Nur Otan партиясы праймериз өткізуді қолға алады

Бұл туралы Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа отырысында айтты, деп хабарлайды aikyn.kz.
Партия төрағасы Бірінші орынбасарының айтуынша, орталықта, сондай-ақ өңірлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізушілерге қойылатын талаптар бар. Олар  объективті, принципшіл және жауапты болуы тиіс. Сондықтан қазіргі кезде партия тарапынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестерге кадрларды таңдаудың тиімді жүйесі құрылуда. Сондай озық технологияның бірі ретінде Бауыржан Байбек партияішілік праймериз өткізуді атады. Бұл тәсіл тек партия жанындағы түрлі кеңестерге ғана емес, партия атынан алдағы сайлауларға ұсынылатын адал, іскер, ел сенетін тұлғаларды да іріктеуге өз септігін тигізбек.
– Барынша беделді, белсенді және жарқын тұлғаларды анықтау үшін, біз осы жылы партияның басқалармен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өзекті электоратын құрайтын кандидаттарды таңдау бойынша партияішілік праймериз өткізетін боламыз, – деді Бауыржан Байбек.
Nur Otan партиясы тарапынан халықпен кері байланыс арналарын орнатуға ерекше назар аударылған. Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық және аймақтық кеңестердің барлық басшылары өз аккаунттарын ашып, әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жүргізуде.
Осы мақсатта Кеңестердің партияның Қоғамдық қабылдау бөлмелерімен өзара қарым-қатынасы ұйымдастырылған, сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша жеке «жедел желі» ашылып, азаматтардың шағымдарына әрекет етудің нақты алгоритмі жасалған. Жедел желі арқылы барлық арыз-шағымдар кейіннен өзекті сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, оның ішінде мемлекеттік органдардың жұмысындағы тәуекелдерді талдау үшін тіркеледі.

Похожие публикации

Лента новостей

19.09.20
Нурсултан Назарбаев принял участие в презентации международного туристического хаба
19.09.20
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
07.09.20
Байбек о Послании: Президент проявляет твердость и политическую волю
07.09.20
Бауыржан Байбек: Президент саяси ерік танытып, сабақтастықты жалғастыруда
04.09.20
«Nur Otan»-да Денсаулық сақтау және Еңбек вице-министрлеріне шара қолдануды талап етті
01.09.20
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2020 жылғы 1 қыркүйек
28.08.20
Елбасы: Праймериз надо организовать честно, прозрачно и в равных условиях для всех участников
27.08.20
Елбасы присвоили статус «Чемпион за мир, свободный от ядерных испытаний»
27.08.20
Нұрсұлтан Назарбаев «Ядролық сынақтардан азат әлем үшін чемпион» мәртебесіне ие болды
25.08.20
«Ақындардың да мінберде сөйлейтін кезі келді» – ақын Жүрсін Ерман
25.08.20
Қазақстанда жүрегін алғаш ауыстырған адам праймеризге қатысады
25.08.20
1 сентября Токаев озвучит основные цели посткризисного развития Казахстана
25.08.20
«Я хочу развивать транспортную отрасль во благо людей»: генеральный директор ТОО «Кокшетауский автобусный парк»
25.08.20
«Смелее! В праймериз ждут не равнодушных»
25.08.20
Байбек и Есмагамбетова утвердили специальные санитарные требования при проведении праймериз
25.08.20
Байбек «Nur Otan» праймеризінде пікірсайыстар мен үгіт-насихаттың қалай өтетінін түсіндірді
17.08.20
«Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың праймериздің басталуына байланысты үндеуі
17.08.20
Нурсултан Назарбаев принял Первого заместителя Председателя партии «Nur Otan» Бауыржана Байбек
17.08.20
Нурсултан Назарбаев назначил дату заседания бюро политсовета партии «Nur Otan»
17.08.20
Участвую в праймериз, чтобы голоса инвалидов были услышаны – Канат Байбуров
Все новости

Архив публикаций

«    Сентябрь 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
Поговорим о сериалах:

Наши партнеры

Наверх