Бірлесе білген ел жеңеді – Bizbirgemiz

Ел басына түскен күрделі кезеңде партия халқымен бірге. Nur Otan партиясының Қарағанды облысындағы филиалы өткізген тікелей эфирді 3200 адам көрді, 700-ден аса сұрақ қойылды.
Facebook және Instagram әлеуметтік желілердегі партияның облыстық филиалының ресми парақшаларында Партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова тікелей эфир өткізді. Онда Қарағанды облысындағы партия филиалдарының қызметі, Birgemiz акциясы аясында мұқтаж отбасыларға көмек көрсету, «Birgemiz – Qaragandy» аймақтық қоғамдық қорының халықтың әлеуметтік осал топтарына аударған төлемдері туралы баяндады.
Тікелей эфир барысында Қадиша Оспановаға Төтенше жағдай кезінде мемлекеттен көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы 700-ге жуық сұрақ қойылды. Партия өкілі жұмыссыз қалғандарға берілетін 42500, «Бізбіргеміз» қорынан аударылатын 50 мың, коммуналдық төлемге арналған 15 мың теңге, короновирусқа шалдыққан дәрігерлерге берілетін қаржылай көмек, қашықтықтан оқыту, азық-түлік пен пәтерақысы туралы сұрақтарға жауап берді. Қадиша Базарбайқызы карантин кезінде тұрмысы төмен азаматтарға көрсетілетін көмек түрлерін талдап түсіндірді. Сұрақтардың басым бөлігі көп балалы аналардан, мүмкіндігі шектеулі азаматтардан түсті. Тікелей эфирде қойылған сұрақтарға бірден жауап берілді, әр мәселе жеке қаралады деді партия өкілі.

 Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Birgemiz қоғамдық қоры құрылды. Қордың мақсаты әлеуметтік тұрғыда аз қорғалған азаматтарға атаулы көмек көрсету. Қордың Қамқоршылық кеңесі 150 мыңнан астам азаматқа 50 мың теңге көлемінде тікелей ақшалай көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Оны карантинде қиындықтарға тап болған 23 ірі қаланың тұрғындары алмақ.

