Қазақстанда жүрегін алғаш ауыстырған адам праймеризге қатысады


Қазақстанда алғашқы жүрек трансплантациясы жасалған адам – Жәнібек Оспанов праймеризге қатысады.
«Мен праймеризге қатысамын. Nur Otan партиясының партияішілік праймеризі қоғам белсенділері үшін партия тізімінде болу ғана емес, өзекті мәселелерді шешу мақсатында қолдануға болатын керемет мүмкіндік. Үгіт-насихат жүргізу және кездесу ұйымдастыру барысында негізгі мәселелерді талқылап және оны шешу мүмкіндігі болады», – деп жазды Жәнібек Оспанов Facebook парақшасына.
Жәнібек Оспанов 2012 жылы 8 тамызда жүрегіне трансплантация жасаған. Қазіргі уақытта ол пациенттік ұйымның басшысы және сапалы медициналық көмектің қолжетімділігімен айналысады.
«Бәріміз медициналық қызмет түрін алушылармыз. Медициналық қызметкерлерге, МӘМС-ке, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, салауатты өмір салтын насихаттауға, оңалту жұмыстарына қатысты шешімін табуы керек мәселелер жетерлік. Адамдардың медицинаға деген сенімін қайтару өте маңызды. Аталған мәселелер еліміздегі медицина саласының дұрыс дамуына кедергі келтіреді. Шын мәнінде елімізде бұл саланы дұрыс дамытуға керектінің бәрі бар», – дейді Жәнібек Оспанов.
Ол денсаулықтың қадірін жақсы білетінін айтты. «Әртүрлі ауруға шалдығып және оны жеңгендіктен мен денсаулығым мен өмірімнің қадірін жақсы білемін. Осы себепті елімізде медицина саласының дамуына бар күшімді салғым келеді», – дейді ол.

Похожие публикации

Лента новостей

26.10.21
Бауыржан Байбек проверил исполнение предвыборных обещаний в Алматинской области
22.10.21
Nur Otan: Законопроект по вопросам здравоохранения следует пересмотреть
21.10.21
Строительство школ и больниц на особом контроле Nur Otan
19.10.21
Nur Otan: Дәрі-дәрмектерге салықтық жеңілдіктерді алып тастау бағаны күрт өсіреді
18.10.21
Бауыржан Байбек Маңғыстауда сайлауалды уәделердің орындалуын тексерді
12.10.21
Качество работы портала социальных услуг обсудили в Nur Otan
09.10.21
Бауыржан Байбек Түркістанда сайлауалды бағдарламаның іске асырылуымен танысты
08.10.21
«23% орындалды». Б.Байбек сайлауалды уәделердің Шымкентте іске асырылуын тексерді
06.10.21
В Nur Otan озвучили итоги проверки детских интернатов
05.10.21
Nur Otan алаңында құқық қорғау жүйесінде болатын жаңа өзгерістер жайлы айтылды
04.10.21
«Не допустить роста цен». В Nur Otan дали рекомендации Минсельхозу и акиматам
04.10.21
В Nur Otan рассмотрели исполнение программы по противодействию коррупции в ВКО
30.09.21
Jas Otan возобновит рейтинг учебных заведений по состоянию общежитий
29.09.21
Бауыржан Байбек Қарағанды облысында сайлауалды уәделердің орындалуын тексерді
28.09.21
«Nur Otan» мен Қазақстан Жазушылар одағы «Ұлы дала» байқауын өткізеді
24.09.21
Бауыржан Байбек проверил реализацию предвыборной программы в СКО
23.09.21
Бауыржан Байбек Ақмола облысында сайлауалды уәделердің орындалуын тексерді
21.09.21
В Nur Otan рассказали о добрых поступках своих депутатов
18.09.21
120 деревьев высадили сотрудники Nur Otan в столице
14.09.21
Сборная Казахстан вошла в восьмерку сильнейших команд на Всемирной шахматной Олимпиаде
Все новости

Архив публикаций

«    Октябрь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Оцените работу движка

Наши партнеры

Наверх