Nur Otan сайлауалды штабы Шымкентке келді

News«Nur Otan»-ның аймақтарға сапары жалғасуда. Бүгін билеуші партияның Республикалық сайлауалды штабы Шымкентке келді. Шаһардағы медициналық және әлеуметтік қызметтер сапасын көтеру, жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салу, оның ішінде жаңадан қосылған аудандарда құрылыс жүргізу мәселелерін талқылау үшін қала тұрғындарымен бірнеше кездесу өткізді.
«Nur Otan» партиясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдағы 5 жылда Шымкент қаласында сайлауалды бағдарлама аясында 42 мектеп пен 22 медициналық мекеменің құрылысын қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Қала шетіндегі 620 мыңнан астам тұрғын таза ауыз сумен, табиғи газбен және электр энергиясымен қамтамасыз етіледі. Әсіресе, әлеуметтік мұқтаж азаматтарға арналған 3 млн. шаршы метр тұрғын үй салуға баса мән беріледі. Ол үшін 3,5 мың пәтер салынады.

Сапар барысында сайлауалды штаб мүшелері қаладағы бірқатар кәсіпорындарды аралады. Олардың қатарында «AZALA Textile» мақта-мата комбинатына да барды.
Жаңа жұмыс орындарын ашу, еңбек қауіпсіздігі жағдайын жақсарту, өндірістік жарақат алуды азайту және жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілігін күшейту және тағы басқа мәселелер қарастырылды. Жалпы, «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасы аясында Шымкентте 80 мың жұмыс орнын құра отырып, 23 жаңа кәсіпорын ашу жоспалануда.

Шымкент сапары барысында нұротандықтар «Jas Otan»-ның белсенді жастарымен де жүздесіп, оларға үгіт-насихат науқанына аянбай атсалысып жатқандары үшін алғыс білдірді.
Сол күні «Nur Otan» өкілдері Қаратау аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында қала тұрғындарымен ашық әңгімелесті.

Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Бауыржан Байбектің айтуынша, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі іс-қимыл жасау үшін 5 жыл ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметті 100% цифрлық форматқа көшіру жоспарланып отыр. Сонымен бірге халыққа қолайлы болу үшін мемлекеттік органдардың барлық ақпараты бірыңғай жүйеге интеграцияланады.

«Халықпен бірлесе отырып қана біз жемқорлықты жоя аламыз! «Nur Otan» саяси қызметшілердің, соттардың, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, пара берушілер мен пара алушылардың сыбайлас жемқорлығы үшін жазаны қатаңдатуды көздеп отыр. Сыбайлас жемқорлыққа шатылған жандардың квази және мемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салынуын қамтамасыз етеміз. Бұл ретте жемқорлардан тәркіленген барлық мүлік азаматтарымыздың әлеуметтік қажеттіліктеріне бағытталады. «Nur Otan»-ға, яғни нақты істер мен мақсаты айқын партияға дауыс беріңіздер!», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Билеуші партияның сайлауалды бағдарламасымен толығырақ nurotan2021.kz сайтынан танысуға болады.


Похожие публикации

Лента новостей

19.01.21
Нұрсұлтан Назарбаев «Единая Россия» бүкілресейлік саяси партиясының төрағасы, Ресей Федерциясының Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті
19.01.21
Телефонный разговор с Председателем Всероссийской политической партии «Единая Россия», Заместителем Председателя Совета Безопасности Российской Федерации Дмитрием Медведевым
19.01.21
Nur Otan партиясының жеңісіне орай бірнеше елдің басшылары Нұрсұлтан Назарбаевты құттықтады
19.01.21
Президенты Турции, Узбекистана, Азербайджана, Сербии и Хорватии поздравили Елбасы по случаю победы Nur Otan на выборах
19.01.21
Сколько потратили на клубы казахстанской премьер-лиги
19.01.21
С 1 февраля в Казахстане начнется массовая вакцинация от коронавируса
19.01.21
Назиля Раззак: Работы новому созыву Парламента предстоит много
18.01.21
Ұлтының қамын ойлаған ұл
18.01.21
Дәрігер коронавирустың жұғуын 250% арттыратын факторды атады
18.01.21
В Нур-Султане ограничат время работы автобусов
14.01.21
Председатель партии «Nur Otan» принял участие в заседании фракции партии в Мажилисе Парламента
14.01.21
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты
12.01.21
Опубликован список депутатов Мажилиса от партии «Nur Otan»
11.01.21
Нурсултан Назарбаев посетил Республиканский предвыборный штаб партии «Nur Otan»
11.01.21
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабына барды
08.01.21
Nur Otan в Караганде: Создадим 150 тысяч новых рабочих мест
07.01.21
800 жаңа мектеп саламыз: Nur Otan сайлауалды штабы Павлодарға келді
06.01.21
Nur Otan в СКО: Поддержим семьи, переезжающие с юга на север
05.01.21
977 мың отбасыға баспана саламыз – Nur Otan сайлауалды штабы Қостанайда
29.12.20
«80 новых школ». Nur Otan решит проблему трехсменки в Жетысу
Все новости

Архив публикаций

«    Январь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Оцените работу движка

Наши партнеры

Наверх