Қарағанды облысында «Birgemiz – Qaragandy» Қорының филиалы ашылды, онда Қарағанды, Жезқазған, Теміртау қалаларында тұратын тұрмысы төмен азаматтарды қолдау үшін республикалық қордан қаражат түсті. Материалдық көмек жеке тұлғаның карточкалық немесе ағымдағы шотына екінші деңгейдегі банктер арқылы қаражатты қолма-қол аудару жолымен көрсетілді. Қала әкімдігі ұсынған тізім табысы төмен әлеуметтік-осал топтар қатарындағы азаматтарды қамтыды. Қолдау біздің меценат бизнесмендеріміздің қайырымдылық көмегінің арқасында мүмкін болды деді Қадиша Базарбаевна.
9-16 сәуір аралығында Қарағанды облысының үш қаласы Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қаласының тұрғындарына 50 000 теңге мөлшерінде ақшалай қаражат аударылды. Онда барлығы 13674 адам қамтылды. Бұл көмекті халықтың 7 санаты бойынша  халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын көп балалы, мүгедектер, мүгедек баланы күтуші тұлғалар, зейнеткерлер, жетім балалар мен асыраушынан айырылған балалар, ҰОС қатысушылары және оларға теңестірілген адамдар, мұқтаж тыл еңбеккерлері алды. Қаржылай көмектің жалпы сомасы 683 700 000 теңгені құрады.
Елбасы елдегі күрделі жағдайды ескере отырып материалдық және қаржылай көмек көрсетуді жалғастыруды тапсырды. Мамыр айының басында іске қосылатын екінші толқын аясында 210 мыңнан астам мұқтаж отбасыға қаржылай көмек беріледі. Екінші транш аясында Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларының тағы 18 383 тұрғынын қамту жоспарланып отыр.
Облыстық штаб еріктілерінің еңбегі орасан. «Saryarqa jastary» құрамындағы әрбір ерікті күн сайын орта есеппен 10-12 мекенжайға азық-түлік апарады. Олар үздіксіз, демалыссыз жұмыс атқаруда.
– Осы қиын кезеңде меценаттарға, депутаттарға, қайырымды азаматтар мен еріктілерге халыққа көмек көрсеткені үшін үлкен алғысымды білдіремін, – деді Қадиша Оспанова.
Бұл жұмыстың барлығы ұйымшылдықтың, бір орталықтан үйлестірудің арқасында жүзеге асырылып отыр. Жергілікті атқарушы органдардың жұмысы жолға қойылған, олар көмек алушылардың тізімін түзіп, бізге ұсынып отыр деді партия өкілі.
Birgemiz акциясы аясында Қарағанды облысында Jas Otan құрамындағы Saryarqa jastary еріктілер бригадаларының күшімен 62 млн теңгеден астам сомаға 4 903 азаматқа көмек көрсетілді. Еріктілер антисептикалық құралдармен, медициналық маскалармен және бірінші кезекте қажетті өнімдермен қамтамасыз етілген. Кәсіпкерлер мен партияның белсенді мүшелері халықтың әлеуметтік осал топтарына 36 тонна картоп, 16 тонна ұн, 5 тонна ет, 1000 мекиен тауық, 1 тонна көкөніс таратты.
Партия мүшелері жергілікті жерлерде бірнеше рет қолданылатын бетперде тігуді ұйымдастырды. Қазіргі уақытта облыс тұрғындарына 10 000-нан астам маскалар таратылды.
Қарағанды қаласында 1 сәуірден бастап 85 жастан асқан 49 жалғыз басты, аса мұқтаж қарт зейнеткерлерге күнделікті ыстық тамақ жеткізіліп отыр. Бұл көмек карантин кезеңі аяқталғанға дейін жалғасады.
Осы қиын сәтте партия халықпен бірге дейді Қадиша Базарбайқызы. Осыған орай партияның қоғамдық қабылдауының жұмысы онлайн форматқа ауыстырылды. Қабылдауға жүгінушілердің саны өскен. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тұрғындардан түскен өтініштерінің саны 50%-ға артыпты. Карантин енгізілгелі қоғамдық қабылдау бөлмесіне және партияның облыстық филиалының ресми аккаунттарына күн сайын көмек көрсетуді сұраған өтініштер толассыз түсіп жатыр.
Партия филиалы өткізген тікелей эфирде жағымды пікірлер көп болды. Халықтың осал тобына көрсетілген көмек үшін 1-топ мүгедегі, қоғам қайраткері Нияз Сүндеталиев алғыс айтты.
– 50 тың теңге мүмкіндігі шектеулі жандарға біраз демеу болды, дер кезінде берілген көмек, – деді Нияз.
– Тікелей эфирде айтылған ақпараттардың барлығы өте пайдалы, партияның ашық қызметі үшін рахмет! – деді қарағандылық тұрғын Қанат Садықов.
– Nur Otan партиясына шетелден оралған қандастардың алғысы шексіз. Партияға хабарласқан әр азамат қолдаусыз қалған жоқ, – деп жазды «Отандастар» қоғамдық қорының төрайымы Меруеш Башай.
– Партия қиын-қыстау кезеңде халқының қасынан табылды, – деп пікір қалдырды айтыскер ақын Мұқағали Сейтқазы.
Тікелей эфир онлайн режимде тұрғындардың барлық сұранысын қамтыған өзекті және сенімді ақпарат көзіне айналды. Мұндай онлайн-байланысты келешекте тұрақты негізде өткізу жоспарланып отыр.
27 сәуірден бастап «Birgemiz» Қоры тарапынан мұқтаждарға көмек көрсетудің екінші кезеңі басталмақ. Яғни, Қарағанды облысының 18 мыңнан астам тұрғыны 50 мың теңге көлемінде көмек алады.
Ләззат Қожахметова,
 
Қарағанды облысы.

Похожие публикации

Лента новостей

27.05.20
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөйлеген сөзі
27.05.20
Глава государства принял участие в третьем заседании Национального совета общественного доверия
27.05.20
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
21.05.20
1,3 млн. казахстанцев получили помощь от фонда «Birgemiz»
21.05.20
1,3 млн. қазақстандық «Birgemiz» қорынан көмек алды
20.05.20
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
20.05.20
Стартовал прием заявок на республиканский конкурс среди журналистов Nur Suńqar
20.05.20
Журналистер арасында Nur Suńqar байқауы жарияланды
15.05.20
Қазақстандықтар Kaspi.kz арқылы рекордтық мөлшерде онлайн зат сатып алды
15.05.20
Қазақстанда коронавирустан сауыққандар саны 2558-ге жетті
15.05.20
Елордаға кімдер кіріп-шыға алады
15.05.20
Что и кому Казахстан продает на экспорт? Топ-10 товаров, которыми зарабатывает страна
14.05.20
Тяготы легче преодолеваются сообща — Байбек
14.05.20
Жители поселка в Павлодарской области получат центральное теплоснабжение спустя 30 лет
13.05.20
Мақтааралға арналған көмекті блокпосттан өткізбей жатыр деген ақпарат – жалған
09.05.20
Жители Туркестанской области получат 400 тонн гуманитарной помощи
09.05.20
Елбасы қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
07.05.20
Nur Otan и городские власти поздравили ветеранов Алматы
06.05.20
Ерлан Саиров: Праймериз Nur Otan открыт для всех
05.05.20
Nur Otan партиясы Түркістан облысына 40 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтті
Все новости

Архив публикаций

«    Июнь 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
Поговорим о сериалах:

Наши партнеры

Наверх