Nur Otan Қызылордада: Басшылықтағы әйелдердің үлесін 30%-ке дейін ұлғайтамыз

«Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы Қызылорда облысына келді. Олар білім және денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының ұжымымен, жастармен және басқа да азаматтармен жүздесіп, ұзын саны 15-ке жуық кездесу өткізді.
Сонымен, өңірдегі кәсіпкер әйелдермен кездесу барысында билеуші партияның таяудағы 5 жылға арналған сайлауалды бастамалары әңгіме арқауына айналды.
«Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша атқарушы, өкілді, сот органдары мен квазимемлекеттік секторда басшылықтағы әйелдердің үлесін 30%-ке дейін ұлғайтуды ниет етіп отырмыз.  Сонымен қатар Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығын құру, әйелдерді жеңілдетілген несиемен және гранттармен қамтамасыз ету секілді істер де жоспарланып жатыр», - деп атап өтті Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Бауыржан Байбек.
Оның айтуынша, еліміздің өңірлері, қалалары мен аудандары бойынша жұмыспен қамту, базалық әлеуметтік қызметтер мен әртүрлі мемлекеттік қолдау шараларына қолжетімділік мәселелерін қамтитын Гендерлік қажеттіліктер картасы әзірленеді.
Жалпы, жеке бизнесін ашу үшін 50 мың азаматқа шағын несие беріледі, оның ішінде жалпы сомасы 250 млрд. теңге болатын несие 42 мың ауылдық азаматқа бағытталады.
Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесуде елдегі демократияның өрістеуіне жол ашатын жауапты азаматтық қоғамды дамыту мәселелері көтеріліп, осы бағыттағы бірқатар ойлар ортаға салынды.
Партия баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Nur Otan» «Жауапты азамат – жауапты қоғам – жауапты мемлекет» формуласы бойынша жалпыға ортақ жауапкершілік тұжырымдамасын ұсынып отыр.
Осыған байланысты нұротандықтар елдегі өзекті мәселелерді бірлесе шешу мен мемлекетті дамыту ісіне азаматтық белсенділерді қарқынды түрде  араластыруды жоспарлауда.
Бұл жұмыстар жүйелі жүруі үшін Жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасы әзірленетін болады. Аталған құжатта ауыл әкімдерін тікелей сайлау, олардың сайлаушылар алдындағы есептілігі, «халық қатысатын» бюджетті ендіру, жергілікті салық пен төлемдер ставкаларын өзгерту құқығы, жергілікті өзін-өзі басқаруды азаматтық қадағалау және тағы да басқа мәселелер қамтылады.
«Біз елімізде саяси диалог жасау мәдениетін жүйелі түрде дамытатын боламыз. Бұл үшін «Қоғамдық бақылау туралы» Заң қабылдау жоспарлануда. Бұл заңда қоғамдық сараптама жүргізу мен бақылау тәртібі, азаматтық бастамалар мен онлайн-петицияларға жол ашу секілді тетіктер көзделеді», - деді партия Төрағасының бірінші орынбасары.
Партия азаматтық қоғаммен бірлесе отырып, экологиялық мәселелерді шешу, табиғатқа аялай қарау мәдениетін күшейту жайына жіті мән беріп, оған маңызды міндеттерінің бірі ретінде басымдық беріп отыр.
Жалпы, өңір халқымен кездесуде ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсету, аграрлық саланы дамыту жайы да көтеріліп, жан-жақты талқыланды.

Похожие публикации

Лента новостей

19.01.21
Нұрсұлтан Назарбаев «Единая Россия» бүкілресейлік саяси партиясының төрағасы, Ресей Федерциясының Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті
19.01.21
Телефонный разговор с Председателем Всероссийской политической партии «Единая Россия», Заместителем Председателя Совета Безопасности Российской Федерации Дмитрием Медведевым
19.01.21
Nur Otan партиясының жеңісіне орай бірнеше елдің басшылары Нұрсұлтан Назарбаевты құттықтады
19.01.21
Президенты Турции, Узбекистана, Азербайджана, Сербии и Хорватии поздравили Елбасы по случаю победы Nur Otan на выборах
19.01.21
Сколько потратили на клубы казахстанской премьер-лиги
19.01.21
С 1 февраля в Казахстане начнется массовая вакцинация от коронавируса
19.01.21
Назиля Раззак: Работы новому созыву Парламента предстоит много
18.01.21
Ұлтының қамын ойлаған ұл
18.01.21
Дәрігер коронавирустың жұғуын 250% арттыратын факторды атады
18.01.21
В Нур-Султане ограничат время работы автобусов
14.01.21
Председатель партии «Nur Otan» принял участие в заседании фракции партии в Мажилисе Парламента
14.01.21
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты
12.01.21
Опубликован список депутатов Мажилиса от партии «Nur Otan»
11.01.21
Нурсултан Назарбаев посетил Республиканский предвыборный штаб партии «Nur Otan»
11.01.21
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабына барды
08.01.21
Nur Otan в Караганде: Создадим 150 тысяч новых рабочих мест
07.01.21
800 жаңа мектеп саламыз: Nur Otan сайлауалды штабы Павлодарға келді
06.01.21
Nur Otan в СКО: Поддержим семьи, переезжающие с юга на север
05.01.21
977 мың отбасыға баспана саламыз – Nur Otan сайлауалды штабы Қостанайда
29.12.20
«80 новых школ». Nur Otan решит проблему трехсменки в Жетысу
Все новости

Архив публикаций

«    Январь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Оцените работу движка

Наши партнеры

Наверх