Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы «Jas Otan» жастар қанатының V съезіне қатысты

NewsЕлбасы жастар қанатының мүшелерін «Jas Otan»-ның 20 жылдық мерейтойымен және келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.
Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдары қол жеткізген негізгі жетістіктерге тоқталып, осы жолда үлкен жұмыс атқарылғанын атап өтті.
– Мен бүгінгі таңда күллі қазақстандықтар мақтан тұтатын табыстарымызға жету қаншалықты қиын болғанын жақсы білемін. Өскелең ұрпақ қолда барды қадірлеуге, Отанымыздың әрі қарай өркендеуін ойластыруға, өз елін мақтаныш етуге тиіс. Жастар мүддесі әрдайым менің басты назарымда, – деді «Nur Otan» партиясының Төрағасы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті егемендік жылдары елімізде нақты әрі тиімді әлеуметтік лифттер құрылғанын айтты.
– Менің бастамаммен ел үшін ең күрделі кезеңде іске қосылған «Болашақ» бағдарламасымен 15 мыңға жуық жас қазақстандық білім алды. Бес жыл бұрын Назарбаев Университеті студенттерінің алғашқы легі түлеп ұшты. Осы жылдардың ішінде оқу орнында бес мыңға жуық маман даярланды. Мемлекет іске қосқан әлеуметтік лифттердің арқасында мыңдаған жас қазақстандық табысқа жетті, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
«Nur Otan» партиясының Төрағасы жастар қанатының мүшелеріне пандемия кезіндегі қайырымдылық шараларына және волонтерлік қызметке белсене атсалысқаны үшін зор ризашылығын білдірді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті жастар белсенділігі әрдайым саяси прогрестің қозғаушы күштерінің бірі болғанына назар аударды.
– Қазіргі кезде жігерлі әрі бастамашыл болудың маңызы ерекше. Өйткені біз тез өзгеріп жатқан әлемде өмір сүріп отырмыз. Көпшілікке таныс өмір салты артта қалғаны сөзсіз. Технологиялар мүмкіндіктеріміздің әлеуетін айтарлықтай арттыруда, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы елді дамыту және Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту ісіне жастардың белсене атсалысуының маңызын атап өтті.
– Ел ертеңі мен ұлт тағдыры жастарға тікелей байланысты. Қазіргі ұрпақ заман талабына сай дамып отыруы керек. Бүгін айтылғандардың бәрін менің өсиетім деп түсініңдер, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Elbasy.kz

Похожие публикации

Лента новостей

19.01.21
Нұрсұлтан Назарбаев «Единая Россия» бүкілресейлік саяси партиясының төрағасы, Ресей Федерциясының Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті
19.01.21
Телефонный разговор с Председателем Всероссийской политической партии «Единая Россия», Заместителем Председателя Совета Безопасности Российской Федерации Дмитрием Медведевым
19.01.21
Nur Otan партиясының жеңісіне орай бірнеше елдің басшылары Нұрсұлтан Назарбаевты құттықтады
19.01.21
Президенты Турции, Узбекистана, Азербайджана, Сербии и Хорватии поздравили Елбасы по случаю победы Nur Otan на выборах
19.01.21
Сколько потратили на клубы казахстанской премьер-лиги
19.01.21
С 1 февраля в Казахстане начнется массовая вакцинация от коронавируса
19.01.21
Назиля Раззак: Работы новому созыву Парламента предстоит много
18.01.21
Ұлтының қамын ойлаған ұл
18.01.21
Дәрігер коронавирустың жұғуын 250% арттыратын факторды атады
18.01.21
В Нур-Султане ограничат время работы автобусов
14.01.21
Председатель партии «Nur Otan» принял участие в заседании фракции партии в Мажилисе Парламента
14.01.21
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты
12.01.21
Опубликован список депутатов Мажилиса от партии «Nur Otan»
11.01.21
Нурсултан Назарбаев посетил Республиканский предвыборный штаб партии «Nur Otan»
11.01.21
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабына барды
08.01.21
Nur Otan в Караганде: Создадим 150 тысяч новых рабочих мест
07.01.21
800 жаңа мектеп саламыз: Nur Otan сайлауалды штабы Павлодарға келді
06.01.21
Nur Otan в СКО: Поддержим семьи, переезжающие с юга на север
05.01.21
977 мың отбасыға баспана саламыз – Nur Otan сайлауалды штабы Қостанайда
29.12.20
«80 новых школ». Nur Otan решит проблему трехсменки в Жетысу
Все новости

Архив публикаций

«    Январь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Поговорим о сериалах:

Наши партнеры

Наверх