«Ақындардың да мінберде сөйлейтін кезі келді» – ақын Жүрсін Ерман

– «Nur Otan» партиясында пар­тияішілік праймериз басталып кетті. Қазіргі кезде сайлау науқанына қа­тысушылардың құжаттары қабыл­данып жатыр. Праймеризге сіз де қатысасыз ба? 
– Праймериз Қазақстан тарихында бірінші рет өткелі жатыр. Бұл партияішілік таңдау – лайықты адамдарды мәслихат пен Мәжіліске ұсынудың бірден-бір жолы әрі заманауи оңды бастама. Сондықтан мен де праймеризге қатыспақшымын. Мен бұл додада жер мәселесін, тіл мәселесін, дін, дәстүр және ұлттық құндылықта­рымызды сақтау, ардақтау туралы бірқатар ұсыныстарымды айтамын.
– Бұл науқанға айтыскер ақын­дар да үн қосып, қолдау білдіруде. Нақты кімдер додаға түседі? Аталған азаматтар қандай мәселелерді көтермекші?
– Науқаннан айтыс ақындары да қалыс қалмады. 6 айтыскер ақын, атап айтқанда Аманжол Әлтаев, Айбек Қалиев, Бекарыс Шойбеков, Серікзат Дүйсенғазы, Айтбай Жұмағұлов, Мұхтар Ниязов праймеризге қатысады. Күні кеше ғана «Nur Otan»  партияcының хатшысы Арман Қырықбаевтың жетекшілігімен Zoom қосымшасы арқылы үлкен жиын өтті. Оған ақын-жазушылар мен бірқатар зиялы қауым өкілдері қатысты. Сонда жиын­дағылардың басым бөлігі осы айтыскер ақындар болды. Жалпы, айтыс ақындары сайлаусыз-ақ елге танылған, халыққа сөзі өтетін, көпшіліктің назарында жүрген адамдар. Әрқайсысының жүздеген, мың­даған жана­шырлары бар. Әрі көптің алдына шығып, елдегі өзекті мәселелерді көтеріп жүрге­нін жұрт жақсы біледі. Бұған дейінгі өткен айтыстардың бар­лығында ақындар қоғамдағы түйткілді мәселелердің бәрін ашық айтып келді. Депутат болған кезде де олар сол жүрісінен танбай­ты­нына сенемін.
– Елімізде алғаш рет өтетін праймериз туралы пікірлер екіге жарылды. Бірі «праймериз қолынан іс келетін азаматтарды ел алдына шығарады» десе, енді бірі «мұны алдын ала жасалған «бағдарлама» деп болжам жасап отыр. Бұл туралы не айтасыз? 
– Праймериз – көптеген да­мыған елдерде қолданылған тә­жірибе. Біздің елде де бұл үрдістің жалғасуы орынды. Қазір әлеуметтік желілерде неше түрлі пікірді бай­қауға болады. Оның ішінде «Nur Otan»-ға тіл тигізген желі қол­данушылары да бар. Қоғамға іріткі салып отырған азаматтар елге, ұлтқа жаны ашыса, алдымен елдің басын қосатын сөз айту керек. Жалпы, қай мәселеге болмасын түрлі сын-пікірлер айтылады. Бастысы, қолға алған істі абырой­мен атқарған жөн. 
– Сайлау алдындағы сайлауда үміткердің асығы алшысынан түсуі үшін оның бойында қандай қасиет болуы керек деп ойлайсыз? 
– Қазір халықтың санасы оянған. Қоғамда үлкен өзгерістің болатынына сенеді. Сол өзгерістің ортасында ұлтқа жаны ашитын, қаны қазақы, жаны қазақы, елдің ертеңін ойлайтын азаматтар болуы қажет. Елдің жағдайын білетін, халықпен, оның ішінде ауылмен қатынасын үзбеген ұлтжанды адамдар керек-ақ. Сонда солардың асығы алшысынан түседі деп ойлаймын. Біз әлі күнге дейін қазақ тілін мемлекеттік тілге айналдыра алмай жүрміз. Соны қолға алатын уақыт жетті. Жер мәселесіне де түбегейлі нүкте қойылуы керек.
– Праймериз лайықты канди­даттарды таңдауға көмектесетіні белгілі. Бұл, әсіресе жалынды, жігерлі жастарға үлкен мүмкіндік екені сөзсіз. Бұған көзқарасыңыз қандай?
– Әділ,  ашық түрде өтетін болса, халықтың ішінде белсенді азаматтарды іріктейтін бірден-бір жол болмақ. Солай өтетініне сенеміз. Жаңа адамдар, жаңа есімдер қоғамды ілгері бастырудың тиімді жолын ұсынатын жігерлі жастар, тек қана жастар емес, белсенді азаматтар да сайлануы тиіс. Егер де ел ішіндегі позициясы мықты азаматтар осындай шешуші сәтте тартыншақтап, кейін шегініп қалатын болса, оның орнына пысықайлар өтіп кететін болса, онда бұл Парламенттің де ғұмыры ұзақ болмайды. Сондықтан қазір өзгерістер қажет. Партия да сол өзгерістерді халықпен бірге жасауға дайын. Қорыта айтқанда партияның Пар­ламент сайлауына қатысу­шыларды іріктеуі – оңды шешім. – Әңгімеңізге рақмет!  
Сұхбаттасқан  Абылайхан ЖҰМАШ

Похожие публикации

Лента новостей

10.07.21
Коллективу радиостанции «N-S» Холдинга «NUR Media» представили нового руководителя
10.07.21
«NUR Media» холдингінің «N-S» радиосына жаңа басшы тағайындалды
09.07.21
Казахстанцы стали счастливее россиян – мировое исследование
09.07.21
Праймериз «Nur Otan»: соседи начали перенимать успешный опыт Казахстана
09.07.21
Nur Otan алаңында мектептердегі сабақ кестесін өзгерту ұсынылды
08.07.21
В Nur Otan рассмотрели меры по защите прав медработников
07.07.21
Мыңнан астам кездесу: Nur Otan-нан сайланған мәжілісмендер шалғай елді мекендерге аттанды
07.07.21
Nur Otan алаңында кедергісіз қалалық инфрақұрылым құру мәселелері көтерілді
06.07.21
«Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Әлемдік саяси партиялар көшбасшыларының саммитіне қатысты
03.07.21
Комитет партийного контроля Nur Otan признал неудовлетворительной работу Минтруда и Миннацэкономики в рамках программы «Еңбек»
02.07.21
В Nur Otan утвердили Реестр экологических проблем национального и регионального уровней
29.06.21
Благодаря Елбасы главный город Казахстана стал центром ОИС
29.06.21
Nur Otan-да ауыл шаруашылығын субсидиялау мәселелері қаралды
29.06.21
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Қазақстан» әніне бейнебаян түсірілді
28.06.21
Эффективность программ по поддержке молодых предпринимателей рассмотрели в Nur Otan
25.06.21
Nur Otan-да ғылыми-реставрациялық жұмыстардың олқылықтары айтылды
24.06.21
«Nur Otan»-да «Nur Sunqar»-дың қорытындысы шығарылды
24.06.21
В «Nur Otan» подвели итоги «Nur Sunqar»
23.06.21
Меры по стабилизации цен на продовольственные товары рассмотрели в Nur Otan
23.06.21
Нұрлыбек Ожаев Nur Otan партиялық тізімі бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты болды
Все новости

Архив публикаций

«    Август 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Поговорим о сериалах:

Наши партнеры

Наверх