Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына ҮНДЕУІ

Қымбатты отандастар!
Бүгінде бәріміз коронавирус­тың жаһандық пандемияға ұлас­қанына куә болып отырмыз.
Қазір вирус жер шарындағы 155-тен астам мемлекеттің, соның ішін­де Қазақстанның да аумағына та­ралуда.
Індеттің географиялық өрісі үз­діксіз кеңейіп, құрбандарының са­ны да өсіп келеді.
Бұл жағдайды халықаралық эко­номикалық дағдарыс – ши­кі­зат, валюта және қаржы нарық­та­рының құлдырауы ушықтыра түсуде.
Мұның бәрі біздің елді де айналып өтпейтіні анық.
Басқаша айтқанда, біз қазір «дү­лей дауыл» деп сипаттауға бо­ла­тын үлкен қауіп-қатер алдында тұр­мыз.
Шешу жолдарын табу тұрғы­сы­нан күрделі боп отырған қазіргі ахуал бір жағынан 1990-жыл­дар­дың басындағы жағдайға ұқ­сай­ды.
Ол кезде біз шын мәнінде өте қиын жағдайда болған едік.
Осындай ауыр кезеңде мен бар­­лық қазақстандықтарды ел Пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкі­мет тарапынан іске асы­ры­лып жат­қан шұғыл шара­лар­ды қол­дауға ша­қырамын.
Ел билігі коронавирустан қор­ғану үшін оның алдын алуға ба­ғытталған кешенді шаралар қа­был­дады.
Бұл ретте төтенше жағдайдың жариялануы – маңызды және қа­жетті қадам.
Ондағы мақсат – біз­дің аза­мат­тарымыз бен мемлеке­тіміз­дің мүд­десін қорғау.
Қазір коронавирус инфек­ция­сының залалын азайту және эко­но­миканы тұрақтандыру жө­нін­дегі арнаулы штаб жұмыс істеп жатыр.
Азық-түлік пен ең қажетті тауар­­лардың, медициналық мақ­­сат­қа арналған заттардың тап­шы­лығына жол бермеу үшін барлық жағ­дай жасалуда.
Мемлекеттің әлеуметтік мін­деттемелерінің бәрі де орындалуда.
Елдегі құқықтық тәртіп қам­та­ма­сыз етіліп отыр.
Отандық кәсіпкерлерге, ша­ғын және орта бизнеске жан-жақ­ты қолдау көрсетіліп жатыр.
Жұмыс орындарын сақтауға ба­­рынша күш салынуда.
Мемлекеттік деңгейде қабыл­да­­нып жатқан шаралар қазіргі қиын ахуалға сай дер кезінде қолға алын­ды.
Мен мұны толық қолдаймын!
Сонымен қатар қазіргі дағда­рыс ұзағырақ уақытқа созылар бол­са, Үкімет оған қарсы шаралар әзір­леуге тиіс.
Ондай жағдайда елімізді жә­не азаматтарымызды қатаң үнем­шіл­дікке, кешенді орнықты даму бағ­дарына шығуға дайындау керек.
 
