Nur Otan Президенттің іс-шараларын қолдай отырып, #BizBirgemiz акциясын жалғастырады

Бұл туралы билеуші партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында айтты.

Nur Otan Президенттің іс-шараларын қолдай отырып, #BizBirgemiz акциясын жалғастырады

Бұл туралы билеуші партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында айтты.
«Құрметті достар! Осынау күрделі кезеңде өз жақындары мен туыстарынан айрылған барша жанға қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Өкінішке қарай, әлемнің көптеген елдерімен қатар Қазақстан да COVID-19 ауруы жылдам таралып отырған мемлекеттер тізіміне енді.

Қалыптасқан ахуалды ескеріп, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күрес шараларын күшейту туралы мәлімдеді. Олардың қатарында лабораторияларды жете жарақтандыру, төсек-орындар мен ПЦР-тесттер санын арттыру шаралары қамтылған. Осы қиын жағдайды пайдаланып, пайдаға кенеліп қалғысы келетіндерге қатысты қатаң шаралар қабылданады. Бұл осындай күрделі кезең ішінде ел арасында үрей туғызып, әлеуметтік алауыздықты қоздырушыларға қатысты болмақ.

Жалпы, дәрі-дәрмек, Өкпені жасанды желдету аппаратын сатып алуға, медицина қызметкерлерін ынталандыруға және басқа да шұғыл шараларға кемінде 150 млрд. теңге бағытталады. Ендігі мәселе – осы шаралардың атқарушы органдар тарапынан орталықта және өңірлерде тиімді іске асырылуы.

Ел Президенті жариялаған шараларды қолдай отырып, біз #BizBirgemiz республикалық акциясы аясында қарқынды жұмыс жүргізуді жалғастырамыз.

Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен өңірлік филиалдардың жұмысы мұқтаж азаматтарға атаулы көмек көрсетуге бағдарланды. Қоғамдық қабылдаулар онлайн режимде қызу жұмыс жүргізуде.

Елбасының бастамасымен соңғы 3 айда 550 мыңнан астам аса мұқтаж отбасыға, яғни отбасылық коэфициентін ескергенде 2 миллиондай адамға атаулы қаржылық көмек көрсетілді. Тағы 300 мыңдай отбасы азық-түлік себеттерімен және қажетті тауарлармен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ 100 мың отбасыға 5 миллион маска таратылды. Осынау ауқымды жұмысқа «Jas Otan»-ның 5 мыңнан астам волонтері атсалысты.

Мемлекет басшысы үндеуінде атап көрсеткендей, қазіргі кезде қазақстандықтардың халқымыздың басына түскен сынаққа барынша сабырлық, төзімділік пен жауапкершілік танытуы маңызды. Ел Президентінің жанына топтаса отырып, бірлігімізді көрсететін кез, осы. Тек жұдырықтай жұмыла отырып қана бұл қатерді еңсереміз.

 «Nur Otan» партиясы өзінің бүкіл ресурсын Мемлекет басшысының тапсырмаларына қоғамдық және партиялық бақылауды қамтамасыз етуге жұмылдырады», – деп жазды ол.

Похожие публикации

Лента новостей

29.07.20
Бағдат Мусин ХҚКО-дағы жемқорлықты жоюға уәде берді
29.07.20
100 корзин здоровья вручили жасотановцы врачам в Шымкенте
29.07.20
Бауыржан Байбек праймериздің онлайн-форматта дауыс беру арқылы өтетінін хабарлады
29.07.20
Партия Nur Otan проведет праймериз в онлайн-режиме
29.07.20
В Казахстане продлили карантин на две недели
29.07.20
Тоқаев карантин мерзімін тағы екі аптаға ұзартуды тапсырды
28.07.20
Раздавать казахстанцам пенсионные деньги или вкладывать их в другие страны. Разбираемся
24.07.20
Корзины с продуктами вручили столичным врачам партийцы Nur Otan
22.07.20
Мониторинговая группа Nur Otan проверила условия проживания медиков, задействованных в борьбе с COVID-19
16.07.20
Хрен, имбирь и барсучий жир: Как казахстанцы лечатся от коронавируса народными средствами
11.07.20
Коронавирустың әлемдегі таралу қарқыны қандай?
11.07.20
Исследование: темпы распространения КВИ в разных странах
10.07.20
Қазақстан Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді
09.07.20
Общереспубликанская акция #BizBirgemiz будет продолжена — Байбек
09.07.20
Nur Otan Президенттің іс-шараларын қолдай отырып, #BizBirgemiz акциясын жалғастырады
08.07.20
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың телевизиялық үндеуі
08.07.20
Тоқаев: Жалған ақпарат таратқан адам жауапқа тартылады
08.07.20
Токаев объявил 13 июля днем траура по жертвам коронавируса
08.07.20
BIRGEMIZ: Алматы облысында 2 жедел жәрдем көлігінің кілтін табыстады
06.07.20
Тоқаев Елбасын туған күнімен құттықтады
Все новости

Архив публикаций

«    Август 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
Оцените работу движка

Наши партнеры

Наверх