
Жас та болса, елге белгілі фотограф Саламат Аязбай – фото түсірудің шебері. Өзі бала кезінде ұшқыш болуды армандаған екен. «Көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе» дегендей адам қиялына шек бар ма?



– Негізгі мамандығым – эколог. Бұл кәсіпке кездейсоқ келдім. Алғашында жай ғана қызығушылықпен бастағаным рас. Кейін түсірген суреттерімді жора-жолдастарым, ағайын-туғандарым көріп, ұнатты. Сол уақытта Instagram желісі сұраныста ғой, суреттерді соған сала бастадым. Ақырында өмірімнің ажырамас бір бөлігіне қалай айналып кеткенін де сезбей қалдым.

– Әрине, кәсіби фотографпын. Тапсырыс бойынша түрлі форум, конференция, концерт, жарнамаға түсіремін. Бірақ олардың ешбірін парақшама салмаймын. Ол менің жұмысым, күн көрісім деуге болады. Парақшамдағы суреттер – ізденісім. «Шәкіртсіз ұстаз – тұл» дегендей, әрқашан ізденіс үстіндемін. Түрлі тәжірибе жасап, оны шыңдаудамын.

– Соңғы кезде парақшаңызға салып жүрген суреттеріңіз соның жемісі ме?
– Қазір жасап жүргенім – фотоманипуляция. Бұл дегеніміз – түрлі суреттің кескіні мен графикалық элементтер жиынтығын қосу арқылы айтар ойы бар жаңа дүние тудыру. Бір сөзбен айтсақ, әшейін безендіру жұмыстары. Қалада карантин жариялаған күннен бастап, сыртқа шыға алмай қалдық. Шынын айтсақ, емін-еркін жүруден қалдық.


– Фотолардың ішіндегі ең табыстысы – Сарыарқа көпірі. Елорданың күндізгі және түнгі бейнесін, тыныс-тіршілігін көрсететін сурет болуы керек еді. Сөйтіп, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ұйымдастырған байқауға қатыстым.


– Өмірімді өзгертуге түрткі болған да сол шығар. Өз-өзімді іздеп тапқандай болдым. Әйтпесе, оған дейін немен айналыспадым. Алып-сатарлықпен айналысып, бизнес бастадым. Мамандығым бойынша істеп те көрдім. Бірақ фото секілді ештеңе мені елітіп әкетпеді. Оның үстіне, ұнаған ісің табыс әкелсе қуанышың да еселене түседі емес пе?! Міне, осы кезде түбегейлі фотограф болуды шештім.

– Ондай ойым да жоқ. Бұл кәсіппен біте қайнасып кеттім. Қазір хоббиімді де, жұмысымды да бір-бірінен ажырата алмайсыз. Демалыссыз жұмыс істесем де, жаным рақаттанып, ләззат сыйлайды. Ал жасаған ісіңнен ләззат ала білу – үлкен бақыт. Сол бақытты жоғалтқым келмейді. Сурет түсіру – менің өмірім.

– Бұл салаға келгенімде ешқандай курсқа қатыспадым. Маған ешкім ештеңені үйретпеді. Фотосуреттің негізін түртпектеп жүріп үйрендім. Жаңағы оқулар осының негізін тез арада үйренуге мүмкіндік береді. Ал енді шеберлігіңді шыңдау фантазияңа байланысты.



– «Сыныққа – сылтау, кереңге – мылқау» демекші, меніңше бұл сылтау. Алғашқы фотоаппаратты кәсіпкерлікпен айналыспақшы болғанда сатып алғанмын. Canon 1100 объективімен бірге 62 мың теңге тұрды-ау.
Ол камера әлі бар, әлі де жұмыс істейді. Суреттің жақсы шығуы фотоппаратқа байланысты емес. Әр түсірген сайын өз қателігіңді, артықшылығыңды біле түсесің. Түсіру барысында тоқтап қалмау керек. Сонда ғана нәтиже болады.


ДЕРЕКӨЗ: aikyn.kz