Жұмыспен қамту көрсеткіші өскен

Nur Otan партиясының Қостанай облыстық фи­лиа­­лында Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жө­ніндегі қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті, деп хабарлайды aikyn.kz. Басқосуда нәтижелі жұмыс­пен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жыл­дарға арналған бағдарламасы талқыға түсті.  Бағдарламаның өңір­дегі жүзеге асу барысы жайында Жұмыспен қамтуды үй­лестіру және әлеу­меттік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Аида Құсайынова баяндады. Ол бағдарламаның үшінші бағыты бойынша соң­ғы 3 жыл ішінде 85 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылғанын айтты.
 Оның сөзінше, 2017 жылдан бері облысқа басқа өңірлерден 3 165 адам келіп тұрақтап қалған. Олардың 1 867-сі – қоныс аударушы, 1 298-і – оралман. Қоныс аударушылардың дені Түркістан (530 адам), Қызылорда (499 адам) және Жамбыл (260 адам) облыстарынан келіпті. Өңірге тұрақтап қалғандардың көші-қоны мен бастапқыда баспана жалдап тұруына 440 млн теңге қаржы бөлінген. Орал­мандар мен қоныс аудару­шылардың 1 392-сі тұрақты жұмыспен қамтылған. Олардың ішін­де дәрігер, фельдшер, аку­шер, мұғалім, даяшы, есепші, жүргізуші, механизатор, дәне­кер­леуші, инженер, мал дәрігері, логопед, т.б. мамандар бар. Сонымен қатар 48 адам жеке кәсібін ашса, 58 адам «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік курсынан өткен.
Жиында Білім басқар­масының басшысы В.Цымбалюк «Еңбек» бағдар­ламасының бі­рінші бағытының жүзеге асу барысы туралы баяндама жасады. Қазіргі кезде бұл бағыт бойынша 35 кол­­леджде 2 785 сту­дент бі­лім алып жа­тыр. Шә­кірт­­тер­дің тең жартысы – әлеу­­­меттік жағдайы төмен орта­дан шық­­­қан. Олардың ішінде көп­ба­­лалы от­ба­­сылар (335 адам) мен аз қамтылған отба­­сылардың (581 адам) балалары, жетім­дер (168 адам) мен мүгедектер (33 адам) бар. Биыл «Еңбек» бағдарламасы аясында «Техникалық қызмет көрсету, автокөлік жөндеу» мамандығы бойынша 21 студент оқуын та­мам­дап, 18 түлек жұмысқа орна­ласқан. Ал 2020 жылы бағдар­лама бойынша 1 мыңға жуық түлек оқуын аяқтайтыны белгілі болды.
Отырыс барысында Жолау­шылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас­шысы Олжас Нұрғалиев өзі басқарып отырған саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан іс-шараларға тоқ­талды.

Әбілмансұр ЖАСАН

Похожие публикации

Лента новостей

06.04.20
Азық-түлік бағасын көтергендерге 530 мың теңгеге дейін айыппұл салынады
06.04.20
Отели Нур-Султана предоставят номера для 300 медработников
04.04.20
Поручения Президента: Как гражданам и бизнесу использовать время в режиме ЧП
04.04.20
Как в странах СНГ справляются с пандемией. Разбираемся и сравниваем
04.04.20
Казахстанские спортсмены доставляют одиноким старикам горячие обеды в Нур-Султане
03.04.20
150 мыңнан астам азаматқа 50 мың теңге мөлшерінде тікелей ақшалай көмек көрсетіледі – Байбек
01.04.20
Пять миллионов масок будет бесплатно предоставлено нуждающимся от фонда «Birgemiz»
01.04.20
Школьных учителей в Туркестанской области заставляли шить маски. Виновные наказаны
01.04.20
Заявление Главы государства Касым-Жомарта Токаева
31.03.20
Волонтерлар қарап қалмады
30.03.20
Коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлері 850 мың теңгеге дейін үстеме ақы ала алады
30.03.20
Birgemiz қоғамдық қорына 11 миллиардтан астам теңге түсті
30.03.20
"BIRGEMIZ" қоғамдық қорының басшылыққа алатын негізгі қағидаттары
29.03.20
В Казахстане зарегистрирован первый региональный фонд «Birgemiz-Mangystau»
27.03.20
Общественный фонд «Birgemiz» под особым контролем Елбасы
26.03.20
Госкомиссия по обеспечению режима ЧП при Президенте РК усилила ограничения в Нур-Султане, Алматы и Шымкенте
26.03.20
Nur Otan: «Біз біргеміз!» акциясы аясында 11 600-ден астам отбасыға 214 миллион теңгеге көмек көрсетілді
25.03.20
Nur Otan усиливает контроль за обращениями граждан
25.03.20
Казахстанские ученые показали Токаеву тест на коронавирус
25.03.20
Қазақстанда 2 адам коронавирустан айықты
Все новости

Архив публикаций

«    Апрель 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
Поговорим о сериалах:

Наши партнеры

Наверх