– Қиындық туғанда бірігу – қазақтың қанында бар нәрсе. Ортақтасып, күш салсақ, бұл дертті де жеңе аламыз деп ойлаймын, – дейді Айдын Рахымбаев.
Еліміздің ең ірі екі қаласында карантин жарияланғанда, жұртшылық маска жетіспеушілігіне тап болды. Дәріханаларда бар болса да, бағасы бірден шарықтап кетті. Тігіншілікпен айналысатындар маска тігіп, оны сатып нәпақасын табуға тырысуда.

Айтуынша, бұл идея дәрігерлердің «біз сіз үшін жұмыстамыз, сіз үйде болыңыз» деген хэштегінен кейін пайда болыпты. Бір күнде 2 мыңнан аса маска тіккен. Тіпті Алматыдағы балалар ауруханасына қажетті масканы өзі апарып берген.

Елге қайырымды ісімен танылғандардың бірі – Димаш Құдайберген. Ол ақтөбелік және нұрсұлтандық 102 отбасыға 5 тонна азық-түлік жіберді. Тіпті Нұр-Сұлтан қаласының еріктілері қалада үй-күйі жоқ адамдарға тамақ жеткізген. Кейбір мейрамханалар әскери қызметкерлер мен дәрігелерге түскі асын тегін-ақ беруде. Бұған дейін Nur Otan партиясы, Тұңғыш Президент қоры, Astana Group басшысы Нұрлан Смагұлов, Болат Өтемұратов қоры, «Верный Капитал», Halyk Bank, Сбербанк Казахстан, Sulpak және Aport Mall компаниялары халыққа қаржылай көмек қолын созды.
Қиын-қыстау заманда елдің бірлігі, амандығы үшін тірлік ететін жақсы адамдар табылады. Ондай қайырымды жандар қай заманда да болған, бола бермек. Бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әлемді жайлаған коронавирус дертін ауыздықтап, бейбіт, мамыражай күй кешетін күнге жетейік!