Құрметті қазақстандықтар!
Дана халқымызда «Кемедегінің жаны бір» деген ұлағатты сөз ба­рын білесіздер.
Осынау сын сағатта ортақ істен еш­кім де сырт қалмауға тиіс.
Біріншіден, Үкімет бюджет са­­­ласы қызметкерлерінің, сту­дент­­­тердің, шағын және орта биз­нес­­­тің ауыртпалығын жеңілдету ба­­­ғытындағы нақты қадамдарын жа­рия етті.
Бірақ тек қана мемлекеттің күш-жігері жеткіліксіз болады.
Зауалды еңсеру үшін басқа да қо­­сымша ресурстарды жұмыл­дыр­ған жөн.
Әрбір азамат өзінің қолынан ке­­летін үлесін қосуға тиіс.
Мен бұл қиын кезеңде ел-жұрт­­­­­­қа көмектескісі келетін және жәр­­­­­дем бере алатын адамдардыңқ­а­­­ра­жаты жинақталатын Рес­пуб­ли­­калық қор құруды ұсынамын.
Осындай жағдайда бұрынғыша отандық ірі кәсіпорындар да қол­дауын көрсетеді деп сенемін.
Ондай қорларды әрбір облыс ор­талығында және республикалық маңызы бар қалаларда құру қажет.
Ол жұмысты тиісінше сол жер­лер­дің әкімдері жүзеге асырғаны дұрыс.
Бүкіл халық, қалың ел, жал­пақ жұрт болып жұмылудың жар­­­қын үлгісі мен тиімділігін біз Арыс қа­­­­ласын апаттан кейін же­дел қал­пы­на келтірген кезде көр­сеткен едік.
Екіншіден, мен қазірдің өзінде ұлт­­тық бизнес өкілдерінің ел-жұрт­қа көрсетіп жатқан көмегі үшін ри­за­шылығымды білдіремін.
Мұндай мәрттік жалғасын тауып, оған қосылатын бизнес өкіл­­дерінің саны көбейе түседі де­­ген үміттемін.
Компания иелері өздерінің қоластында еңбек етіп жүрген жан­­дарға қаржылай да, моральдық тұр­ғыдан да жәрдемдеседі деп се­не­мін.
Мәселен, уақытша демалысқа жі­беруге мәжбүр болған жағдайда ең­беккерлерді ақылы түрде босат­қан немесе қысқартылған жұмыс кестесіне көшкен абзал.
Отандық бизнес өкілдерін жал­­дамалы қызметкерлерді жұ­мыс­­тан шығармауға шақырамын.
Сіздер жұмыс орындарын сақ­­тау арқылы қоғамға қам­қор­лық­тарыңызды көрсетесіздер.
Еліміздің кен өндірісі мен ши­­кізат ресурстарын өңдеу жә­не өнеркәсіп саласындағы ірі ин­весторлар да Үкіметпен, әкім­дік­термен бірлесе отырып, өздері жұ­мыс істеп жатқан өңірлердің тұр­ғындарына қолдау көрсетуге тиіс.
Қиындықта қол ұшын беру – игі дәстүр, халқымыздың қанында бар, бойымызға сіңген асыл қа­сиет.
Үшіншіден, қазіргі уақытта ең әуелі аса мұқтаж жандарға көмек көр­­­­­­сету керек.
Менің тапсырмаммен Nur Otan партиясының жобалары аясында 150 миллион теңге бө­лін­ді.
Бұл қаражат карантин жария­лан­ған Нұр-Сұлтан және Алматы қа­лаларындағы әлеуметтік жағ­дайы төмен азаматтарға атаулы кө­мек көрсетуге жұмсалады.
Коронавирус инфекциясының та­ралуына жол бермеу үшін менің ше­шіміммен Тұңғыш Президент Қоры есебінен тағы 200 миллион тең­ге бөлінді.
Жалпы, коронавирусқа қарсы кү­­реске арналған қаражаттың дұ­­рыс жұмсалуын Nur Otan пар­тия­сы бақылауында ұстайды деп ой­лаймын.
Төртіншіден, үлкен кісілерді, ба­лалар үйі тәрбиеленушілері мен арнаулы ауруханалардағы нау­қас­тар­ды қажетті заттармен үз­бей қам­тамасыз етуге баса көңіл бөлген жөн.
Еліміздің көмекке мұқтаж әр­бір азаматына қамқорлық көр­сетілуге тиіс.
Қазақстандықтар қиын ке­зең­дерде әрдайым бір-біріне жәрдемдескен.
Бұл іске еріктілер қозғалы­сы­ның өкілдері де атсалысады деп сенемін.
Бесіншіден, біз пандемиямен күрестің «алдыңғы шебінде» жүрген дәрі­герлер мен медбикелерді, құ­қық қорғау органдары мен әскери қызметкерлерді қолдауымыз ке­рек.
Олардың иығына ауыр жүк тү­сіп, зор жауапкершілік артылып отыр.
Жұртшылықтың оларға кө­мек­тесіп, түсіністік танытуға жә­не бар­лық нұсқауын жауапкер­шілік­пен орындауға тырысқаны жөн.
 
