NUR OTAN қандасымыздың мәселесін жедел шешіп берді

Nur Otan партиясының Ақмола облыстық филиалы Өзбекстаннан елге оралған қандасымызға көмек қолын созды. 
2011 жылы Өзбекстаннан көшіп келген Бақытбек Құламанов Ақмола облысы, Целиноград ауданына қарасты Мәншүк ауылына тұрақтаған. Биыл зейнетке шығу жасына жеткен Бақытбек еңбек кітапшасында жұмыс істегенін растайтын жазу мен мөрдің анық жазылмауына байланысты құжат рәсімдеу кезінде қиындықтарға тап болған. Целиноград ауданы әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің талабы бойынша қарияға Өзбекстанға қайтып барып, құжаттарын қайта жаздырту керек еді. Алайда отандасымыздың арыз-тілегін тыңдаған облыстық Nur Otan партиясының филиалы мәселенің мән-жайын анықтауға кіріскен. Нәтижесінде, партияның облыстық филиалының қызметкерлері Целиноград ауданының көші-қон полициясымен бірлесіп, Өзбекстан Республикасының тиісті органдарына сұрау салып, қажетті құжаттарды алдыртқан. Осылайша, отандасымызды уайымға салған мәселе Nur Otan партиясына жүгінудің арқасында оң шешімін тапты.
Бақытбек ҚҰЛАМАНОВ, зейнеткер:
– Мен екінші топтағы мүгедек адаммын. Сол себепті қиындықтар туындағанда арлы-берлі жүгіре алмаймын деп қорықтым. Алайда мені ешқайда жүгіртпей, облыстық Nur Otan партиясында қызмет ететіндер, әсіресе сол жерде еңбектенетін Рақымжан есімді жігіт бастаған қызметкерлер шаруамды тез бітіріп берді. Оларға дән ризамын. Сөздің шыны керек, бұлай тез шешіледі деп ойлаған емеспін.Барлық құқықтар сақталған. Материалды көшіріп бассаңыз https://turkystan.kz/article/95646-nur-otan-andasymyzdy-m-selesin-tez-sheship-berdi гиперсілтемесін міндетті түрде қойыңыз.

Похожие публикации

Лента новостей

27.02.20
«Бұдан былай каникулда олимпиадалар өтпейді» – Асхат Аймағамбетов
27.02.20
В Туркестанской области не хватает медиков – Байбек
27.02.20
Бауыржан Байбек көпбалалы отбасыларға үйдің кілтін тапсырды
26.02.20
Молодой алматинец разработал инновационный браслет для больных диабетом
26.02.20
Куда инвестировать 10 тысяч тенге в Казахстане и при этом получить прибыль. Мнение эксперта
25.02.20
Руководитель Jas Otan встретился с молодежью Шымкента
25.02.20
Бауыржан Байбек встретился с погорельцами многоквартирного дома в Шымкенте
24.02.20
Байбек посетит проблемные объекты города Шымкент
20.02.20
Бауыржан Байбек осмотрел детсад Экибастуза, который находится в аварийном состоянии
19.02.20
Nur Otan партиясының басшылығы Павлодарда
18.02.20
Строительство котельной в селе Новочерноярка взято на контроль Nur Otan
18.02.20
Бауыржан Байбек Павлодар облысы тұрғындарымен жүздесіп, аймақтағы проблемаларды талқылайды
18.02.20
Тұңғыш рет музыканттар 75 шығарманы үзіліссіз орындап, Гиннесстің рекорд­тар кітабына енді
18.02.20
Дұрыс диалог жүргізуді тапсырды
14.02.20
Қазанда басталатын халық санағына онлайн қатысуға болады
13.02.20
Бибигуль Жексенбай – президент клуба главных редакторов
12.02.20
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ВОЛОНТЕРЛЕР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЕЛШІСІ АТАНДЫ
12.02.20
Коронавирус может негативно отразиться на экономике Казахстана — Назарбаев
12.02.20
Ситуация меня сильно тревожит — Назарбаев высказался о кордайском конфликте
10.02.20
"ЖӘРДЕМ" медициналық пойызының дәрігерлеріне алғыс білдірді
Все новости

Архив публикаций

«    Февраль 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829 
Оцените работу движка

Наши партнеры

Наверх