Бауыржан Байбек: Батырларға арнап бір-бір фильм түсірсек те артық емес

Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Екінші дүниежүзілік соғыста Отан үшін отқа түскен батырлардың ерлігі жастарға үлгі екенін айтты.
«Құрметті достар! Сіздерді Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында «Астана» телеарнасында «Қазақстандықтар – Кеңес Одағының Батырлары» деректі бейнеантологиясы көрсетіле бастайтыны туралы хабардар етпекпін.
Ұлы Отан соғысына Қазақстанның 1 миллион екі жүз мыңнан астам ұл-қызы қатысты. Әрбір екінші отандасымыз майданнан оралмады. 530 қазақстандық Кеңес Одағының батыры атағына ие болды. Тәуелсіздік алғаннан кейін Елбасының жарлығымен Ұлы Отан соғысының тағы 9 қатысушысына «Халық Қаһарманы» атағы берілді.
Даңқты қаһармандарымыздың ерлік тарихы таңбаланған 70 деректі фильмнен тұратын бұл кинотуындылар желісі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен 2015 жылы түсірілді. Бұл үшін «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасының аясында ауқымды архив материалдары жинақталды. Сонымен бірге, мұнда майданнан жазылған хаттар мен жеке жазбалар да қамтылды.
Алдағы мерекелік демалыс күндерін ескерсек, қазақстандықтарға Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Әлия Молдағұлова, Сергей Луганский, Мәншүк Мәметова, Сағадат Нұрмағамбетов, Нұркен Әбдіров сынды аты аңызға айналған қаһармандарымыз бен басқа да батырларымыздың ерліктері, олардың соғыстан кейінгі өмірлері туралы тағы да бір еске түсірудің керемет мүмкіндігі ұсынылып отыр.
Өкінішке қарай, жыл өткен сайын сұрапыл соғыста қан төккен, майданның бар қажетін қамтамасыз ету үшін тылда жан аямай еңбек еткен ардагерлеріміздің қатары сиреп барады.
Ел Тәуелсіздігінің тұғырын нығайту барысындағы барша қиындықтарға қарамастан, Елбасының сындарлы саясатының арқасында тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім сақталды. Сондықтан біз, әсіресе жас буын, бүгінгі бейбіт те еркін өміріміз үшін бастарын бәйгеге тігіп, сол жолда жанқиярлықпен шайқасқан қазақстандық қаһармандарымыздың ұлы ерліктерін ешқашан ұмытпауымыз керек. Аға буынның ерлігі мен намысы, ержүректігі мен адалдығы, достығы мен отаншылдығы бүгінгі және болашақ Отан қорғаушыларымызға үлгі болуға тиіс.
 Баршаңызды алдағы Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтаймын», – деді Бауыржан Байбек.


P.S Аталған фильмдер «Астана» телеарнасының эфирінде көрсетілумен бірге YouTube-арнасы мен @astana.tv әлеуметтік желілерінде де қолжетімді болады.

Похожие публикации

Лента новостей

27.05.20
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөйлеген сөзі
27.05.20
Глава государства принял участие в третьем заседании Национального совета общественного доверия
27.05.20
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
21.05.20
1,3 млн. казахстанцев получили помощь от фонда «Birgemiz»
21.05.20
1,3 млн. қазақстандық «Birgemiz» қорынан көмек алды
20.05.20
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
20.05.20
Стартовал прием заявок на республиканский конкурс среди журналистов Nur Suńqar
20.05.20
Журналистер арасында Nur Suńqar байқауы жарияланды
15.05.20
Қазақстандықтар Kaspi.kz арқылы рекордтық мөлшерде онлайн зат сатып алды
15.05.20
Қазақстанда коронавирустан сауыққандар саны 2558-ге жетті
15.05.20
Елордаға кімдер кіріп-шыға алады
15.05.20
Что и кому Казахстан продает на экспорт? Топ-10 товаров, которыми зарабатывает страна
14.05.20
Тяготы легче преодолеваются сообща — Байбек
14.05.20
Жители поселка в Павлодарской области получат центральное теплоснабжение спустя 30 лет
13.05.20
Мақтааралға арналған көмекті блокпосттан өткізбей жатыр деген ақпарат – жалған
09.05.20
Жители Туркестанской области получат 400 тонн гуманитарной помощи
09.05.20
Елбасы қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
07.05.20
Nur Otan и городские власти поздравили ветеранов Алматы
06.05.20
Ерлан Саиров: Праймериз Nur Otan открыт для всех
05.05.20
Nur Otan партиясы Түркістан облысына 40 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтті
Все новости

Архив публикаций

«    Июнь 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
Поговорим о сериалах:

Наши партнеры

Наверх