Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдай жариялады

«Ақорданың» хабарлауынша, Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы Президенттің Қаулысы шықты.
Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 16) тармақшасына және «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
  1. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында  2020  жылғы  16  наурыздағы   08  сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізілсін.
  2. Төтенше жағдайдың кезеңінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын және оған «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өкілеттіктер берілсін.
  3. Төтенше жағдайдың күшінде болу кезеңінде мынадай шаралар және уақытша шектеулер енгізілсін:
1) қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық, ерекше режимдік, режимдік және  ерекше қорғалатын объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтілсін;
2) ірі сауда объектілерінің жұмыс істеуіне шектеу қойылсын;
3) сауда ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметін тоқтата тұрсын;
4) карантин енгізсін, санитариялық-эпидемияға қарсы ауқымды іс-шараларды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және ішкі істер органдарының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен жүзеге асырсын;
5) ойын-сауық,  спорттық  және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ  отбасылық,  салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынсын;
6) Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметінің персоналын, сондай-ақ  Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен Қазақстан Республикасына келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына көліктің барлық түрлерімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеулер белгіленсін.
  1. Төтенше жағдай режимі кезінде қолданылатын шаралардың іске асырылуына жауапты болып Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері айқындалсын.
  2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры осы Жарлықта белгіленген шаралар мен уақытша шектеулерді іске асыру кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етсін.
  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінен қажетті қаражаттарды бөлсін;
2) медициналық тексеруден және емделуден, карантиндік режимді сақтаудан бас тартатын, эпидемиологиялық жағдайды айқындау үшін маңызы бар деректерді жасыратын адамдарға бақылау, сондай-ақ аталған адамдардың жауаптылығының шаралары күшейтілсін;
3) орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының аумағында COVID-19 коронавирусының таралуын болдырмау мақсатында осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
Қазақстан Республикасының    Президенті    Қ.Тоқаев
 
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы  15   наурыз

Похожие публикации

Лента новостей

01.04.20
Пять миллионов масок будет бесплатно предоставлено нуждающимся от фонда «Birgemiz»
01.04.20
Школьных учителей в Туркестанской области заставляли шить маски. Виновные наказаны
01.04.20
Заявление Главы государства Касым-Жомарта Токаева
31.03.20
Волонтерлар қарап қалмады
30.03.20
Коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлері 850 мың теңгеге дейін үстеме ақы ала алады
30.03.20
Birgemiz қоғамдық қорына 11 миллиардтан астам теңге түсті
30.03.20
"BIRGEMIZ" қоғамдық қорының басшылыққа алатын негізгі қағидаттары
29.03.20
В Казахстане зарегистрирован первый региональный фонд «Birgemiz-Mangystau»
27.03.20
Общественный фонд «Birgemiz» под особым контролем Елбасы
26.03.20
Госкомиссия по обеспечению режима ЧП при Президенте РК усилила ограничения в Нур-Султане, Алматы и Шымкенте
26.03.20
Nur Otan: «Біз біргеміз!» акциясы аясында 11 600-ден астам отбасыға 214 миллион теңгеге көмек көрсетілді
25.03.20
Nur Otan усиливает контроль за обращениями граждан
25.03.20
Казахстанские ученые показали Токаеву тест на коронавирус
25.03.20
Қазақстанда 2 адам коронавирустан айықты
25.03.20
Определены 10 основных принципов Общественного фонда «Birgemiz»
23.03.20
Президенттің Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында сөйлеген сөзі
20.03.20
«Nur Otan» әлеуметтік пакеттерді байланыссыз жолмен таратуды жалғастыруда
20.03.20
ТВОЙ ДОМ - ТВОЯ КРЕПОСТЬ!
20.03.20
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына ҮНДЕУІ
20.03.20
Назарбаев обратился к народу Казахстана
Все новости

Архив публикаций

«    Апрель 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
Оцените работу движка

Наши партнеры

Наверх