Айтыскерлер кеңсесі ашылды

Нұр-Сұлтанда «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің қалалық филиалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұдан былай бас қаланың сөз зергерлері сол жақ жағалаудағы Жазушылар үйі ғимаратында алдағы жоспарларын талқылап, дайындық өткізе алады. Айтыскер­лер­ге арналған филиал Nur Otan партиясы мен Нұр-Сұлтан қаласы әкім­дігінің қолдауымен ашылып отыр. Айтулы жиынға Мәдениет қай­раткері, ақын Жүрсін Ерман мен елімізге танымал айтыскерлер, зиялы қауым және Nur Otan партиясының өкілдері қатысты.
Айтыс – қазақ елінің бағзыдан бергі көнермес мұрасы. Халқымыз үшін ғана емес, адамзат үшін де бағалы өнер. Оған дәлел – ежелгі Римде математикалық айтыс түрінің болғаны. Жарты ғасыр­ға жуық айтыс өнерін дәріптеуде ең­бе­гі сіңген, бүгінде жұртшылық «айтыс­кер­лер атасы» деп құрметтейтін Жүрсін Ерман салтанатты рәсімде филиалдың маңызына тоқталды.
– Қазақ бар жерде домбыра да бар, сөз жүйрігін сынға салар айтыс та бар. Айтыскерлер филиалы осы уақытқа дейін Алматы мен кей өңірлерде ашыл­ған болатын. Сол игі істің жалғасы бас қала­мыз – Нұр-Сұлтанда жалғасын тауып отыр. Айтыс адамдары да көп ха­лықтың бірі. Кейде алқалы әңгі­ме құрып, бірге дайындалып, ой бөліс­кі­сі кеп тұрады. Осындай сәттерде фи­лиал ғимаратына еш қымтырылмай жина­лып, дайындықтарын пысықтауға мол мүм­кіндік туды. Сауапты іске үлесін қосып, қолдау білдіріп жатқан Nur Otan партиясы мен қалалық әкімшілікке алғысымыз шексіз. Қаланың мәде­ни ордасын, әдеби орталығын қалып­тас­ты­руға жасаған үлкен қадам, – дейді ақын.
Биыл ұлтының ғана емес, адамзат­тың ұлы тұлғасы саналған ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы өтеді. Осы­ған орай, хәкімнің құрметіне әр өңір­де рес­публикалық айтыстар ұйым­дас­ты­рылады. Адамзаттың екінші ұстазы аталған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жыл­дығына да айтыстар өткізу жос­пар­ланған. Елбасы Н.Назарбаевтың «Бола­шаққа бағдар:  рухани жаңғыру» ма­қа­ласының аясында өтетін бұл айтыс жос­парлары жайлы Nur Otan пар­тия­сы саяси жұмыс департаментінің директоры Ерлан Қарабалаев мәлімдеді.
Салтанатты рәсімнен соң Жүр­сін Ерман бастаған айтыскерлер мен лауазымды тұлғалар алдағы уа­қыт­та өткізілетін халықаралық, респуб­ли­калық айтыстар­дың жоспарын талқылады.
 
Мадияр ТӨЛЕУ

Похожие публикации

Лента новостей

27.02.20
«Бұдан былай каникулда олимпиадалар өтпейді» – Асхат Аймағамбетов
27.02.20
В Туркестанской области не хватает медиков – Байбек
27.02.20
Бауыржан Байбек көпбалалы отбасыларға үйдің кілтін тапсырды
26.02.20
Молодой алматинец разработал инновационный браслет для больных диабетом
26.02.20
Куда инвестировать 10 тысяч тенге в Казахстане и при этом получить прибыль. Мнение эксперта
25.02.20
Руководитель Jas Otan встретился с молодежью Шымкента
25.02.20
Бауыржан Байбек встретился с погорельцами многоквартирного дома в Шымкенте
24.02.20
Байбек посетит проблемные объекты города Шымкент
20.02.20
Бауыржан Байбек осмотрел детсад Экибастуза, который находится в аварийном состоянии
19.02.20
Nur Otan партиясының басшылығы Павлодарда
18.02.20
Строительство котельной в селе Новочерноярка взято на контроль Nur Otan
18.02.20
Бауыржан Байбек Павлодар облысы тұрғындарымен жүздесіп, аймақтағы проблемаларды талқылайды
18.02.20
Тұңғыш рет музыканттар 75 шығарманы үзіліссіз орындап, Гиннесстің рекорд­тар кітабына енді
18.02.20
Дұрыс диалог жүргізуді тапсырды
14.02.20
Қазанда басталатын халық санағына онлайн қатысуға болады
13.02.20
Бибигуль Жексенбай – президент клуба главных редакторов
12.02.20
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ВОЛОНТЕРЛЕР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЕЛШІСІ АТАНДЫ
12.02.20
Коронавирус может негативно отразиться на экономике Казахстана — Назарбаев
12.02.20
Ситуация меня сильно тревожит — Назарбаев высказался о кордайском конфликте
10.02.20
"ЖӘРДЕМ" медициналық пойызының дәрігерлеріне алғыс білдірді
Все новости

Архив публикаций

«    Февраль 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829 
Оцените работу движка

Наши партнеры

Наверх