«Алтын домбыра» мәресіне жетті

Тәуелсіздік күніне орай Орал қаласында өткен «Тұғыры биік Тəуелсіздік!» атты VIII «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті. «Nur Otan» партиясының қолдауымен, Мәдениет және спорт министрлігі мен Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ұйымдастырған өнер сайысы екі күнге созылды.
Жыр додасына барлығы 20 ақын қатысып, оны ақын, Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының төрағасы Жүрсін Ерман жүргізді.
Сонымен, «Алтын домбыра» алматылық ақын Рүстем Қайыртайұлына бұйырды. Ал бірінші жүлдені Мұхтар Ниязов алса, екінші орынды Жансая Мусина мен Қазірет Бердіхан олжалады. Үшінші тұғырдан Айбек Қалиев пен Өміржан Көпбосынов көрінді. Арнайы жүлде Әсем Ережеқызы, Қанат Мырзахан, Аспанбек Шұғатаевқа тапсырылды. Ал финалға шықпаған ақындар шабыттандыру сыйлығын алды.
 Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысынан келген айтыс өнерінің ірі қолдаушысы, «Tass Group» компаниясының директоры Дулат Тастекеев қарағандылық Дидар Хамзиевке ат мінгізсе, оралдық Бауыржан Шимерденұлына бір жылдық 2 миллион 400 мың теңге көлемінде стипендия тағайындады.
 Айтыстың алғышқы күні «Nur Otan» партиясының ұсынысы бойынша Мемлекет басшысының Жарлығымен белгілі ақын, айтыстың жанашыры Жүрсін Ерман «Парасат» орденімен және дарынды айтыскер Айбек Қалиев «Құрмет» орденімен марапатталды.
Еске сала кетсек, «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек үстіміздегі жылдың шілде айында Қызылорда облысына барған жұмыс сапары барысында аймақтың белсенді жастарымен арнайы кездесен-ді. Кездесуде Бауыржан Байбек жастардың ел дамуындағы рөлі және ұлттық құндылықтарды дәріптеу туралы ашық әңгіме өрбітіп, қазіргі жаһандану жағдайында әрбір ұлт өзін сақтап қалу үшін күресіп жатқанына және бұл істе жастарға үлкен міндет жүктеліп отырғанына назар аударған болатын. Осы ретте ол: «Біз тәуелсіздік алған кезде болашағымызға сенімсіздікпен қарағандар болды. Елбасының дана саясатының арқасында біз мемлекет құрып, бүкіл әлемге өзіміздің ел бола алатынымызды дәлелдедік. Енді осы елдігімізді күшейтіп, өз құндылықтарымыздың аясын кеңейтуіміз керек. Ана тіліміз бен тарихымызды дәріптеп, әлемдік деңгейге алып шығу біздің міндетіміз. Бұл істе жастарымыз белсенділік танытуы тиіс. Партияның қолдауымен енді ай сайын әр өңірде айтыс ұйымдастырылады. Оның алғашқысы күзде Алматыда өтеді. Ақындарымыз қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық айтуы тиіс. Бірақ барлығы конструктивті болуы қажет», – деген еді.
Міне, содан бері «Nur Otan»-ның қолдауымен осыған дейін елордада ұлттық спорт саласындағы үздіктерді анықтайтын «Алтын тұғыр – 2019» кеші, сондай-ақ, жыршы-термешілердің «JYR AMANAT» концерт-спектаклі өтті. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының жанындағы «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесі мүшелерінің бастамасымен мемлекеттік тілді дамыту тетіктерін пысықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Биыл күзде Атырау, Қарағанды, Қостанай, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында айтыстар өтіп, «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы осы жылы партияның қолдауымен өңірлерде ұйымдастырылған айтыстарды қорытындылады.

Похожие публикации

Лента новостей

06.04.20
Азық-түлік бағасын көтергендерге 530 мың теңгеге дейін айыппұл салынады
06.04.20
Отели Нур-Султана предоставят номера для 300 медработников
04.04.20
Поручения Президента: Как гражданам и бизнесу использовать время в режиме ЧП
04.04.20
Как в странах СНГ справляются с пандемией. Разбираемся и сравниваем
04.04.20
Казахстанские спортсмены доставляют одиноким старикам горячие обеды в Нур-Султане
03.04.20
150 мыңнан астам азаматқа 50 мың теңге мөлшерінде тікелей ақшалай көмек көрсетіледі – Байбек
01.04.20
Пять миллионов масок будет бесплатно предоставлено нуждающимся от фонда «Birgemiz»
01.04.20
Школьных учителей в Туркестанской области заставляли шить маски. Виновные наказаны
01.04.20
Заявление Главы государства Касым-Жомарта Токаева
31.03.20
Волонтерлар қарап қалмады
30.03.20
Коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлері 850 мың теңгеге дейін үстеме ақы ала алады
30.03.20
Birgemiz қоғамдық қорына 11 миллиардтан астам теңге түсті
30.03.20
"BIRGEMIZ" қоғамдық қорының басшылыққа алатын негізгі қағидаттары
29.03.20
В Казахстане зарегистрирован первый региональный фонд «Birgemiz-Mangystau»
27.03.20
Общественный фонд «Birgemiz» под особым контролем Елбасы
26.03.20
Госкомиссия по обеспечению режима ЧП при Президенте РК усилила ограничения в Нур-Султане, Алматы и Шымкенте
26.03.20
Nur Otan: «Біз біргеміз!» акциясы аясында 11 600-ден астам отбасыға 214 миллион теңгеге көмек көрсетілді
25.03.20
Nur Otan усиливает контроль за обращениями граждан
25.03.20
Казахстанские ученые показали Токаеву тест на коронавирус
25.03.20
Қазақстанда 2 адам коронавирустан айықты
Все новости

Архив публикаций

«    Апрель 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
Оцените работу движка

Наши партнеры

Наверх