Қадірлі отандастар!
Біздің бірлігіміз – қазіргі қиын­дықты еңсерудің кепілі.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында бұ­дан да күрделі кезеңдерді бастан өт­кердік.
Барлық ауыртпалықты жеңіп, әрдайым ортақ Отанымыздың гүл­денуі жолында еңбек етіп келеміз.
Осы жолғы сынақты да ел бо­лып еңсереміз деп сенемін.
Қазақстанның жолы қиын­дық­сыз болмайтынын мен тәуел­сіз­діктің бастапқы кезінде-ақ біл­­­генмін.
Бұл ретте тарих пен уақыт біз­дің жоспарымызға өзгерістерін ен­гізетінін ескерген едім.
Жайма-шуақ кездердің өзінде де біз алдымыздан шығуы мүмкін сын-қатерлерге дайындалып, ал­ма­ғайып уақыттарда қажет бо­ла­тын резерв қалыптастырдық.
Жинақталған алтын-валюта қо­ры мен Ұлттық қор қаражаты әр­­дайым біздің қабылдаған ша­ра­­ларымыз бен жалпы ұлттық эко­­номиканы қолдауға септігін ти­­гізді.
Қазір осы күрделі ахуалдан шығу үшін Қазақстанда барлық қа­­­жетті ресурс бар, қор да жет­кі­лік­ті.
Бұл – біздің «Алдымен эконо­ми­ка, сосын саясат» қағидатына негізделген бағыт-бағдарымыздың нақты нәтижесінің бірі.
Жаңадан мемлекет құру оңай емес, ал оны сын-қатерден қорғау жә­не тәуелсіздікті сақтап қалу одан да қиын.
Бізде тәжірибе де, нақты іс-әре­кет алгоритмі де бар.
Мен ұлтты ұйыстырудың, бір­лік пен қоғамдағы келісімнің маңыз­дылығын үнемі айтып келемін.
Тұтастығымызды тағы бір рет дәлелдейтін күн туды.
Еліміздің барлық азаматтарын тө­зім­ділік танытуға, мемлекет қа­былдап жатқан шараларды қол­дау­ға шақырамын.
Бірлік барда алынбайтын асу жоқ.
Келе жатқан Наурыз мейра-мы – біздің бірлігіміздің нышаны.
Шуақты мереке қарсаңында әрбір шаңыраққа шаттық пен игі­лік тілеймін!
Барлық ауыртпалық бізді ай­на­лып өткей.
Қазақстан бұл қиындықты да ең­серіп, дамудың жаңа кезеңіне аяқ басады деп нық сенемін.
Біз біргеміз!
 

Похожие публикации

Лента новостей

27.05.20
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөйлеген сөзі
27.05.20
Глава государства принял участие в третьем заседании Национального совета общественного доверия
27.05.20
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
21.05.20
1,3 млн. казахстанцев получили помощь от фонда «Birgemiz»
21.05.20
1,3 млн. қазақстандық «Birgemiz» қорынан көмек алды
20.05.20
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
20.05.20
Стартовал прием заявок на республиканский конкурс среди журналистов Nur Suńqar
20.05.20
Журналистер арасында Nur Suńqar байқауы жарияланды
15.05.20
Қазақстандықтар Kaspi.kz арқылы рекордтық мөлшерде онлайн зат сатып алды
15.05.20
Қазақстанда коронавирустан сауыққандар саны 2558-ге жетті
15.05.20
Елордаға кімдер кіріп-шыға алады
15.05.20
Что и кому Казахстан продает на экспорт? Топ-10 товаров, которыми зарабатывает страна
14.05.20
Тяготы легче преодолеваются сообща — Байбек
14.05.20
Жители поселка в Павлодарской области получат центральное теплоснабжение спустя 30 лет
13.05.20
Мақтааралға арналған көмекті блокпосттан өткізбей жатыр деген ақпарат – жалған
09.05.20
Жители Туркестанской области получат 400 тонн гуманитарной помощи
09.05.20
Елбасы қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
07.05.20
Nur Otan и городские власти поздравили ветеранов Алматы
06.05.20
Ерлан Саиров: Праймериз Nur Otan открыт для всех
05.05.20
Nur Otan партиясы Түркістан облысына 40 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтті
Все новости

Архив публикаций

«    Июнь 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
Поговорим о сериалах:

Наши партнеры

Наверх