізге, мәдениетімізге, руханиятымызға басымдық берді. Соның арқасында тіл мәртебесі көтеріліп келеді. Ендігі уақытта жастарды бұқаралық спортқа баулуымыз қажет. Оның ең маңыздысы – ұлттық спорт. Өйткені ол – халықтың рухын көтеретін маңызды шара. Көпшілік қолдаған халық партиясы ретінде «Nur Otan» осы бастаманы қолдап келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақында ұлттық спорт түрлерін жаңғыртуға қатысты нақты тапсырмалар берді. Осыған орай партияның саяси доктринасында көзделген құндылықтар – қазақ тілі, руханиятымыз бен діліміз басым бағыттарымыздың бірі болып қала береді», - деді Бауыржан Байбек.
 Биылғы жылдың күзінде «Nur Otan» партиясының қолдауымен, еліміздің бірқатар өңірінде айтыс фестивалдері ұйымдастырылды. Айтыс өнерінің додасы 16-17 желтоқсанда Орал қаласында өтетін «Алтын домбыра» республикалық фестивалінде мәресіне жетеді. Ертең 7 желтоқсанда «Астана» концерт залында жыршы-термешілердің «JYR AMANAT» концерті өтеді. «Nur Otan» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесі мүшелерінің бастамасымен мемлекеттік тілді дамыту тетіктерін пысықтау үшін арнайы комиссия құрылған болатын. 

Похожие публикации

Лента новостей

11.07.20
Коронавирустың әлемдегі таралу қарқыны қандай?
11.07.20
Исследование: темпы распространения КВИ в разных странах
10.07.20
Қазақстан Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді
09.07.20
Общереспубликанская акция #BizBirgemiz будет продолжена — Байбек
09.07.20
Nur Otan Президенттің іс-шараларын қолдай отырып, #BizBirgemiz акциясын жалғастырады
08.07.20
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың телевизиялық үндеуі
08.07.20
Тоқаев: Жалған ақпарат таратқан адам жауапқа тартылады
08.07.20
Токаев объявил 13 июля днем траура по жертвам коронавируса
08.07.20
BIRGEMIZ: Алматы облысында 2 жедел жәрдем көлігінің кілтін табыстады
06.07.20
Тоқаев Елбасын туған күнімен құттықтады
06.07.20
Назарбаев записал видеообращение к казахстанцам
06.07.20
Волонтеров #BizBirgemiz наградили медалью «Халық алғысы»
06.07.20
#BizBirgemiz: Волонтерлар «Халық алғысын» алды
04.07.20
Более 80 тысяч казахстанских семей получили по 50 тысяч тенге от фонда «Birgemiz»
04.07.20
Тағы 80 000 отбасы Елбасы қорынан 50 000 теңгеден алды
26.06.20
Исимбаева: Елбасы қалыптастырған төзімділік барлық уәдені орындауға мүмкіндік берді
26.06.20
Исимбаева: Запас прочности, созданный Елбасы, позволил реализовать все обещания
26.06.20
Названы победители журналистского конкурса NUR SUNQAR
18.06.20
Праймериз – демократияландырудың жаңа кезеңі
18.06.20
Праймериз-2020: партия ішіндегі сайлау не үшін қажет?
Все новости

Архив публикаций

«    Июль 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
Поговорим о сериалах:

Наши партнеры

Наверх