Nur Otan сайлауалды штабы Түркістанға келді

News«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабы Түркістан облысына келді. 60-қа жуық партия белсендісі, қоғамдық пікір көшбасшылары мен партиялық тізімдердегі кандидаттар өңір аумағының жартысынан астамын қамти отырып, бірнеше кездесу өткізді. Оның ішінде аграршылармен, мұғалімдермен, дәрігерлермен, ерекше қажеттіліктері бар адамдармен және басқа да азаматтармен жүздесті.
Көпбалалы аналармен кездесу барысында әйелдерді әлеуметтік қолдау шаралары талқыланды. Нұротандықтар басқосуда көтерілген мәселелерді тыңдап, бақылауға алды.

«Біздің сайлауалды бағдарламамызда әйелдердің жан-жақты дамуына жағдай жасауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесуге, сондай-ақ ана мен баланы қорғауға баса мән берілген. Бұл үшін бүкіл ел көлемінде Отбасын қолдау және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары желісі құрылады.  Қиын жағдайға тап болған отбасыларға атаулы көмек көрсету күшейтіліп, жыл сайын ЭКО жасауға 7 мың квота бөлінеді», - деп атап өтті Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Бауыржан Байбек.
Кентау қаласында тұрғындармен кездесуде ауылдарды газдандыру, ауыз суға қолжетімділікті қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандар салу және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері көтерілді.

Партиялықтардың айтуынша, азаматтарды толғандырып жүрген көптеген мәселелер «Nur Otan»-ның сайлауалды уәделерінде көрініс тапқан.
Атап айтқанда, партия өңірлерде 50 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын құрып, 125 мың жұмыс орнын ашуға жағдай жасайды. Үш ауысымды және апатты мектептерді жою үшін 12 жаңа мектеп салынады, сондай-ақ ауыл тұрғындары үшін 14 жаңа аурухана мен емхана құрылысы жүргізіледі. 60-тан астам елді мекеннің 150 мыңнан астам тұрғынының ауыз суға қолжетімділігі қамтамасыз етіліп, 200 мыңдай тұрғыны бар 90-нан астам ауыл газдандырылады және т.б.

Сонымен қатар, Түркістан облысының зиялыларымен кездесуде мемлекеттік тіл мен ұлттық мәдениетті ары қарай дамыту жайы әңгіме арқауына айналды.
Ақсақалдардың сұрақтарына жауап бере отырып, билеуші партия Төрағасының бірінші орынбасары Nur Otan жердің шетелдіктерге сатылуына жол бермейтінін баса айтты. Сонымен қатар, партия қазақ тілінде білім беретін мектептер мен балабақшаларды көбейтуге, мемлекеттік тілдің барлық салада қолданылуын кеңейтуге ықпал етпек. Сондай-ақ дәстүрлі мәдениет пен ұлттық спорт түрлеріне қолдау көрсетуді жалғастыра береді.

Ертең құрамы қоғамдық пікір көшбасшылары, партия белсенділері және партиялық тізімдердегі кандидаттардан құралған 400-ге жуық адам кіретін «Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы Шымкент қаласына барады.
216 өңірлік сайлауалды штаб жұмысына еліміздің 7 мыңдай белгілі де беделді азаматтары жұмылдырылған. Олардың қатарында праймериз жеңімпаздары, қоғам қайраткерлері, қызметтегі депутаттар және тағы басқа белгілі азаматтар бар. Онлайн-технологияларды ескерсек, жалпы іс-шаралар кемінде 9 миллионнан астам қазақстандықты қамтиды.

Похожие публикации

Лента новостей

19.01.21
Нұрсұлтан Назарбаев «Единая Россия» бүкілресейлік саяси партиясының төрағасы, Ресей Федерциясының Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті
19.01.21
Телефонный разговор с Председателем Всероссийской политической партии «Единая Россия», Заместителем Председателя Совета Безопасности Российской Федерации Дмитрием Медведевым
19.01.21
Nur Otan партиясының жеңісіне орай бірнеше елдің басшылары Нұрсұлтан Назарбаевты құттықтады
19.01.21
Президенты Турции, Узбекистана, Азербайджана, Сербии и Хорватии поздравили Елбасы по случаю победы Nur Otan на выборах
19.01.21
Сколько потратили на клубы казахстанской премьер-лиги
19.01.21
С 1 февраля в Казахстане начнется массовая вакцинация от коронавируса
19.01.21
Назиля Раззак: Работы новому созыву Парламента предстоит много
18.01.21
Ұлтының қамын ойлаған ұл
18.01.21
Дәрігер коронавирустың жұғуын 250% арттыратын факторды атады
18.01.21
В Нур-Султане ограничат время работы автобусов
14.01.21
Председатель партии «Nur Otan» принял участие в заседании фракции партии в Мажилисе Парламента
14.01.21
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты
12.01.21
Опубликован список депутатов Мажилиса от партии «Nur Otan»
11.01.21
Нурсултан Назарбаев посетил Республиканский предвыборный штаб партии «Nur Otan»
11.01.21
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабына барды
08.01.21
Nur Otan в Караганде: Создадим 150 тысяч новых рабочих мест
07.01.21
800 жаңа мектеп саламыз: Nur Otan сайлауалды штабы Павлодарға келді
06.01.21
Nur Otan в СКО: Поддержим семьи, переезжающие с юга на север
05.01.21
977 мың отбасыға баспана саламыз – Nur Otan сайлауалды штабы Қостанайда
29.12.20
«80 новых школ». Nur Otan решит проблему трехсменки в Жетысу
Все новости

Архив публикаций

«    Январь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Поговорим о сериалах:

Наши партнеры

Наверх