«Jas Otan» Қазақстандағы жемқорлықпен аты шыққан 7 бірдей жеке меншік ЖОО-ның тізімін жариялады

Отандық жоғары оқу орындарының жемқорлыққа бейім екендігіне әрбір сегізінші студенттің көзі жетіп отыр. «Nur Otan» партиясы «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев «Таза сессия» акциясының екінші кезеңінің қорытындысын айтты. Анонимді сауалнамаға еліміздегі 64 жеке меншік жоғары оқу орнында оқып жатқан 20 мыңнан астам студент қатысқан.
«Көптеген студенттер пара беруді ЖОО оқымай-ақ бітірудің жолы сияқты көреді. Десек те, оқытушылардың өздерін осындай жағдайда оқу бітірген, түлектерінің алдағы тағдыры алаңдатып отырған жоқ. «Jas Otan» жастар қанатының белсенділеріне студенттер көптеп хабарласып, көмек сұрайды. Сауалнамалар негізінде студенттердің жемқорлық фактілерін көрсеткен 7 жоғары оқу орнының рейтингі жасалды. Бұлар: Нұр-Сұлтан қаласындағы Медициналық университет, Жетісай қаласындағы «Сырдария» университеті, Алматыдағы Қазақ туризм және спорт академиясы, Шымкент қаласындағы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университет, Алматыдағы Орталық Азия университеті, «Алматы» университеті, С.Баишев атындағы Ақтөбе университеті», - деді Елнұр Бейсенбаев.
Респонденттердің пікірінше, жемқорлық фактісі ең көп емтихан және есеп тапсыру кезінде (23,8%), дипломдық жұмыс қорғау кезінде (8,7%) көрініс беріп отыр. Ал, «ЖОО студенттер параны кімге көп береді» деген сұрақ бойынша студенттердің 30% конвертті оқытушыларға беретіні, ал 4,4% ректорларды тікелей сатып алатыны анықталды. Ұсынылатын параның мөлшері де ерекше назар аударуды қажет етеді. Жасотандықтардың дерегіне сүйенсек, Қазақстан бойынша сессияны жабу бағасы 22 мың теңгені құрайды, бір пәнді тапсыру 14 мың болса, курстық жұмыс 32 мың теңге тұрады екен.
«Диплом жұмысын өте жақсы деңгейде қорғап шығу үшін 105 мың теңге төлеу жеткілікті, ал ақылы бөлімнен грантпен оқу бөліміне ауысу үшін 400 мың теңге беруге тиіссіз. Бұл адамның ақылына сыймайтын дүние», – деп ашуланды «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы.
Сауалнама талданып біткен соң, барлық ақпарат «Jas Otan» тарапынан  ҚР Білім және ғылым министрлігіне жолданатын ұсыныс хатта көрсетілетінін атап өтуге болады.
«Біз Білім және ғылым министрлігіне шақыру жібергенбіз, министрлік өкілдері баспасөз-конференциясына келуге тиіс еді, алайда ЖОО жемқорлық мәселесінен олардың аппараттық жиналыстары маңызды болғанға ұқсайды», – дейді Елнұр Бейсенбаев.
Естеріңізге сала кетейік, «Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ЖОО жемқорлықты жоюды тапсырған болатын. Сонымен қатар, партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған Бағдарламасы аясында нұротандықтар парақорлықтың аясын тарлытып келе жатыр.

Похожие публикации

Лента новостей

01.04.20
Пять миллионов масок будет бесплатно предоставлено нуждающимся от фонда «Birgemiz»
01.04.20
Школьных учителей в Туркестанской области заставляли шить маски. Виновные наказаны
01.04.20
Заявление Главы государства Касым-Жомарта Токаева
31.03.20
Волонтерлар қарап қалмады
30.03.20
Коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлері 850 мың теңгеге дейін үстеме ақы ала алады
30.03.20
Birgemiz қоғамдық қорына 11 миллиардтан астам теңге түсті
30.03.20
"BIRGEMIZ" қоғамдық қорының басшылыққа алатын негізгі қағидаттары
29.03.20
В Казахстане зарегистрирован первый региональный фонд «Birgemiz-Mangystau»
27.03.20
Общественный фонд «Birgemiz» под особым контролем Елбасы
26.03.20
Госкомиссия по обеспечению режима ЧП при Президенте РК усилила ограничения в Нур-Султане, Алматы и Шымкенте
26.03.20
Nur Otan: «Біз біргеміз!» акциясы аясында 11 600-ден астам отбасыға 214 миллион теңгеге көмек көрсетілді
25.03.20
Nur Otan усиливает контроль за обращениями граждан
25.03.20
Казахстанские ученые показали Токаеву тест на коронавирус
25.03.20
Қазақстанда 2 адам коронавирустан айықты
25.03.20
Определены 10 основных принципов Общественного фонда «Birgemiz»
23.03.20
Президенттің Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында сөйлеген сөзі
20.03.20
«Nur Otan» әлеуметтік пакеттерді байланыссыз жолмен таратуды жалғастыруда
20.03.20
ТВОЙ ДОМ - ТВОЯ КРЕПОСТЬ!
20.03.20
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына ҮНДЕУІ
20.03.20
Назарбаев обратился к народу Казахстана
Все новости

Архив публикаций

«    Апрель 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
Оцените работу движка

Наши партнеры

Наверх