Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабына барды

Сағат 00:00-де экзит-пол нәтижелері баяндалған жаңалықтар шығарылымы қаралды. Экзит-пол қорытындысына сәйкес «Nur Otan» партиясы сайлаушылардың 71,97 пайыз дауысын жинады.
– Баршаңызды «Nur Otan» партиясының айқын жеңісімен құттықтаймын. Экзит-полдың алдын ала нәтижелері қазақстандықтар еліміздің әрі қарай дамуын біздің партиямызбен байланыстыратынын көрсетті. Сайлаудың ел тәуелсіздігінің отыз жылдығымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар. Осы уақытта орасан зор жұмыс атқарылды. Ең бастысы ­– жаңа ауқымды мақсаттарға қол жеткізу үшін берік негіз қаланды, ­– деді Елбасы.
«Nur Otan» партиясының Төрағасы сайлауалды үгіт-насихат науқаны мен сайлау пандемия және соның салдарынан туындаған экономикалық дағдарыс жағдайында өткенін айтты.

– Әлемде коронавирус індетіне шалдыққандар саны артуда. Дүниежүзілік банк әлемдік экономиканың құлдырауы мен жұмыссыздық өседі деп болжап отыр. Бұл жағдайда біртұтас саяси күштің айналасына топтасқан қоғам ғана жеңіске жетеді, ­– деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі жетістік жұмыла атқарылған жұмыс пен партияның әрбір мүшесінің еселі еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті.
– Баршаңызға атқарылған жұмыс үшін ризашылығымды білдіремін және тек жақсылық тілеймін. Науқан тиімді әрі нәтижелі өтті. Партия қатары жаңарды. Халық арасында беделі биік жаңа көшбасшыларымыз бар. Әр ауданның, қаланың, облыстың дамуы үшін халықтық бағдарламалар әзірленді, – деді партия Төрағасы.

Елбасы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы Бес институционалдық реформаның, соның ішінде Мемлекет басшысының халыққа жолдауында берген тапсырмаларының жалғасы екенін айтты.
– «Nur Otan» партиясының басты мақсаты – халықтың тұрмысын жақсарту және елдігімізді нығайта беру. Ел болып біріге білсек, алынбайтын асу жоқ. Басымызға түскен қиындықтарды біз әрдайым бірге еңсеріп, жетістіктерге бірлесе жетеміз. Баршаңызды партиямыздың бүгінгі жеңісімен құттықтаймын, – деді Елбасы.
Еlbasy.kz

Похожие публикации

Лента новостей

26.02.21
Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалап көмек көрсетті
26.02.21
Казахстан в ООН: Мир – Безъядерная зона
25.02.21
Қазақ спорты: отыз жылдың олжасы қандай?
25.02.21
30 лет Независимости: новый взгляд на историю
25.02.21
Председатель партии «Nur Otan» принял Бауыржана Байбек
24.02.21
Адамзатты «ақырзаман қаруынан» құтқарған ел
24.02.21
Министры проводят онлайн-прием граждан в партии Nur Otan
24.02.21
Nur Otan қазақстандықтар үшін министрлермен онлайн-кездесулер ұйымдастырды
22.02.21
В Nur Otan разработали детальный план развития южных регионов
18.02.21
Nur Otan еліміздің солтүстік өңірін дамытудың Жол карталарын бекітті
17.02.21
Коррупционеры грабят тех, кто не может защититься, детей и больных - РОСПК «Nur Otan»
17.02.21
Жемқорлар қорғансыз жандарды, балалар мен науқастарды тонайды – «Nur Otan»
12.02.21
Фракция «Nur Otan» в Мажилисе приступила к работе в рамках «Дорожной карты» по реализации Предвыборной программы партии
12.02.21
Мәжілістегі «Nur Otan» фракциясы сайлауалды міндеттемелерді іске асыру бойынша «Жол картасын» талқылады
03.02.21
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
03.02.21
Заседание Совета Безопасности Республики Казахстан под председательством Первого Президента РК – Елбасы Нурсултана Назарбаева
01.02.21
Депутаты Мажилиса от фракции «Nur Otan» и министры примут казахстанцев
01.02.21
Министрлер мен депутаттар арыз-шағымы бар азаматтарды қабылдайтын болды
28.01.21
Республиканская общественная приемная партии «Nur Otan» возобновляет прием граждан
28.01.21
«Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі азаматтарды қабылдауды қайта бастайды
Все новости

Архив публикаций

«    Март 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
Оцените работу движка

Наши партнеры

Наверх