Тоқаев карантин мерзімін тағы екі аптаға ұзартуды тапсырды

Мемлекет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты түйткілді мәселелер жөнінде кеңес өткізді, – деп хабарлайды akorda.kz.

карантин, Қасым-Жомарт Тоқаев, Асқар Мамин
Премьер-Министр Асқар Мамин Президентке 5 шілдеден бастап елімізде қатаң карантин шаралары енгізілгеннен кейін індет жұқтырушылардың саны 29 пайызға төмендегенін баяндады. Бір күнде індет жұқтыратын адамдардың саны 1500-1600 аралығында тұрақтаған. Стационарлардағы емделушілердің қатары 43 пайызға, оның ішінде, реанимациялық палаталардағы науқастар саны 27 пайызға азайған. Сауығып шыққандардың саны 63 пайызға дейін өскен. Жедел-жәрдем шақыру жағдайы төмендеген. Осылайша денсаулық сақтау жүйесінің негізгі жүктеме көрсеткішін төмендетуге қол жеткізілген.
Сонымен қатар Асқар Мамин Қасым-Жомарт Тоқаевқа дертке шалдығу және адам өлімі, медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасы, халықтан тест сынамасын алу деңгейі, интенсивті терапия және реанимация палаталарының қажетті дәрі-дәрмектермен, медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі секілді негізгі көрсеткіштер бойынша өңірлердегі ахуалға жүргізілген күнделікті мониторинг жайында мәлімет берді.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Мемлекет басшысына инфрақұрылым нысандарының эпидемиологиялық ахуалға және экономикаға әсерін ескере отырып, карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету жолдарын баяндады.
Мемлекет басшысы коронавирус індетіне шалдығушылардың және соның салдарынан болатын өлім-жітімнің көрсеткішін одан әрі төмендетудің аса маңызды екенін атап өтті.
Шілде айында енгізілген шектеу шараларының оң әсерін одан әрі арттыру мақсатында, сондай-ақ, Қазақстандағы және шекаралас мемлекеттердегі эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түсу ықтималдығын ескере отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік комиссияға карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету арқылы екі аптаға ұзартуды тапсырды.

Похожие публикации

Лента новостей

29.07.20
Бағдат Мусин ХҚКО-дағы жемқорлықты жоюға уәде берді
29.07.20
100 корзин здоровья вручили жасотановцы врачам в Шымкенте
29.07.20
Бауыржан Байбек праймериздің онлайн-форматта дауыс беру арқылы өтетінін хабарлады
29.07.20
Партия Nur Otan проведет праймериз в онлайн-режиме
29.07.20
В Казахстане продлили карантин на две недели
29.07.20
Тоқаев карантин мерзімін тағы екі аптаға ұзартуды тапсырды
28.07.20
Раздавать казахстанцам пенсионные деньги или вкладывать их в другие страны. Разбираемся
24.07.20
Корзины с продуктами вручили столичным врачам партийцы Nur Otan
22.07.20
Мониторинговая группа Nur Otan проверила условия проживания медиков, задействованных в борьбе с COVID-19
16.07.20
Хрен, имбирь и барсучий жир: Как казахстанцы лечатся от коронавируса народными средствами
11.07.20
Коронавирустың әлемдегі таралу қарқыны қандай?
11.07.20
Исследование: темпы распространения КВИ в разных странах
10.07.20
Қазақстан Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді
09.07.20
Общереспубликанская акция #BizBirgemiz будет продолжена — Байбек
09.07.20
Nur Otan Президенттің іс-шараларын қолдай отырып, #BizBirgemiz акциясын жалғастырады
08.07.20
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың телевизиялық үндеуі
08.07.20
Тоқаев: Жалған ақпарат таратқан адам жауапқа тартылады
08.07.20
Токаев объявил 13 июля днем траура по жертвам коронавируса
08.07.20
BIRGEMIZ: Алматы облысында 2 жедел жәрдем көлігінің кілтін табыстады
06.07.20
Тоқаев Елбасын туған күнімен құттықтады
Все новости

Архив публикаций

«    Август 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
Поговорим о сериалах:

Наши партнеры

Наверх